Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері



бет28/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
3.2. Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері

(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде Ресей Федерациясының Азаматтық кодексіндегі (525, 532-баптар) мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды тікелей белгілейтін нормалар жоқ. Біздің заңнамалық шешім неғұрлым ұтымды болып табылады. Оған сатып алу-сату туралы барлық жалпы ережелер қолданымды болып келеді. Бұл қатынастар таза азаматтық-құқықтық болып табылады. Бұл есепте пікірталастық көзқарастар да бар.


Дегенмен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 1-бабында Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы «Заңға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тапсырысшы мен өнім беруші арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт» деп тура көрсетілген.
Осыған байланысты қазіргі кезенде Қазақстанның цивилистикалық ғылымында қалыптасқан пөзицияны келтіруге болады: Менің көзқарасым бойынша шарттын екі түрін ажыратуға болады:
1) жеке құқықтық (азаматтық-құқықтық);
2) көпшілік-құқықтық, тек тең құқықты субъектілер, мемлекеттер (халықаралық шарт), әкімшілік-аймақтық қалыптасуда-ішкі мемлекеттік шарт, министрліктермен-әкімшілік шарт арасында ғана пайда болады. Қалғанының барлығы азаматтық-құқықтық шарттар М.Қ.Сүлейменов мұнда мемлекет ұйым немесе азаматтармен қатынаста биліктік өкілеттікті қалыптастырған кезде шарттық қатынастар болмайды деп көрсетеді.
Қарастырылған жағдайда мемлекет, әкімшілік аймақтық бірліктер, мемлекеттік органдар заңды және жеке тұлғалармен қатынасқа тең құқылы субъектілер ретінде қатысады, аталған қатынасқа (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 2-бабының 1-тармағында бекітілген шарт бостандығы мен азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендік қағидаттарының әрекеті таралады. Сондықтан мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізу бойынша қатынастар бүтіндей және толығымен сатып алу-сатуды және тауар жеткізілімін реттейтін жалпы ережелерге негізделеді. Бұл материалдардың артық қайталауынан босатады және аталған шарттың тек ерекше мазмұнына назар салуға мүмкіндік береді. Олар негізінен шартты жасасу рәсімінде болып келуді және тек біршама көлемде ғана осы шарттық құқықтық қатынастардың мазмұнында көрінісін табалы.
Бұл шарттың тағайындалуы өзінің атауынан-ақ көрініп тұр. Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізудің жеке-құқықтық тетігі арқылы өзінің көпшілік-құқықтық функцияларын жүзеге асыру үшін экономикалық негізін құрады. Мемлекет аталған жағдайда билік аппараты, саяси егеменді субъект ретінде өз қалыптасуын қамтамасыз етеді. Одан басқа арнайы құрылымдары арқылы өз әлеуметтік-экономикалық саясатып жүргізеді. Мемлекет оның басқа міндеттерінде мысалы қорганыс міндетінде дәл осылай жүргізеді. Осы ескеріліп мемлекеттік сатып алумен байланысты қатынастар арнайы нормативтік реттеумен қамтамасыз етіледі. 1999 жылғы 16 шілдесіндегі Мемлекеттік сатып алу туралы «Заңның орнына 2002 ж. 16 мамырында дәл осы атаумен Заң қабылданды. Ол бұрын ескертілген Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа мемлекет экономикасы саласында қалыптасқан қазіргі замандық құбылыстарға бейімделген. Онда мемлекеттік мүдделерге неғұрлым ынталы назар аударылады. Мұндай байланыста Мемлекеттік сатып алу туралын» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекет (тізімі заңмен анықталған, басқа да тұлғалар) қатысуымен сатып алу жүргізілетін жетілдірілу дәрежесі жоғарырақ тетігін ұстанады. Мемлекеттің сатып алу тиімділігі өсу үшін, сәйкес құқықтық мүмкіндіктер де кеңейтілген.
Мемлекеттік сатып алу процесінін мемлекеттік реттеу принципі заңмен бекітілген. Ол төмендегілерге негізделеді:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны қолайлы және тиімді жұмсауға;
2) мемлекеттік сатып алу барысында қатысу үшін барлық болжанымды жеткізушілерге тең мүмкіндікті ұсынуға;
3) болжамды жеткізушілер арасында адал бәсекеге;
4) мемлекеттік сатып алу барысының жариялығына. Мемлекеттік сатып алу барысының өзі тиымдылау болып қарастырылған.
Заңнамаға сәйкес өкілетті орган оның көмегімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын әдісті тікелей (өз бетімен) анықтайды. Бұның алдында сатып алынатын тауарлардын көлемі мен атаулары бекітіледі (қалыптастырылады).
Мемлекетгік сатып алу процесінде жеткізушіні таңдауға және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты бекітуге, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуына көпшілік назар бөлінеді (аударылады). Соңғы айқындаған буын аса маңызды болып табылады. Әрине, мемлекеттік сатып алу бойынша шарттын орындалуы мемлекеттік сатып алудың бөлек кезеңі болып келетіні туралы заңның қысқаша тұжырымдамасы ештеңені бір уақытылы өзгертпейді. Дегенмен, аталған құқықтық қатынасты жүзеге асырған кезде оларды қамтамасыз ететін шарттардың шынайы, тиісті орындалуы қажет екені туралы түсінушілікке келу қажет. Одай болмаған жағдайда, бұл салада заңнаманы жетілдірудің мәні елеулі төмендейді. Осы қағидалы мақсатгарға жету үшін, қандай шаралар қарастырылатына қысқаша тоқталайық. Олардың көмегімен мемлекеттік сатып алулар жүргізілетін әдістердін тізімі кеңейтілген. Мемлекеттік сатып алудың заңды бекітілген әдістері мемлекеттін толық құқылы органдарына нарық жағдайын неғұрлым тура есепке алуға мүмкіндік береді. Қазір мемлекеттік сатып алуды келесілер арқылы жүргізуге болады:
1) ашық кондиплом;
2) жабық кондиплом;
3) баға ұсыныстарына сұраныс жасау арқылы (сатушыларды) жеткізушілерді тандау;
4) бір көзден сатып алу;
5) ашық тауар биржалары арқылы сатып алу.
Мемлекеттік сатып алудың бесінші әдісі жаңа болып келеді. Мемлекеттік сатып алумен байланысты субъектілердің (олар қатарының) ерекшелігі орын алады. Қазір заннама кім осы тиісті қатынас субьектісі болып келеді дегенді анықтауға неғұрлым мұқият қарайды. Бұл мемлекеттік сатып алу шартына сатып алушы ретінде қатыса алатын субъектілер аясын кеңейтумен жасалған. Енді мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелерден басқа мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен бірге акцияның бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар да сатып алушы бола алады (мемлекеттік сатып алу барысында). Бұдан басқа, егер жоғарыда айтылған занды тұлғалармен байланысты субъектілер (занды тұлғалар) сатып алу-сату шарттарын сатып алушы ретінде жасаса, онда сатып алулар мемлекеттік болып бағаланады. Осындай шартты жасасатып тұлғалар тапсырысшылардың аффирленген тұлғалары болып аталады. Олар дегеніміз акцияларының 50 және одан көп проценті (қатысу үлесу) бір немесе өзге тапсырысшыға жататын (басқаруға берілген) заңды тұлғалар. Аффирленген заңды тұлға да өзі тікелей сатып алушы ретінде әрекет ете атады.
Заңды және жеке тұлға шарт бойынша сатушы (тауар беруші, жеткізуші) бола алады. Көптеген жағдайларда кәсіпкерлік қызмет субъектілері тауар беруші болады. Занды тұлғаның жеке немесе мемлекеттік меншік нысанында негізделуі ешқандай мәнге исмденбейді. Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын да тауар беруші бола алады. Бірақ мемлекеттік кәсіпорындар тек занды қарастырылған жағдайларда ғана тауар берушілер бола алады. Қазақстан Ресиубликасының сатып алу туралы заңында тауар берушінің аффирленген тұлғасы тауар берушіге (болжамды тауар берушіге) түсініктеме берілген. Оларға сол немесе басқа болжамлы тауар берушілердің қабылдаған шешімдеріне, соның ішінде тауар немесе басқа мәмілеге байланысты әсер ететін және (немесе) шешімді тікелей (немесе) жанама анықтауға құқы бар кез келген жеке занды тұлға жатуы мүмкін. Керісінше болжамды тауар берушінің де сол тұлғаларға қатысты аталғандай құқықтары болса, онда соңғылары аффирленген тұлғалар қатарында болады. Байланыстар мінезін сипаттайық. Тауар беруші және оның аффирленген тұлғасы консорциалды келісімдердің қатысушылары болып табылуы мүмкін, бір занды тұлға (болжамды тауар беруші немесе оның аффирленген тұлғасы) екінші-еншілес занды тұлғаның құрылтайшысы ретінде әрекет етеді т.б. Тауар берушінің аффирленген тұлғасы ретінде «Мемлекетті сатып алу туралы» Заңынын 7-бабы 1-тармағында аталған субъектілерді де қарастыру қажет. Олар мемлекеттік сатып алу барысында бір уақытылы тапсырысшының да мүддесін бір уақтылы өкіл етуге құқылы емес. Бұдан басқа тауар беруші (болжамды тауар) жеткізуші және оның аффирленген тұлғасы мемлекеттік сатып алу барысында бір конкурета, бір зат ретіндегі саудада қатыса алмайды. «Мемлекетгі сатып алу туралы» Заңының 8-бабында болжамды тауар берушілерге қойылатын арнайы талаптар анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет