Энергиямен жабдықтау шарты бұрынғы Азаматтық кодексте қарастырылмаған.
Энергетикалық кәсіпорындар өндіретін электр және жылу энергияларын пайдалану ретсіз (тәртіпсіз) мазмұнда болды, үлкен қаражат (құндылықтар) бақылаусыз шашылды, ешкім де бұл үшін жауапкершілікті көтермеді, табиғи ресурстарға, энергияға зор шығын келтірілді. Қазіргі уақытта да жағдай қалаулыдан алыс, кейбір жағдайларда мәселелер ұлғая түсті. Сондықтан энергиямен жабдықтау шартының, жоғарыда қарастырылған келісімшарт шартындағы сияқты өзінің мәнділігі пайда болып тұр.
Әрине, энергиямен жабдықтау шарты барлық мәселе (қауіптерден) құтқара алады деп айтуға қиын. Бірақ энергияны өндіру және пайдаланумен байланысты пайда болған қатынастардың мінезінде олар тауарлы-ақшалы болып келетінін айқындау, осы мінезіне артықшылық беру тұтынушыларда да, өндірушілерде де оны ысырап етудің анық себептерінің болмауына әсер етуде.
Бұл шарттың негізгі белгіленуі энергияны өндірушілер мен тұтынушылардың қатынасын құқықтық формаға тарту. Бұрын бұл онда тұтынушы, өндіруші алдында қорғансыз болған салалардың бірі еді, және тұтынушының құқығын қорғау үшін құқықтық нормалар іс жүзінде болған жоқ дей аламыз.
Энергия тұтынылатын және тектік сипаттармен анықталатын болып табылады. Заттарды жіктеудің осы негіздері оның сипаттамасын анықтайтын болып келеді.
Энергиямен жабдықтау шарты көрсетілген ерекшеліктерді иемденетін (электр және жылу энергиялары) заттарды өткізуді (сатып алу-сатуды) реттейтін шарт.
Ұқсастық бойынша ол энергияны қамтамасыз ететін заттарды мысалы, табиғи газды, мұнайды, мұнай өнімдерін жеткізу қатынастарына да қолданымды болып келеді, байланысты болады.
Бұдан басқа, ол сумен жабдықтау бойынша және кейбір өзге қатынастарды да реттей алады.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаус ыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).
Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Қазақстанда электр энергиясын беру басқа ұйымдар иелігіндегі желілер бойынша қалыптасуы мүмкін. 1998 жылдың 12 қарашасындағы №23-ші Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау бойынша Комитет пен 1998 жылдың 20 қарашасындағы №239 Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бұйрығымен бекітілген электр энергиясын аймақтық және жергілікті деңгейден электр желілері бойынша тарату Ережесінде электр желісі компаниясының түсінігі енгізілген. Осыған байланысты энергияны тарату кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен энергия жүйесі компаниясының арасында келісім-шарт қатынастары қосымша қалыптасады.
Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Заңнамалық анықтамаға сәйкес (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабының 2-тармағы) ол қатынастарды энергияның қандай нарығында қамтамасыз еткеніне қарамастан (көтерме немесе бөлшек сауда) энергиямен жабдықтау шарты жариялы болып келеді. Жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы энергиямен жабдықтау қатынасының ерекшелігі (энергия өндірушілерін және электр желілері иелерін бөлек тұлға болуы) электр энергиясын болумен байланысты сатып алу-сатудың шарттық қатынасы ғана емес, сонымен бірге электр энергиясын таратумен байланысты қызмет көрсету бойынша қатынастар пайда болатынына әкелді. Бұл электр желісі компаниясына жататын желілер бойынша электр энергиясын өткізу шарты.
Біз оны жасасу тәртібіне, мазмұнына толық назар аудармай қояйық. Бірақ бұл шартта жарналы болу керек екені түсінікті, болмаса электр қуатын (энергияны) өндірушілердің және тұтынушылардың құқықтары сезімді бұзылуы мүмкін. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттың құқықтар механизмі де қамтамасыз ете алады. Желілердің иесі белгіленген мерзім бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшін қажетті мөлшердегі энергияны өткізу қабілеттілікті сақтап (қамтамасыз етіп) тұруға міндетті. Бұл желілер иесі өзіне энергияны өткізу шарты негізінде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкін (ол желіні басқа иеге берген кезде күшін сақтап қалады).
Қазақстан Республикасында Біртұтас энергетикалық жүйе қалыптасқан. Тауар ретіндегі электр энергиясын пайдалану ерекшелігі шарт міндеттерін орындау жүрісін бақылайтын құрылымды кұруды, оның айналымының айрықша ережесін қалыптастыруды талап етеді. Бұның бұрынғы жоспарлау құрылымдармен ешқандай қатынасы жоқ. Республикада аймақаралық деңгейде жүйенің қызметі сенімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар ескеріліп, шарттық міндеттемелерді орындаудың барынша тиымды техникалық жағдайларын қамтамасыз ететін және бақылайтын орталық диспетчерлік басқару (нарықтық техникалық операторы) құрылған.
Энергиямен жабдықтау шарттың нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде ғана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы қажет. Келісімшартты бекіту айғағы ретінде аталған шарттың жағдайы келтірілген есеп кітапшасын алу қажет.
Энергиямен жабдықтау шартының мерзімі 1997 жылдың 31 шілдесіңдегі № 1193-ші Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен бекітілген 1997-2000 жылдардағы электр энергиясы нарығын одан әрі дамыту бағдарламасына сәйкес электр энергиясын сату мерзімді шарттар негізінде жүргізшуі қажет болды, бұл тәжірибе қазір де сақталған. Шарттарды тұрақты қуат (форвардтар) беру бойынша және бір рет қуат алу құқығын беретін шарттар деп ажыратады. Энергия мен электр қуатының көтерме нарық субъекгілері мен тікелей жеткізіп берушілер және сатып алушылар арасында кезкелген мерзімге (жыл, ай, тәуліктер, сағат ж.т.б.) екі жақты мерзімді шарттар жасалуы мүмкін.
Тәжірибеде энергиямен жабдықтау шарты бір жылға жасалады. Мерзім аяқталғаннан кейін энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзімге және нақ соңдай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі.
Шартты жаңа мерзімге ұзартқан кезде тараптардың келісімі бойынша оның талаптары өзгертілуі мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексініңның 3-тармағы, 483-бабы). Бекітілген шарт әрекетінің аяқталу мерзіміне дейін кез келген тарап жаңа оферта енгізе алады. Мұндай жағдайда тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейін бұрынғы жасалған шартпен реттеледі ((Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 483-бабы, 4-тармақ). Тұрмыстық тұтынушының қатысуымен жасалған шарт белгісіз мерзімге жасалған болып есептеледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 483-бабының 2-тармағына сәйкес егер, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шарт осы кодекстің 490-бабында көзделген негіздер бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Энергиямен жабдықтау шартының элементтері.Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелігі оның субъективтік қатарына, әсіресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулі әсер етеді. Сатушыны анықтауға байланысты заң нормалары 1.1.1.-тарауының Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне сәйкес кейбір қарама-қайшьшықты иемденеді.
Жылу энергиясын жабдықтау ерекшеліп электр энергиясын пайдалану ережелерімен бірге бекітілген жылу энергиясын пайдалану ережелерімен анықталады. Бұдан басқа, тұрмыстық тұтыну үшін энергиямен жабдықтау бойынша қатынастарды құқықтық реттеуші жанама көздеріне 1996 жылдың 12 қаңтарындағы баға және антимонопольді (монополияға қарсы) саясат бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекетгік комитеті алқасының қаулысымен бекітілген тұрмыстық-коммуналдық қызмет керсетуге Типтік шарт жатады. Жоғарыда аталып кеткен аймақтық және немесе жергілікті деңгейдегі электр желілері бойынша электр энергиясын беру Ережелерінің тарауына сәйкес: Беріп тұрушы өзі өндірген немесе сатып алған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын рынок субъектісі. Сонымен бірге электрмен жабдықтау қатынастарының субъектілері Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясының көтерме нарығын қалыптастыру және ұйымдастыру ережелерімен анықталады. Онда қайта сатушы (трейдер) түсінігі енгізілген. Бұл өз атынан әрекет етіп, электр энергиясын сатып алатын және оны қайта сату нәтижесінде пайда табуды көздейтін, электр желісін иемденбейтін және оларды күтіп ұстамайтын көтерме нарық субъектісі.
Сонымен қатар көтерме нарықта электр энергиясын тұтыну және өндіру режимдерін коммерциялық бақылауды нарықтық тетіктерінің көмегімен жүзеге асыратын ұйымдар-нарықтық операторы қатысады. Нарықтық операторлар қызметінсіз энергиямен жабдықтау шарттарын орындаудың қиын болатыны анық. Энергия өндіруші ұйымдар мен қайта сатушылар лицензия иемденуі қажет. Жабдықтаушы өз қызметіндегі ұйымдастыру-құқықтық нысандар мен меншік нысанына қарамастан барлық қажетті талаптар мен техникалық жағдайларды бүтіндей ұстануы қажет. Қадағалау Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органымен жасалады.
Сатып алушы (абонент) - бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желісіне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алу-сатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Мысал ретінде, тұрмыстық қажеттілік үшін электр энергиясы жеткізілімі шарты болады.