Дипломалды практика бойынша есеп 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиет


 Практика өткен бөлімнің сипаттамасы



бет3/7
Дата24.05.2022
өлшемі45,34 Kb.
#35501
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Асқар Анар дипломалды практика

1.2 Практика өткен бөлімнің сипаттамасы:
Қазақ филологиясы кафедрасы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қазақ тілі мен әдебиетінен білікті мамандар даярлайтын, өзіндік дәстүрі бар, іргелі кафедралардың бірі. Кафедра – қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық мәселелерін, оны оқытудың әдіснамалық негіздерін зерттеп келе жатқан, еліміздің солтүстік аймағында тұңғыш құрылған ғылыми орталық.
Кафедра жұмысын 1982 жылы бастады. Алғашқы кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.М.Мусин.
Заман талабы мен тарихи-қоғамдық сұранысқа орай, тұңғыш рет 1982 жылы «Қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы, ал 1986 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1989 жылы «Ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 1991 жылы еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізуі мен мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңеюіне орай, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын екіжылдық жедел даярлау бөлімі, 1993 жылы жоғары білім беру жүйесінде тұңғыш рет орыс мектептерін бітірген түлектер (қазақ және басқа ұлт өкілдері) үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының эксперименттік тобы ашылды.
Қазақ филологиясы мамандығының кеңеюі және кафедраның құрылымдық ерекшелігіне байланысты «Қазіргі қазақ тілі» (ф.ғ.к., доцент Ж.М.Мусин, ф.ғ.к., доцент М.Х. Шаяхметова, п.ғ.д., проф. Б.Б.Жахина), «Қазақ әдебиеті» (ф.ғ.к., доцент Н.С.Ыбыраев, ф.ғ.к. А.Ы.Есмагұлов, ф.ғ.к., доц. С.Н Жәмбек, аға оқ. Т.Жұрын, ф.ғ.к., доцент Қ.К.Молғаждаров, аға оқ.Ж.Боранбаева, ф.ғ.к., доцент Ә.Қ.Шапауов), «Практикалық қазақ тілі» (аға оқытушы Р.Ж.Қияқова, п.ғ.к. Б.Б.Жахина, аға оқ.Ж.КБоранбаева, ф.ғ.к.,доц. С.С.Досанова, ф.ғ.к. Р.С.Амренова, п.ғ.к. Г.К.Камиева) болып бірнеше кафедра жұмыс істесе, бүгінде аталған кафедралар біріктіріліп, нәтижесінде «Қазақ филологиясы» кафедрасы қалыптасты. 2013 жылдан бері «Қазақ филологиясы» кафедрасын ф.ғ.к., доцент О.А.Жумагулова басқарып келеді.
Бүгінгі таңда кафедра үздіксіз білім беру тұжырымдамасы негізінде үш сатылы (бакалавриат магистратура докторантура) білім беру жүйесіне сай, еңбек нарығындағы әлеуетті тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей мамандықтарды даярлайды.
Бакалавриат: 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500-Филология: қазақ филологиясы;
Магистратура: 6М020500-Филология:қазақ филологиясы; 6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті;
Докторантура: 6Д020500-Филология: қазақ филологиясы.
Бүгінгі күні 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті (21.02.2014), 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (20.06.2016), 5В020500-Филология:қазақ филологиясы (20.06.2016); 6М020500-Филология:қазақ филологиясы (20.06.2016), 6D020500-Филология: қазақ филологиясы (22.02.2019) мамандықтары институционалды және мамандырылған аккредиттеуден өтті.
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталығы және аккредиттеу мен рейтингілеу бойынша тәуелсіз агенттікпен бірлестікте өткізген бакалавриат бағдарламасын іске асыратын Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында кезекті академиялық ранжирлеуде 2011 жылы І орынды, 2012 жылы ІІ орынды иеленді. Қазақ филологиясы кафедрасы 2012 жылы университеттің кафедралары арасында оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша өткізілген үздік кафедра байқауында «Үздік кафедра» номинациясының жеңімпазы деп танылды.
Кафедра бакалавр, магистр, докторант, профессор-оқытушылық құрамның білім көкжиегін, ғылыми ізденісін кеңейту мақсатында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, Тараз педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (РФ), A.Mickiewicz Poznan University (Poland), Шинжяң педагогикалық институты (ҚХР) атты жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас оңтайлы жолға қойылды.
Қазақ филологиясы кафедрасында филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедраның негізін қалаушы лексиколог-ғалым Жағыпар Мұсаұлы Мусиннің тіл білімінің лесикология, семасиология, этимология, ономосиология, этнолингвистикалық мәселелерді зерделеу мектебі қалыптасқан.
Бұл бағытта кафедра ПОҚ-мы зерттеу нәтижелері мақалаларын, профессор Б.Б.Жахина, доцент Р.Ж.Киякова, доцент Ө.А.Жумагуловалар студенттер мен магистранттарға зерттеу тақырыптарын ұсынуда.
2012-2014 жылдар аралығында «Көкше өңірінің фольклоры» гранттық Жобасы аясында ареалдық фольклор мұраларындағы ономастикалық атаулар зерттеліп, «Көкше өңірінің фольклорлық мұралары» ұжымдық монография жарық көрді.
Бүгінде аталған мектептің ізденістері кафедра ғалымдары мен білім алушылардың зерттеу жұмыстарынан орын алуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет