Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


Тауар жеткізілімі шартының элементтері



бет23/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

Тауар жеткізілімі шартының элементтері. Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер келеді. Сатушы тауар беруші жағында тауар жеткізілімі шартында ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан әрбір коммерциялық заңды тұлғалар және заңды тұлға құрамаған, жеке мен ұжымдық кәсіпкерлер қатысады.
Тауар беруші коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметін коммерциялық емес занды тұлғаның бір немесе өзге түрі үшін рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет шегінде жүргізеді. Сатып алушы болып тауарды өзіне (күнделікті) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кез-келген субъектілер табылады. Мемлекет тауар жеткізілімі қатынастарында сатып алушы ретінде ғана қатыса алады.
Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Тауар жеткізілімі шарты кейбір жағдайларда азаматтық айналымда шектелген мүлікті өтеулі түрде өткізуді көздейді. Қару-жарақ және айналымнан алынған басқа мүліктердің жеткізілуі азаматтық-құқықтық нормаларымен емес басқа құқықтық тетігімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің пәні болып табылатын заттар тектік белгілерімен айқындалуы мүмкін, бірақ шарт орындалған кезінде олар басқа тауарлық массадан бөлініп жеке сипаттар арқылы анықталатын мүлікке (заттарға) теңестіріледі. Шарт пәні заты алғашқы шарт жасасқан кезде де жеке сипаттарымен айқындалатын зат бола алады.
Азаматтық құқықтық нормалары тауар жеткізілімін қатынастардың белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипаттауына жатады, тауар жеткізілімін мәніне қарай айтуға болады, тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық және азаматтық құқықтың объектілері бола алмайды.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келісілген көлемінде, түр-түрі және жиынтықтылығына (жиынтығы) сәйкес, бекітілген сапасына, үшінші тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.
Сатушы шартта бекітілген өнімнің (тауардың) санын беруге міндетті, яғни тауар жеткізілімі шартында тауардың санының жалпы ережелері толық қолданылады. Жеткізілетін өнімнің саны жүк тиеу вагондарының, контейнерлердің орнының санына байланысты шартты есептелуі мүмкін. Жеткізілетін өнімнің (тауардың) саны белгіленгенде таразылаудың, өлшеудің туралығымен байланысты тәжірибелік қиындықтар бар болып келеді. Үлкен санында аз емес килограмдар ал кейбір кезде өнімнің тонналары жеткізілмейді немесе тауарлар санына сәйкес қабылдаған жағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгіленген тауардың саны және сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылық орын алады.
Сатушы шартпен келісілген өнім көлемін беруге байланысты міндетін қандай мөлшерде орындағанын бағалағанда, табиғи азаюынын, құрғап кетуінің және ұқсас жоғалуларын есепке алу үшін бағытталған түзету коэффициенттерін қолданады. Жеткізілген тауардың көлеміндегі мүмкін болатын өзгерістер шарттың өзінде қарастырылуына болады. Басқа шешім, өткізілетін тауарлар көлемін анықтаудың туралығын жоғарылатуда.
Тауар жеткізілімінің жекелеген кезеңінде тауардың жетіспеуіне жол берген тауар беруші жетіспейтін тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзімі шегіндегі келесі кезенде (кезендерде) орнын толтыруға міндетті. Ұзақ мерзімді шарт бойынша жекелеген тауар жеткізілімі кезеңінде кем берілген тауарлардың саны, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарлардың жетіспеуіне жол берілген жыл ішіндегі келесі кезеңде (кезендерде) сатушымен (тауар берушімен) орны толтырылуға тиіс (соған жол беріледі).
Тауар беруші шартта немесе сатып алушының тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бірнеше алушыға тауарларды тиеп жөнелткен жағдайларда алушының біреуіне шартта немесе тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жіберілген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетіспеушіліктерді өтеуге есептелмейді және тауар беруші оның орнын толтыруға тиіс.
Жеткізілетін өнімнің сапасы стандарттарға, техникалық жағдайларға, үлгілерге, техникалық бейнелеуге немесе шарттың жағдайына сәйкес болуы керек. Тараптар шартта жеткізілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптарды анықтауы керек. Егер стандарттарда немесе техникалық жағдайларда кепілдік мерзімдер бекітілмесе, олар шартта анықталуы мүмкін. Стандартпен немесе техникалық жағдайлармен қамтылғанға қарағанда, тараптар, кепілдік мермізді көп ұзақты етіп орнатулары мүмкін. Жеткізілетін тауарлардың көлемі елеулі болғандығын, сапасыз тауарды берген жағдайларда сатып алушының құқықтарына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 428-бабының барлық ережелерін пайдалану қолайсыз, бірақ, жағдайға байланысты олар тауар жеткізілімінің қатынастарына қарай жеке бөлшектеріне немесе элементтеріне пайдалануы мүмкін.
Өнім тапсыру туралы Ереженің 13-тармағына сәйкес, сатып алушы шарттағы жағдайларға сәйкес келмейтін өнімді алуға бас тартуына құқылы. Шарт жағдайларының бұзылғаны жөнінде қарсылық болмаса және сатып алушы шарт жағдайлары бұзылып тапсырылған өнімді қабылдап оны тікелей мақсатында пайдаланса, қабылданған өнім міндеттемені орындаудың есебіне кірістіріледі. Егер сатып алушы өнімді қабылдап, сатушыға бір тәулік мезгілде оны қабылдауға келіспегенін хабарласа, онда мұндай есеп жүргізілмейді. Осы орын алса, сатушы сол мезгілде есепке жатпайтын өнімді қайтаруды талап етуге құқылы. Мысалы, өндіруші өз өнімін жеткізуге бірқатар шарт жасады, бірнеше кредиторлардың алдында міндеттеменің орындалуына кедергі қаупі бар. Бірақ сапаға байланысты үлкен талаптарға сай емес өнімді қайтарып, ол басқа сатып алушының алдында жеткізілімге байланысты міндетін өз уақытында орындауына болады, сөйтіп ол бір жағдайда болсын өзін жауапкершілік шарасы қолдануынан құтқара алады. Тауарды алып кетпей-ақ жайылуы мүмкін, тауарды қабылдау кезінде немесе кепілдік мерзім кезеңдерінде айқындалған өнім кемістіктері сатып алушымен немесе сатып алушының талабымен тауар жеткізушімен жойылуы мүмкін (өнім тапсыру туралы Ереженің 14-тармағы). Сонымен, тауар жеткізілім шарты бойынша сатып алушыға жойылатын кемістіктері бар өнімді қабылдаудан бас тартуына кұқық берілмейді. Сырттай, бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 428-бабының ережелеріне қайшылық болып келеді. Бірақ шын мәнде қайшылық жоқ. Өнім тапсыру туралы ереженің аталған нормасы, сатып алушыда оған сапасыз тауар берілгенше байланысты пайда болатын құқықтарын жүзеге асырудың арнайы тәртібін қарастырады. Кәсіпкерлік шартындағы бір-бірінің қатынасына байланысты бірдей жағдайда болатын тараптардын мүддесін есепке алу қажет, екі тарап кәсіпкерлік қауіп-қатерде болады, бір тараптын мүддесі екінші тараптың мүддесін оған зиян келтіретіндей асып кетпеуі қажет. Бұл жағдайда формальды дұрыс емес тарапты бұрышқа тықпайтын өте әділетті және икемді соттық тәжтрибесі қалыптасуы керек.
Тауар беруші сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап кемістіктерді жиырма күн ішінде жою немесе осы мерзім ішінде сапасы бар өнімге ауыстыруға міндетті. Егер кемістіктер тауар берушінің кінәсі бойынша пайда болса, сатып алушы өнімнің жойылым кемістіктерінен бас тартуға құқылы. Егер сатып алушы кемістіктерді өзі жойса, тауар беруші жойылған кемістіктерге кеткен шығындарды өтейді. Сатып алушымен немесе тауар берушімен кемістіктер жойылған кезінен бастап, өнім жеткізілген болып есептеледі. Жарамсыз өнім төленбейді, тауар жеткізілімі міндеттерін орындау есебіне жатқызылмайды.
Шартқа, стандарттарының талабына немесе техникалық жағдайларына сәйкес жеткізілетін өнімнің таңбалануы қажет. Өнімде немесе тауардың буып-түюінде тауарлық белгісі болуы керек. Егер стандарттарда көзделсе, өнім тауарлық белгісіз де жеткізіледі. Тауарларға тауарлық белгілер жазылуы тиіс.
Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілген жағдайда сатып алушы оны толымды жиынтықтауға міндетті. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиісті тауарға ауыстыру жиырма күн ішінде жасалу керек. Өнімді жиынтықтың жеке бөліктермен жеткізілуі шартта көрсетілуі мүмкін. Әдетте, тауар жеткізілім шарттарында шарттың қолданылу мерзімі ішінде тауарлардың жекелеген топтармен жеткізілуі көзделуі мүмкін. Сонымен сатушы тауарды бірден емес, мезгіл-мезгіл беруге міндетті. Осыған байланысты кезендердің өзінің белгілері жоғары маңызды бола алады. Соларға сәйкес сатушының міндеттері орындалуы керек. Егер шарттын өзі осыларды анықтамаса, кезендер іскерлік айналым дағдыларымен белгіленбесе, тауарлар ай сайын біркелкі топтармен жеткізіліп отыруға тиіс. Жеткізілімнің цикльдік талаптарына жеткізілімді кезеңдері қатысты. Тауар жеткізілімі кезеңдерін айқындаумен қатар, тауарлар жеткізілімі кестесі белгіленуі мүмкін. Тауар жеткізілімінің кестесі тауарларды жеткізу міндеттерін орындауды белгілі күнмен немесе тиісті уақыт аралығымен, уақыт сәтімен анықтайды.
Тауар жеткізілімінің он күндік, тәултктік, сағаттық және басқа да кестелері бекітілуі мүмкін. Шарттың міндеттемелердің орындау күні болып өнімді тауар беруші көлік органына берген, немесе тауар берушінің қоймасында тауарларды алғаны туралы сатып алушының тауарларды қабылдаған қолхатында белгіленген күні есептеледі.
Тауар жеткізілімі мерзімінен бұрын жасауға сатып алушының келсімі болғанда жол беріледі.
Мерзімінен бұрын жеткізілген және оларды сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесі кезенде жеткізілетін тауарлардың санына есептеледі.
Тауар жеткізілімі шартында сатушы сатып алушыға тауарды беру тәртібі өзгешелік болып табылады. Егер тауар жеткізілімі шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды (өнімді) сатып алушыға, немесе шартта алушы ретінде белгіленген өзге тұлғаға теміржол арқылы немесе өнімді автомобиль көлігі мен тиеп жіберуге міндетті. Яғни, жалпы тәртіп бойынша сатушы тауарды сатып алушыға жеткізуге міндетті. Егер шартта жеткізіп беру көлтктің қандай түрімен және қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны белгіленбесе, онда заң актілерінен, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, көліктің таңдау құқығы немесе тауарларды жеткізу жағдайларын белгілеуі тауар берушіге жатады.
Үшінші тұлғаларға тауарларды тиеп-жөнелтуге шартта тауар берушіге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуі туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделгенде мүмкін болады. Немесе шартта тікелей (алдын ала) тауар үшінші тұлғаға тиеліп жіберілетіні көрсетілуі мүмкін.
Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушіге жіберудің мерзімі шартта белгіленеді. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жіберу көзделмесе, ол жеткізілім кезеңі басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей тауар берушіге жіберілуі тиіс. Сатып алушының осы (тиісті) мерзімде сатушыға (тауар берушіге тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазын бермеуі сатушыға шартты орындаудан бас тарту құқығын береді. Өзгешелік шарттың өзінде қарастырылуы мүмкін.
Тауар жеткізілімі шартында үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру міндеті сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен реттеледі.
Тауар жеткізілімінің шарты ыдыс және буып-түюге қойылатын талаптарымен ерекшеленеді. Өнімнің ыдысы буып-түю стандарттар және техникалық жағдайларының талаптарына сәйкес болуы тиіс, тасымалдау кезінде тауарларды сақтауға мүмкіндік туғызу керек. Ыдысқа немесе буын-түюдің көп айналымды құралдарына стандарттардың немесе техникалық жағдайлардың нөмірлері және индекстері шатта көрсетіледі. Шарттармен күшінде болып келетін ережелермен қарастырылған жағдайларда өндірушілер (тауар берушілер) көп айналымды буып-түю құралдарын және арнайы контейнерлерді қолдануға міндетті.
Сатушыда ұйымдастыру-техникалық сипаты (мәні) бар міндеттер де жатыр, жалпы сатушының негізгі міндеттеріне олар қосалқы болып келеді. Жеткізілген кезде тауарды сақтау мақсатында және алушылармен оларды дұрыс, дер кезінде қабылдау жағдайларын тудыру үшін тауар беруші міндетті.
а) таураларды буып-түю, тиеу, бөлек жерлерге (орындарға) белгі салу, оларды пломбалауға байланысты бекітілген тәртіптерін сақтауға;
б) тиелген жүктің нақты санын анықтауға (салмағын, орын санын, жәшіктерін, байламдарын, бумаларын, будаларын және т.б);
в) буып-тиелген тауарларды тасыған кезде стандарттармен немесе техникалық жағдайлармен өзге міндетті тәртіптермен қарастырылған құжаттарды (буып-түю үстіндегі белгіні, буманың тізімін ж.б.) әрбір тиелетін орынға қоюға (бұл құжаттар белгілі орында болып келетін тауарлардың атауын және санын анықтауға мүмкіндік береді);
г) стандарттармен, техникалық жағдайлармен, сызбалармен, рецептуралармен, үлгілермен қарастырылған талаптарға сапасымен, жиынтықтылығымен сай тауарларды тапсыруға;
д) тауардың сапасын және жиынтықтылығын білдіретін құжаттарды т.б. техникалық құжатты, сертификатты және тиеп жөнелтуге және есептеуге байланысты құжаттарды дұрыс толтыруға, осы құжаттарда көрсетілген тауарлардың санын, сапасын және жиынтықтылығын білдіретін мәліметтердің нақты берілетін тауарлардың санына, сапасына, жиынтықтылығына сәйкестігін қамтамасыз етуі, бекітілген тәртіппен алушыға осы құжаттарды өз уақытында жіберуі керек;
е) егер шартта өзгеше қарастырылмаса, тауарлармен бірге олардың сапасын және жиынтықтылығын растайтын құжаттарды жіберуге. Стандарттармен, техникалық жағдайлармен, басқа да тараптарға міндетті тәртіппен және шартпен қарастырылған жағдайда, тауар беруші тиелген жердегі тауарларды тасыған кезде әрбір тиелген орнына сол тауардың түрі және сапасын сипаттайтын құжатты қою қажет.
Тауар берушінің негізгі құқықтары болып жіберілген тауарды қабылдау және оның ақысын төлеуді талап ету келеді. Осымен байланысты, сатушыға жедел (күнделікті) шараларын сатып алушыға пайдалануына құқық беріледі. Есептік тәртіпті бұзған кезде (сатып алушыны алынған өнімге ақы төлеуден толық немесе жартылай бас тартса) тауар беруші тәртіпсіз төлемшіні аккредетивтік есеп нысанына немесе үш ай мезгілге өнімнің ақысын алдын-ала төлеуге, сатып алушыға осы жөнінде хабарлап, аударуына құқы бар. Егер жеткізілім мезгілі уақытында, сатып алушы аккредетивті шығармаса немесе алдын-ала өнімге ақы төлемесе, сатушы оны өз қарауымен өткізуіне құқылы.
Егер, аккредетив қойылу немесе алдын-ала төлеу жолдарымен өнімді сату қарастырылса, ал сатып алушы өз міндетін орындамаса, онда тауар беруші (сатушы) өнімді жеткізбеуіне құқы бар. Тағы да, өнімді жеткізбеудің негізі болып уақытылы өнімді тиеп жіберуге рұқсат қағаз берілмесе, немесе егер оны беру шартпен қарастырылса және оны беру кезінде шарт жағдайлары бұзылса.
Осы екі жағдайда сатушы онда тауар барлығына кепілдік бере тұра сатып алушының өнімге ақы төлеуін, талап етуге құқылы.
Тауар жеткізілімі шарты бойынша сатып алушының негізгі міндеттері сатушының құқықтарына сәйкес және тауарды қабылдап, оған ақы төлеу міндеттерінде тұр. Тауар жеткізілімі шартында сатып алушының тауарларды тауар берушінің орналасқан жерінен алуы (тауарларды сұрыптап алу) көзделуі мүмкін. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 468-бабына сәйкес бекітіледі. Егер шартта тауарды сұрыптап алу мерзімі көзделмесе, сатып алушы бұны тауар берушінің тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейін қисынды мерзімде жүзеге асыруы тиіс. Сатып алушының шартта белгіленген тауар жеткізілімі мерзімінде, ал ол болмаған кезде тауар берушінің тауарлардың дайын екендігі туралы хабарын алғаннан кейін қисынды мерзімде тауарларды сұрыптап алмауы тауар берушіге шартты орындаудан бас тартуға немесе сатып алушыдан тауарларға ақы төлеуді талап етуге құқық береді.
Тауар жеткізілімі шартының кәсіпкерлік мінезі өнім тапсыру туралы Ереженің 23-тармағында көрсетілген нормасының мазмұнында анық байқалады (бұл ереже кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа заңнамадан едәуір ерте қабылданғанына қарамастан). Егер өнімнің жеткізілімі мерзімінен өтіп кетсе, онда сатып алушы оны қабылдаудан бас тартуға құқылы. Тауарды берушімен тиеп жөнелтудің алдында бас тарту жөнінде хабарлама берілуі тиіс. Егер тиеп-жөнелткеннен кейін сатып алушы одан бас тартса, онда ол оны қабылдауға және оған ақы төлеуге міндетті. Сонымен, сатып алушыға өзінің құқықтарын бұзғанына дер уақытылы назар аудару бойынша міндеттер жүктеледі, егер ол осыны жасамаса, онда белгілі салдарын өтейді.
Жеткізілім жөнінде қатынастарды реттейтін нормалар тауарды қабылдауға байланысты қосымша талаптардың қатарын алдына қояды. Қабылдау жөніндегі нақты әрекеттерден басқа, сатып алушының міндеті жеткізілген тауарды сапа және саны бойынша тексеруге байланысты қосымша әрскеттер қатарын қамтиды. Қабылдау жөніндегі талаптар сатып алушыға тауарды жеткізу тәсіліне байланысты өзгешеленеді.
Тауарды қабылдау жүзеге асырылады:
а) алушының қоймасында - тауарды сатушы әкелгенде;
б) сатушының (тауар жеткізушінің) қоймасында тауарды алушымен өзі алып кететін болса;
в) пломбаланған көлік құралдарынан және контейнерлерінен жүк түсіру орындарында немесе пломбалағандарды ашу жерлерінде немесе көлік органдарының қоймасында тауарды теміржол, әуе жолы, су және автокөлік органдарымен жеткізіп бергенде іске асырылады.
Алушының (сатып алушының немесе өніммен көрсетілген үшінші тұлғамен) қоймасына тауар сатушымен жеткізілетін кезде, орын саны және заттың ыдысымен бірге салмағы (брутто) тексеріледі. Сатып алушы ықыласына байланысты ыдысты ашуды және тауардың ыдыссыз салмағын (нетто), әр орындағы ыдыс саны көлемін, олардың санымен жиынтықтылығын тексеруін талап ете алады. Практикада бұл өте сирек кездеседі, яғни жеткізілген тауардың анық санын есептеу өте көп еңбекті, ол үшін белгілі себеп, алғы шарт болу керек.
Мысалы, тауарлар бұзылған, ашық немесе меркіленбеген ыдыста. бұзылған пломбалы ыдыста жеткізілсе немесе бұзылу себептері бар болған жағдайда және т.б.
Жағдайға байланысты тауарларды саны арқылы қабылдау әртүрлі мерзімде өткізіледі, ыдыссыз, ашық немесе бұзылған ыдыспен келіп түскен тауарларды саны бойынша қабылдау сатушыдан оларды алған сәтте немесе олар алынған сәтте көлік органдарының қоймасынан ия болмаса пломбалаған көлік құралдарының, контейнерлерін ашқан уақыттан және пломбалаған көлік құралдарын, контейнерлерін түсірген уақыттан, бірақ жүкті түсірген уақыт аяқталған мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс. Брутто салмағымен және орын көлемінде бұзылмаған ыдыста келіп түскен тауарлар осы мерзімде де қабылданады. Нетто салмағымен және әр орындағы ыдыс санын көлемімен бұзылмаған ыдыспен келіп түскен тауарлар (олар сатушымен жеткізілсе немесе оның қоймасынан алынып кетілсе), ыдысты ашқан уақытпен бірдей қабылданады, бірақ 5 күннен кешікпей, ал тез бұзылатын тауарлар тауарды алған уақыттан 24 сағаттан кешікпей. Егер тауарды сатушы тиеп жіберетін болса, онда бұл мерзім жүк көлік органымен берілген уақыттан басталып есептеледі.
Сапасы және жиынтықтылығы жөнінде қабылдау бұл тауардың жасырын және ашық кемшіліктерін айқындау мақсатында жүргізілетін тексеру. Ашық кемшіліктер бүлінуді айқындау жолымен анықталады.
Сонымен қатар, келіп түскен тауардың белгілері, оның саны мен жиынтықтылығы ыдысы және буып-түюі техникалық жағдайларға, стандарттарға, сызуларға, үлгілерге немесе тауардың сапасын білдіретін жолдама құжаттарында, маркалау мәліметтерде көрсетілген талаптарына сай болуына қарай тексеріледі. Анықталған кемшіліктер бойынша акт жасалады.
Сапасы және жиынтықтылығы бойынша тауарды кабылдау заңмен орнатылған мерзімде жасалады. Қабылдау басқа қалалық және бір қалалық жеткізуде 10 күннен кешіктірілмеуі, ал тез бұзылатын тауарларды қабылдау көлік органдары оларды берген соң немесе тауарды сатушы жеткізетін болса, тауарды сатып алушы өзі алып кететін болса тауарлар сатып алушының (алушының) қоймасына түскеннен кейін 24 сағаттан кешіктірілмеуі керек.
Егер жеткізілген тауар стандарттарға (техникалық жағдайларға) сәйкес болып, бірақ шарт жағдайларындағы сапаға сәйкес болмаса, онда сатып алушы (қабылдаушы) оны қабыллап және нақты бағасына сәйкес ақы төлеуге, немесе тауар жеткізушімен тиісті сапасы бар тауарды жеткізу жөніндегі міндетін бұзғанына сүйене отырып оны қабылдауға және ақы төлеуден бас тартуға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет