ІІІ. Сатып алу – сату шарты бойынша жауапкершілік
3.1. Сатып алу-сату шарты бойынша жауапкершілік
Жауапкершілік деп азаматтық құқықтық қатынастың субъектісіне қолданылатын заң немесе шартпен көзделген мүліктік өндіріп алу немесе мүліктік ауыртпалық түсіндіріледі, яғни, субъект өзіне жүктелген міндеттерді бұзу арқылы туындаған, жоғалтқан мүліктің орнын толтыруды көздейді. Жауапкершіліктің мына санкциялары (шаралары) ерекшелендіріледі: зиянның орнын толтыру және айып төлеу, сонымен қатар жауапкершіліктің шарасы ретінде кепілпұлды алып қалу да көзделген.
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектісіне жүктелген міндеттерді бұзғаны үшін және бұзушылықпен келтірілген уәкілетті тұлғаның мүліктік шығындарын өтеуге байланысты қолданылатын заңмен немесе шартпен қарастырылған мүліктік өтеу немесе мүліктік ауыртпалық жауапкершілік болып анықталады. Шығындарды өтеуге және айып төлеуге жататын жауапкершіліктің санкцияларын (шараларын) бөліп шығарады. Олардың қатарына кепілпұлды ұстап қалу сияқты шара және т.б. жатады.
Жауапкершілік шараларын шарттық міндеттемені бұзушыға әсер етудің ұйымдастыру шараларынан немесе басқаша жедел шаралардан айыру қажет. Олар құқықты бұзушы және бұзушылықтан жәбір шеккен тұлғаның араларында құқықтық байланыстарды өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Міңдеттеменің орындалу жағдайы мен тәртібінің өзгеруі мұнда кіруі мүмкін. Мүліктік салдары бұл кездерде жолай нәтижелер ретінде болады. Жедел шаралар шарт бойынша құқықтарды қорғаудың басқа шараларының ішінде кішкентай үлес алады, бірақ бұл олардың маңыздылығын азайтпайды.
Сатып алу-сату шарттары бойынша жауапкершілік туралы жалпы ережелерді қарап шығайық. Сатушының негізгі міндеті сатып алушыға тауарды беру. Белгілі затты жеке беруге байланысты міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 416-бабында көрсетілген, ол өз кезегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 355-бабына сілтеме жасайды. Сатушыны белгілі затты жеке беруіне мәжбүр еткеннен басқа көрсегілген баптың 2-тармағына сәйкес, сатып алушы тиісті шығындарды өндіріп ала алады. Тектік заттарды беруіне байланысты міндеттемелердің орындалмауының нәтижесінде сатып алушы зиян шеккен жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 350-бабына сәйкес оларды өндіре алады.
Егер сатушы тауарға тиісті керек жарақтарды немесе құжаттарды сатып алушыға беру міндетін орындамаса, онда сатып алушы міндеттемелерге байланысты жалпы ережелерге сай оған келтірілген шығындарды өндіріп алуға немесе тауарды қабылдаудан бас тартуына болады. Бірақ та, сатып алушы құжаттарды беруге байланысты сатушыға тиісті мерзім белгілеуіне міндетті, яғни жауапкершілік шараларын бірден қолданылуына болмайды. Шартқа байланысты берілетін тауар көлемі бойынша талапты сатушы бұзған жағдайда, сатып алушы берілген тауардан және оғаң ақы төлеуден бас тартумен қатар оған келтірілген шығын өтелуін талап етуге құқылы. Сатушының ұқсас жауапкершілігі тауарды үшініш тұлғаға құқықтан бос беру міндетін орындамаған жағдайда болады. Сатушы тауардың түр-түрімен көзделмеген тауарды бергенде, түр-түрге байланысты талаптарға сай келмейтін тауардан бас тартса, сатып алушы жауапкершілік шараларын қолдануына болады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 421-бабының 1,2,3-тармақтары).
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 428-бабында тиісті сапалы тауарларлы беру міндеттемелерін сатушымен бұзған үшін жауапкершілік санкциялары тікелей қарастырылған. Мұндай жағдайларда, сатып алушы сатушыдан мыналардың бірін талап етуге құқылы:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді;
2) қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жоюды;
3) тауардын кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді.
Жиынтығы бойынша талапты бұзған кезде сатып алушы талап ете алады:
1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді;
2) тауарларды қисынды мерзімде толық жиынтықтауды;
3) жиынтықталмаған тауарды жиынтықталған тауармен алмастыруды.
Жауапкершіліктің арнайы шараларын қолдану, сатып алушыны азаматтық-құқық жауапкершіліктің орын толтыру механизмін толық көлемде қолдану және сатушыдан қалған шығындарды өндіріп алу құқығынан айырмайды.
Егер сатып алушы занды талаптарды бұзумен байланысты тауарды қабылдамаған немесе қабылдаудан бас тартқан, қабылданған тауарға ақы төлемеген, төлеу мерзімі басталып кеткен алынбаған тауарға ақы төлеу міндетін орындамаған жағдайларда, сатып алушының жауапкершілігі басталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353-бабына сәйкес сатушы бұл жағдайда сатып алушыдан басқаның ақшасын пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыпақыны өндіріп алады. Бірақ, егер сатып алушымен алдын-ала төленген тауарды беру міндетін сатушы орындамағанда, онда айып ақы оның өзінен өндіріледі.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша жауапкершіліктің арнайы шаралары қарастырылған. Сатып алушыдан сапасыз тауарды ауыстыру үшін қабылдап алудың тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңының 14-бабы 4-тармағында көрсетілген міндетін (мерзімді) сатушы бұзғанда, оларды бұзғанның әр күніне сатушы ауыстырылған тауарды бергенмен бірге ол тауар құнының 1 пайыз көлеміндегі айыпты төлеуге міндетті.
Егер сатып алынған заттың тарантиялық жөндеуі қажет болса, тұтынушы (сатып алушы) жөндеуге жататын үлкен мөлшерлі 10 кг жоғары заттардың, бұйымдардың керекті жерлерге және қайта орнына дүкеннің немесе шеберхананың есебімен жеткізілуін талап етуге құқылы. Техникалық күрделі заттың жөндеуде болған мерзімінде тарантиялық шеберхана жөндеу уақытына осындай затты қайтарымсыз түрде керекті жеріне жеткізіп беруіне міндетті. Жөндеу мерзімдерін немесе жөндеу уақытына қайтарымсыз затты беруін бұзғанда, сатушы тауардың сатылу бағасының бір пайыз мөлшерінде, мерзімнен әр күн өткен сайын айып төлейді. Тұтынушының тұрған жерінде сатушы ұйымның өкілі болмаған жағдайда, тұтынушы тауарды сатып алу орнына байланысты сатушы ұйымның мекен-жайына немесе оның өкіліне сатып алынған тауарды анықталған оқулықтар туралы актімен бірге жіберуге құқылы. Бұл жағдайда, сатушы өнімде кемістіктерді анықтауға және тауарды оған қайтарғанға байланысты шығындарды өтеуге міндетті. Өнімнің конструкциялық өндірістік, рецептуралық кемшіліктерінің болғанына байланысты өмірге, денсаулыққа немесе азаматтың мүлкіне келтірілген зиян толық көлемде өтелуге тиісті. Қазіргі жағдайда, егер өмірге және денсаулыққа зиян келтірілсе, азаматтық заңнама жауапкершіліктің жоғарырақ мөлшері жөнінде келісімдерге жол береді.
Тауар жеткізілімі шартындағы жауапкершілік негізінен сатып алу-сату шартындағы жауапкершіліктен ерекшеленбейді. Өнім тапсыру туралы ереже бұзушылықтың жеке түрлеріне, мысалы, сапасыз тауарларды жеткізу, айып түріндегі санкцияларды ескереді.
Бұл ереженің 46-тармағына сәйкес, сапасыз (жиынтықталмаған) өнім тапсыратын болса, тауар құнының жиырма пайыз мөлшерімен айыппұл төлеуге тиіс. Сонымен қатар, шарт бойынша өзге бұзушылықтарға да жол берсе, айыппұлды өндіріп алу мүмкін болады.
Сатып алу-сату шартының жәбірленуші тарабы мүліктік жауаптылықты қолданумен қатар келтірілген моральдық зиянды өтетіп алуға да құзіретті. Моральдық зиянды өтетіп алу мүмкіндігін шектеу заңмен белгіленуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |