Дипломалды практика бойынша есеп 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиет



бет5/7
Дата24.05.2022
өлшемі45,34 Kb.
#35501
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Асқар Анар дипломалды практика

Зерттеу объктісі. Зеренді ауданы бойынша атаулар.
Зерттеу пәні.Этностың ұлттық таным әлемін өз бойына сіңірген қазақ тіліндегі жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына мақсат етіп қояды, бұл ономастикада бұрын соңды болмаған метатілдік теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты. Тіл қызметінің ерекше бір саласы – ономастика. Ономастика атаулардың шығу, ұалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атаулардың зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнің, тегін, лақап, бүркеншік есімдердін қарастырады. Ономастиканы зертейтін ғылым ономосиология деп аталады.
Зерттеу болжамы. Топонимдердің барлық түрлері бір-бірімен белгілі бір жүйелі байланысқан және өзінің семантикалық, сөзжасамдық, морфологиялық құрылымы жағынан сол тілдік жүйеге сай келеді.
Зерттеу нысаны. Көптеген зерттеушілер топоним жасауда географиялық терминдердің көп жағдайда қатысатынын байқаған. Мысалы, гидроним, ороним жасауда географиялық терминдердің сөзжасамдық қызметі жоғары және олар көп компонентті атаулардың соңында беріледі.
Қазақ тiлiнiн, топонимика саласы жекелеген аймактардын жер-су аттарын зерттеу кезенің аяктап, терең теориялық немесе жалпыказакстандык
ауқымды мәселелерді қарастыруды қолға алды. Қазіргі кездегі кешенді
зерттеу жұмыстарына топонимикалық атлас жасау, жер-су аттарының
этимологиялық сөздiгiн құрастыру, қазақ топонимдерінің типтiк
ерекшелiктерiн анықтау тәрізді көлемді жатады. Солардың бiрі қазақ топонимдерiн түгел камтитын сөзжасамдық типтерді анықтап, үлгiлерiн жасау болып табылады.
Бүгiнде топонимдер елiмiздiң тыныс-тiршiлiгiне қажетті бағыт-бағдар
беретiн таңбалық қызметінен басқа үлкен қоғамдық-саяси маңызға ие
болып, ұлттық, танымдық сипаттары алдынғы орынға шықты. Өйткені жер-су аттары адамзат қоғамында ғана пайда болып, өмір сүрiп, қызмет
ететiндiктен, сол қоғамда болып жататын өзгерiстерден тыс қала алмайды. Қазігі Қазақстан қоғамындағы өзгерiстердiн бір бағыты - мемлекеттiк
Тiл саясаты болса, қазақ ономастикасы оның құрамдас бөлiмі ретiнде
республикалық мәселелер қатарына жаткызылады.
Республика көлемiнде өтiп жататын ғылыми-практикалық конференцияларда көтерiлiп жүргендей, Қазақстан топонимикалык
кеністігін ғылыми тұрғыдан реттеу кажеттілігі айқындала түсті. Себебі топонимдерді ауыстыруда, жаңғыртуда және тыңңан атау жасау кезiнде, бейберекеттік пен сауатсыздық орын алды. Ол үшiн топонимдер жасаудын типологиялық модельдерін анықтап алу кажеттілігі туды. Қазақстанның топожүйесiн реттеу үшін, жер-су аттарының бүкiл сөзжасамдық үлгiлерiн анықтап алу керек және сол үлгiлерге суйенiп барып, атауларды ауыстыру, жаңғырту, тыңңан жасауға болады.
Қазақ топонимиясы туралы жазылған ғылыми еңбектер аз емес. Алайда олардың көбі әр аймақтың топожүйесiн жинақтау мақсатында орындалған жұмыстар. Топожуйемiздiң, қолданбалылығы жөнiнде жалпы алынып зерттелген еңбектер көп емес. Бұл ұсынып отырған қазақ жер-су аттарының сөзжасамдық үлгiлері, басқаша айтсақ топонимжасам, қазақ топонимдерiн тұтас қамтитын алғашқы еңбек болмақ. Аталмыш еңбекте қазақ тiлiндегі топонимжасамның барлық типологиялық модельдері қамтылды. Атап айтқанда, сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі арқылы жасалған түбiр топонимдердің аналитика-семантикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі топонимдердің синтетика-семантикалық тәсілі арқылы жасалған туынды топонимдердің барлық типтiк модельдері ұсынылды.
Сөздіктің жер-су аттарын ауыстырудағы қолданбалылық маңызы ерекше болмақ. Жұмыста көрсетiлген түбiр топонимдер, бiрiккен, кіріккен атаулар, қосымша арқылы жасалған туынды топонимдер жер-су аттарын
ауыстыруда таптырмас үлгі қызметін атқарады. Кез келген аймақтағы
ономастиқаға жауапты адам осы сөздiкті басшылыққа ала отырып, елді мекен, табиғи нысан, тiпті көше аттарын ауыстыруды дұрыс ұйымдастыра
алады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет