Дипломалды практика бойынша есеп 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиет



бет7/7
Дата24.05.2022
өлшемі45,34 Kb.
#35501
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
5. Әдебиеттер тізімі:

1.Жанұзақ Т.Тарихи жер-су аттарының түптөркіні Алматы 2010


2. Жанұзақ Т.Жер-су атаулары Алматы 2011
3..Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы Атаулар сыры Алматы 2007
4.Бияров Б. Қазақ топонидерінің типтік үлгілері Астана 2013
5.Иманбердиева С.Қ. Қала ономастикасының кейбір мәселелері. –
Алматы: «Арқау» баспасы. -2004, - 138б.
6. С. Қ Иманбердиева, Ж. А. Ағабекова, Ақмола облысы топонимдері
7. Иманбердиева С.Қ. Тарихи ономастикалық кеңістік,- Алматы, 2010
8.Айтмұхамбетов Е. Туған өлке// Арқа ажары.-2014.
9. Қойшыбаев Е ,Қазақстанның жер-су аттары сөздігі.-Алматы, 1985
10. А. Әбдірахманов, О.А. Сұлтньяев, Көкшетау өңірінің жер-су атаулар сөздігі – Көкшетау, 2015
6. Есепке қосымшалар (ДЖ бірінші және екінші тарауларының тезистері)
I тарау
Тіл тарихы халық тарихымен қоян қолтық тығыз, берік байланысты. Тіл барлық қоғамдық құбылыс сияқты әрбір қоғамдық формацияға сай өзгеріп отырады. Лексика құрамы жағынан актив және пассив болады. Бұл топтағы сөздердің бәрі де қоғамның өсу, дамуымен байланысты өзгеріп отырады. Онамастикалық лексика бойында жеке сөздер тарихы емес, азаматтық тарихтың, халық этнографиясының қат-қабат ізімен жатады. Елімізде тіл білімінің қарыштап дамуымен байланысты онамастиканы зерттеу мәселесі де жолға қойыла бастады. Қазақ ономастикасы соңғы 30-40 жылдары бойында ғана зерттеле бастаған жас сала. 1950-1960 жылдар топонимдер мен антропонимдер диссертациялық тақырып ретінде зерттеле бастаған кезде онамастиканың басқа бөлімдері тың жатқан.
Ономастиканы ( кісі аттарын немесе жер, су, ру, тайпа аттарын т.б) зерттеудің қажеттігін көрнекті ғалымдар: В. В. Радлов, В. В Барольд, Н.Х Катанов, А. Н Смайлович, С. Е Малов, Н.К Дмитриев, А.Н Кононов, Н. А.Баскаков, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев,С. Аманжолов т.б өздерінің жазған мақалаларында әрқашан айтып отырған.


2 тарау


Топонимдер – жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім түрі. Топонимдер гидроним, ороним, ойконим, урбаноним, спелеоним, дромоним, ареноним, дримоним т.б. түрлерге бөлінеді. Атауы бар объектілер нақты аймаққа бекітілген. Кез келген топоним атау қызметімен қоса объектіге сілтеу қызметін де атқарады. Сонымен қатар олар объектінің ерекшілігіне, атаудың идеологиялық және эмоционалды бояуына қарай қосымша ақпарат бере алады. Белгілі бір аймақтың топонимиконы тарихи қалыптасады. Онда өткен дәуір топонимдері сақталады, сондықтан топонимдердің әр қабаты тарихи дәірге, сол аймақта қоныстанған халық тарихына қатысты «қаттамаға» теңейді. Дегенмен барлық топонимдер осы тұрғыдан талдана алмайды. Ең алдымен географиялық объект атаулары (гидронимдер, оронимдер, ареноттдер) туралу айту керек. Топонимдік жүйеде тілдік қатынас орын алған. Топонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі – топонимика зерттейді.
Топонимдердің жалпылық белгілері: Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі – кез келген географиялық объектті атау.
Топонимдердің жекеленуі аталатын объектке байланысты. Осыған орай келесі аталатын объектілер ажыратылады:

  • гидрофиялық (өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар, бұлақтар, құдықтар, қаналдар);

  • орфографиялық (жердің үстіңгі қабатының жағымды және жағымсыз рельеф объектілері);

  • кез келген жолдар (жер үсті, су, жер асты, әуе);

  • кез келген елді мекен ( қала, ауыл);

  • кез келген қала ішіндегі топографиялық объект;

  • ресми, әкімшілік бөліністерінің кез келген объекті (территория, облыс, аудан);

  • кез келген табиғи жер асты объектілер (үңгір, жер асты бұлақтары, көл, құдық, сарқырама);

  • флористикалық объектілер (орман массивтер, өсімдік әлемінің реалийлері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет