Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет32/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Сатып алу шарты

Қорытынды

Азаматтық Кодекстің 25 тарауының 1 параграфында сатып алу-сату шартының жалпы ережелері бекітілген. Мұнда жалпы ережелер ғана болғандықтан олар сатып алу-сату шартының барлық түрлеріне келеді, бірақ олардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Осылардың бір-бірінен айыратын белгілерін қарастырайық.


Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді. Бұл шарт сатып алу-сату шарттарының ішіндегі жалғыз өзі ғана нақты және жария шарттың бірі, өткені күнділекті өмірде көп кездеседі. Нақтылық белгісі шарттың жасалған кезінде орындалатынын көрсетеді. Жариялық белгі кәсіпкердің кез келген тұлғамен шартқа отыру міндетін көрсетеді. Бұл шарттың ерекше пәні бар. Пәні ретінде жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды айтамыз. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының тағы бір ерекшелігі оның жасалуында, яғни шартқа отыру уақыты болып екі тараптың оның пәніне, бағасына, басқа да шарттарына келіскен уақыты табылады (7,25).
Тауар жеткізілімінің шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы ( тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Бұл шартты айыратын белгісі ретінде әр түрлі экономика саласындағы тауарлық-материалдық құндылықтардың қөзғалысын реттеуінде көрінеді. Тағы бір ерекшелігі ретінде құқық қатынастың уақыт бойынша ұзақ болуы. Шарт бойынша оның пәнінен басқа, тараптар оның бағасына, тауар сапасына, номенклатурасына келісуі тиіс. Пәні болып кәсіпкерлік қызметке қажет мүлік табылады. Тауар жеткізілімі кезеңдері шарт бойынша анықталуы тиіс, егер анықталмаса онда ай сайын біркелкі топтармен жеткізіліп отыруға тиіс. Бұл ерекшеліктер бойынша оны басқа шарттар түрінен айыруға болады.
Келісім шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді. Бұл шарттың екі негізгі ерекшелігі бар. Біріншіден, келісім шарт жасасу шартының пәні ретінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші өзі өсірген ауыл шарушылық өнімдері табылады. Екіншіден, бұл шарт келешекке жасалуы мүмкін, өйткені ауыл шарушылық өнімдерін өсіруге белгілі бір уақыт керек. Осы екі ерекшелігі бойынша бұл шарт тауар жеткізілімі шартынан өзгешеленеді.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергия тұтынуға байланысты пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Ерекше пәні ретінде энергия табылады. Шарт нысаны ауызша, егер абонент энергияны тұрмыстық салада қолданса, қалған салаларда міндетті түрде жазбаша болады. Шарт консенсуалды ғана болады. Шарт мерзімі бір жыл болып есептеледі, одан кейін жаңа жылда абоненттің ақы төлеуі шарттың тағы бір жылға ұзартылғанын көрсетеді. Міне, осындай белгілері арқылы бұл шартты басқа сатып алу-сату шартының түрлерінен айырамыз.
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды. Бұл шарттың ерекше пәні ретінде кәсіпорын мүліктік кешен түрінде табылады. Шарт пәні өткізу актісі арқылы беріледі. Бұл шарт мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін орындалған болып есептеледі.
Сонымен, біз сатып алу-сату шартының жекелеген түрлерінің өзіндік бір-біріне ұқсамас ерекшеліктерін қарастырдық.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында оның негізгі ережелері құқықтың әртүрлі салаларымен реттелетін жағдайларда зиян келтіргенде жүзеге асатып толық құнды деликтілік құқық қалыптаса бастады. Шарттық және деликтикалық жауапкершілікті қарастыратын ережелердің бірге әрекет етуі анық көрінеді, сонымен бірге келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы тағайындауды, құқыққа сәйкес келетін әрекеттермен келтірілген зиянды өтеуді қарастыратын нормалар да жетілдірлуде. Өзінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тұлғаларға зиянды өтеу туралы жалпы мазмұндағы нормалар пайда болды, тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің кемістіктерінің әсерінен келтірілген зиянды өтеуге жататын нормалар одан әрі дамытылуда.
Бірақ мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян үшін мемлекеттің жауапкершілігі кеңейтілген.
Жаңа Азаматтық кодекс құрамына халықаралық жеке құқық туралы толық құнды бөлімнің енгізілуі оның тағы бір ерекшелігі болып табылады. Бұл шетелдік элементтермен азаматтық құқықтық қатынастар саласының кеңейтілуінің және олардың субьектілік қатар бойынша дәстүрін азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың құрамына енуі сипаттайды.
Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Себебі , онда сатып алу- сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр – түрімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу – сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген. Кәсіпкерлік қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін сатып алу – сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Басым көпшілік жағдайларда баға шарпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағадайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді.
Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жарналы. Өзінің калауы бойынша сатушы жарналы оферта жасалмай (онымен қатар) жеке офертасын да жасай алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 447-бабы көпшілікке арналған түсініктемесін береді. Жарналы офертаның негізінен бұл дегеніміз тұлғалардың белгісіз қатары (санына) бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасау жөніндегі ұсыныс. Кәсіпкерлер кейбір реттерде тұтынушыларға тауарды көтерме баға бойынша алуды ұсылатыны офертаның осы мінезіне әсер етпейді, сондай ұсыныстар негізінде жасалған шарттар бөлшектеп сатып алу-сату шарттары (тұтынушылық) болып қала береді. Тауардың әрбір үлгісінде онда тауардың атауы, бағасы (бір келі, дана және тауардың өзге мөлшері үшін) салмағы көрсетілген қағазы болуы керек. Қажетіне қарай жыл кезеңіне, жаңа тауарлардың түсуіне және кәсіпорындардың өзге жағдайларына қарап дүкеннің әйнектері жаңартылады.
Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым саттық (тұрмыстық) сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кезкелген салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді. Осының нәтижесінде тауар жеткізілімі шарты әкімшілік-жоспарлы болып танылмайды.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандыру күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі.
Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, мпорггалған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие қылады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.
Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Келісімшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-481-бабымен тікелей нормалармен реттеледі. Бірақ оларда ауыл шаруашылық өнімі жеткізшімінің қатынастары толық, түбір-түбіріне дейін реттелмеген. Келісімшарт жасасу сатып алу-сату шартының түрі болғандықтан сатып алу-сатуға және тауар жеткізіліміне арналған барлық нормаларымен реттеледі. Оған кейбір арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алу-сату қатынастарын реттеуге арналғандар. Келісімшарт жасасу және тауар жеткізілім шарттары өзара біріншісі мәнсіз екіншісі өте маңызды нәрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтык ортада тең негізде тұрмыс етеді. Заң шығарушы құқықтык реттеудің нәтижелілігін (тиымдылығын) арттыру қажеттіліктер басшылыққа алып сілтемелі норманы енгізді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-6, 2-тармақ). Егер келісімшарт жасасу шартының қатынастары жоғары белгіленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткізілім шартының тәртіптері қолданылады. Бірақ келісімшарт жасасу шарты тауар жеткізілімі шартының «әлсіз көлеңкесі» деп түсінуге болмайды. Оның пәнінің (нысанасының) ерекшелігі әрбір ауыл шаруашьшық өнімді өндіру кезеңдерінің ерекшеліктері өнім әртүрлі ауа райы жағдайларында өсірілетіні келісімшарт жасасу шартының айқын өзгешеліктеріне әкеледі.
Энергиямен жабдықтау шарты көрсетілген ерекшеліктерді иемденетін (электр және жылу энергиялары) заттарды өткізуді (сатып алу-сатуды) реттейтін шарт.
Ұқсастық бойынша ол энергияны қамтамасыз ететін заттарды мысалы, табиғи газды, мұнайды, мұнай өнімдерін жеткізу қатынастарына да қолданымды болып келеді, байланысты болады.
Бұдан басқа, ол сумен жабдықтау бойынша және кейбір өзге қатынастарды да реттей алады.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаус ыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).
Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Қазақстанда электр энергиясын беру басқа ұйымдар иелігіндегі желілер бойынша қалыптасуы мүмкін. 1998 жылдың 12 қарашасындағы №23-ші Қазақстан Республика-сының табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау бойынша Комитет пен 1998 жылдың 20 қарашасындагы №239 Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бұйрығымен бекітілген электр энергиясын аймақтық және жергілікті деңгейдеп электр желілері бойынша тарату Ережесінде электр желісі компаниясының түсінігі енгізілген. Осыған байланысты энер-гияны тарату кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен энергия жүйесі компаниясының арасында келісім-шарт қатынастары қосымша қалыптасады.
Кәсіпорынды сату шартының мазмұны. Сатушы кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктін барлығын, әрбір жеке заттарға немесе мүліктік объектілерге заңмен немесе шартпен қойылатын талаптарын сақтап беруге міндетті. Сондықтан, кәсіпорынның жиынтығына қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз. Тиісінше сапа бойынша талаптарда бекітіледі.
Бірақ кәсіпорынды сатып алу-сатудың өзгешелігі бар деп есептейміз, себебі сапаны анықтаған кезде, оған көбшесе заңнамалық талаптар тікелей қолданымды болмақ (жекелеп алғанда КР АК-ның 119-бабы және сатылатын зат сапасын анықтайтын баптардың нормалары).
Кәсіпорынды тұтасымен мүліктік кешен ретінде берген кезде (мемлекеттік тіркеу кезінде), сатып алушыға меншік құқығы ауысады. Сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды. Бұл құқықтарда міндеттемелік сипаттама болуы керек, себебі заттың құқықтардың ажырамайтын белгісі болып олардан заттармен бірге еруі келеді. Бірінші кезекте оларға тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар жатады (ҚР АК 493-бабы 4-тармағы).
Сатушы кәсіпорынды беруге, дайындауға міндетті. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес, дайындау іс-әрекеттері негізінен сатылатын кәсіпорынның (мүліктің) құрамын және құнын бағалауына қатысты болып келеді. Нәтиже ҚР АК 495-6 көзделген құжаттар арқылы бекітіледі. Олардың санына түгендеу актісі, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құрамы мен құны туралы тәуслсіз аудитордың қорытындысы, кәсіпорынның құрамына енгізілетін барлық борыштың (міндеттемелердің) тізбесі жатады.
Сатушының кәсіпорынды сатып алушыға беруі өткізу актісі бойынша жүзеге асырылады, онда кәсіпорынның құрамы жөніндеп және кәсіпорынды сату туралы кредит берушілергс хабарлау жөніндегі деректер көрсетіледі. Сондай-ақ берілген мүліктен табылған кемшіліктер туралы мәліметтер және оны жоғалтып алуға байланысты беру міндеттерін орындау мүмкін болмайтын мүліктердің тізбесі көрсетіледі. Өткізу актісін жасауды және оны қол қоюға табыс ету, егер щартта өзгеше көзделмесе, сатушының міндеті болып табылады, соның есебінен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет