2.4 Ұйым тәжірибесіне ДЖ енгізу (іске асыру бойынша ұсыныстар).
Топонимика ғылымы арқылы жер-су аттарының шығу төркінін, тарихын біліп, танымдық деңгейін арттырады.
2.8 ДЖ жүзеге асырудың ықтимал (күтілетін, жоспарланған) әсері
Қазақ әдебиетінде лирика жанры оқушыларды рухани-адамгершілік тұрғыда дамытуда негіз болуымен ғана шектелмейді, көркем туындылардағы тарихи тұлғалардың бейнесін айқындаудың ұтымды факторы болып табылады, өйткені көркем туындыларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бейнелері арқылы білім алушылар әдебиетіміздің дамуын, тарихи тұлғалардың өмірлік ұстанымдарын, ғұмырлық тәжірибелерін саралай отырып, оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді.
3. Бөлім мен кафедрада «ДЖ тақырыбы бойынша жұмыстар мен зерттеулер» тақырыбы бойынша баяндамалар және тұсау кесер рәсімі.
3.1 Практиканттың қорытындылары мен ұсынымдары
Диплом алды тәжірибе барысында ғылыми зерттеу жұмысыма қажетті құнды мәлімттер, мол ақпарат қарастырылды. Дипломдық жұмысымның практикалық бөлімін жазуда тәжірибе кезінде жинақталған ғылыми материалдар негізге алынды.
3.2 Практиканы ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар
Практиканы ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жоқ .Диплом алды практика арқылы көп нәрсені үйрендім,көп пайдасы болды.
3.3 Дипломдық жоба туралы хабарландыру
Ономастика ғылымы, оның ішінде топонимика бөліміне жан-жақты зерттеулерге шолу жасалып, Зеренді ауданы бойынша жер-су аттары және оның жасалу тәсілдері көрсетілген.
4. Қорытынды
Жер-су атаулардың қай-қайсысы болса да тіліміздің тарихы, мәдениеті мен этнология тарих мәселерері жөнінде көптеген құнды деректерге ие.
Олардың құрамында қазіргі әдеби тілімізде кездеспейтін, мән-мағынасы ұмыт болған, мүлдем құпия сырға айналған ескі сөздер мен тұлғалардың ізі сақталған. Халқымыздың өткен дәуіріндегі тарихын, көрші елдермен жасалған мәдени қарым-қатысын және әдеп-ғұрпын танып білуде де бұлардың атқарар рөлі аса зор. Өйткені ол атауларының бәрі-халық тарихы, қоғам өмірімен, адамдардың жеке басы, іс-әрекетімен біте қайнасып, ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отыран мәдени мұра, өшпес шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял, данышпандық зердесімен ұлттық мінез құлқы, барша болмысының көрінісі.
Бұл тұнған қазына, ең бай, таңғажайып тарих. Халқымыздың ұлы
Ш. Уәлихановтың: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған қазаұтарда өмірдің бәр саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланыстыи жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, ататдан балаға жалғасып жатады»,-деген болса, М.Әуезов: « Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда қандай бір өлкеге барсаңда жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - деп орынды да нақты суреттеген.
ІІІ. Қорытынды
Тәжірибе барысында мен берілген тапсырманы тиянақты, тыңғылықты орындауға тырыстым. Ғылыми еңбектердің ішінде соңғы жылдары шыққан жаңа еңбектерге, мақалаларға назар аудардым.. Дипломдық жұмысыма қажетті ақпараттарды қалалық архивтен, облыстық және қалалық кітапханадан жинақтадым.
Осылайша, диплом алды тәжірибенің әрбір күнін тиімді пайдалануға тырыстым. Тәжірибе барысында жинақталған барлық мәліметтерді дипломдық жұмысыма енгіздім.
Диплом алды тәжірибе кезінде жетекшіммен жұмыс жасап, өзіме берілген әрбір тапсырмаларды орындадым. Жасалған жұмысымды дипломдық жұмысымның жетекшісі Ө.А.Жұмағұловаға тексертіп, қате тұстарын түзетуге тырыстым. Диплом алды тәжірибе барысында ғылыми зерттеу жұмысыма қатысты жан-жақты ізденіс жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |