Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


І. Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы



бет2/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

І. Сатып алу-сату шартының жалпы ұғымы
1.1.Сатып алу шартының ұғымы және элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субьект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.


Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасының Аазаматтық Кодексінің 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы КСР Одағының және республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптын (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеітенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясынын Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұңданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (есбебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің зандық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердін көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.
Сатып алу-сату мүлік иесінің өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетіген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады деген И.В.Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату шарты бұл азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында (кәмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруда, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" зан күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қөзғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады.) Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін занды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабі-леттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының зан актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы Заңының редакциясындағы Азаматтык кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Занды түрде мемлекеттің құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ, олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қаблеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек үсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелсрді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, І-тармақ). Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық занды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен: Құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді.
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі).
Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық), занды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және идеологиялық объектілеріне исмденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындагы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша күшейтуге әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кезкелген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарга келсек, олар қалған тауарлық массадан жекленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар: біріншіден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен тенестіріледі), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт ны-сананың болмауы салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес сатып алушының үміті болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үйлесуіне, екі жақтың құқықтары мен мідеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы» Зандармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы, Қазақстан Республикасының «Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін мемлекеттік бақылау туралы» Занымен ж.б.
Күшінде болып келетін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 406-бабының 4 тармағында мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты мәмілелер кен таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентінің «Тауар биржалары туралы» заң күші бар Жарлығының 5-бабының 1 тармағы. Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-сату шарттары жасалуына әкеледі.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ). Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б. заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны, тарифтерін ажырату қажет.
Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорын­дармен монопольді қалыптасатып қызметтерге бағаны реттеу Ережесі» сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополин субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну тәртібі туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 40 бабының 1-ші тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 қазанындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өндірілетін тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.
1999 жылдын 23 қазанындағы «Алкогольді өнімдерге минимальді бағаны қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен алкогольді өнімге ең төмен шектегі баға қойылған.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі) тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартгы жасасу кезеніндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздін көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының мүдделерш қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-бап-тын 3-ші тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін (занды мазмұнды) қарастырады.
В. А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер шығатынын ойламауына болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының экономикалық және заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкін. Біріншісі заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүріс-тұрысы құрайды дегенді толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсінігін араластырып алу орын алады. Нысан (құқықтық қатынас) өзінің мазмұнына тараптардын құқықтары мен мідеттерінен, ал мазмұн (реттелетін қатынас) өз қатысушыларының әрекеттерінен, олардың қызметтерінен қалыптасатып өз мазмұның иемденеді
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша занды жүріс-тұрысы (әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да әрекеттерді жатқызуға болады.
Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.
Осыдан әрі, біз оны сатып алушы мен сатушының кұқықтары мен міндеттері күйінде жекелеп талдауға көшеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет