Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


-бап. Берiлген тауардың кемшiлiктерiн анықтау



бет15/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

430-бап. Берiлген тауардың кемшiлiктерiн анықтау
мерзiмдерi

    1. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауар кемшiлiктерi осы бапта белгiленген мерзiмде анықталған жағдайда сатып алушы оның кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоюға құқылы.

    2. Егер тауарға кепiлдi мерзiм немесе жарамдылық мерзiмi белгiленбесе, сатылған тауардағы кемшiлiктер қисынды мерзiмде, бiрақ тауардың сатып алушыға берiлген күнiнен бастап екi жыл шегiнде табылған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiм белгiленбесе, сатып алушы тауардың кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоя алады. Тасымалдануға немесе почта арқылы жөнелтiлуге тиiстi тауардың кемшiлiктерiн анықтауға арналған мерзiм тауардың жеткiзiлетiн жерiнде алынған күнiнен бастап есептеледi.

    3. Егер тауарға кепiлдi мерзiм белгiленсе, сатып алушы кепiлдi мерзiм iшiнде тауардың кемшiлiктерiн тапқан кезде тауардың кемшiлiктерiне байланысты талаптар қоюға құқылы.

Шартта негiзгi бұйымға қарағанда жиынтықтаушы бұйымдарға ұзақтығы қысқа кепiлдi мерзiм белгiленген жағдайда сатып алушы негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде кемшiлiктер табылған кезде жиынтықтаушы бұйымның кемшiлiктерi туралы талаптар қоюға құқылы.
Егер шартта негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiмге қарағанда жиынтықтаушы бұйымға ұзағырақ кепiлдi мерзiм белгiленсе, сатып алушы негiзгi бұйымға белгiленген кепiлдi мерзiмнiң өткенiне қарамастан, жиынтықтаушы бұйымның кемшiлiктерi оған белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде табылса, тауар кемшiлiктерi туралы талаптар қоюға құқылы.
4. Егер кемшiлiктер тауардың жарамдылық мерзiмi iшiнде табылса, сатып алушы жарамдылық мерзiмi белгiленген тауарға қатысты тауардың кемшiлiктерi туралы талаптар қоюға құқылы.
5. Шартта көзделген кепiлдi мерзiм екi жылдан кем болып, сатып алушы тауардың кемшiлiктерiн кепiлдi мерзiм өткеннен кейiн, бiрақ тауардың сатып алушыға берiлген күнiнен бастап екi жыл шегiнде тапқан жағдайда, егер сатып алушы тауардың кемшiлiктерi тауар сатып алушыға берiлгенге дейiн немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, сатушы жауап бередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет