2. Диплом жобасының тақырыбы бойынша жұмыстар мен зерттеулер
2.1 Материал жинау (оның ішінде ДП теориялық бөлімі бойынша да).
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Зеренді ауданы бойынша ареалдық топонимикалық атаулар».
Диплом алды тәжірибе барысында «Ономастика» ғылымы туралы зерттеулер жасалған бірнеше еңбектеріне, соның ішінде О. А. Сұлтаньяев, Б.Бияров, С.Қ. Иманбердиева мен Ж. А. Ағабекованың Б. Тілеубердиев, Т.Жанұзақтың т.б зерттеушілердің бірнеше еңбектері қарастырылды.
2.2 ДП тақырыбының өзектілігі мен ғылыми-практикалық талдауы және негіздемесі.
Диплом алды практика кезінде «Ж.Мусиннің «Туған үйдің түтіні» романындағы концептілік жүйе» атты дипломдық жұмысымның қазіргі таңда қазақ тіл біліміндегі өзекті тақырып екеніне көзім жетті. Себебі, тіл білімінде танымдық лингвистика ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қарқынды зерттелуде. Когнитивті лингвистиканың басты категориясы – концепт. Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Осы орайда, Көкше өңірінің жазушысы Ж.Мусиннің «Туған үйдің түтіні» атты романындағы концептілер талданды. Аталған романның концептуалды тұрғыда қазақ тіл білімінде алғашқы рет зерттелуі жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
2.3 Мәселені таңдау, дипломдық жобаның мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
Дипломдық жұмысының өзектілігі. Ономастиканы (кісі аттарын, жер-су, ру-тайпа аттары т.б.) зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тілмен сабабқтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.Қ.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жапнпейісов, Қ. Рысбергенова, Г.Магдиева т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зертейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз, өзен, су, көл, атауларын зерттейді) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |