Жанаттар туысы (еноты) (Procyon Storr, 1780).
Қысқа аяқты жанат тәрізді итке ұқсас жыртқыш Солтүстік және Орталық Америкада таралған. 1935 жылдан 1965 жылға дейін Әзірбайжан, Беларусь, Қырғыстан, Өзбекстан, Қазақстан, Краснодар, Ставрополь және Приморье өлкелерінде жерсіндірілген. Қазақстанда алғашқы рет 1953 жылы 43 жанат Піскем жотасына (ОҚО Бостандық ауданы) жіберілді.
Жанаттар түрлі майда кеміргіштермен қоректеніп, ауыл және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанаттар биологиясын тереңірек зерттеу, санын анықтау – ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |