Қоңыр аю (бурый медведь) (Ursus arctos Linnalus, 1758).
Қазіргі кезде қоңыр аю Өгем мен Қоржынтауда, Талас Алатауында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығында (60-70 бас), Іле Алатауында (Алматы қорығы – 15-20 бас), Күнгей Алатауында, Теріскей Алатауында, Кетпен жотасында сан мөлшері аз; Жоңғар Алатауында, Тарбағатай, Сауыр, Оңтүстік Алтайда біршама мекендейді. Қоңыр аюдың жалпы саны 1980 жылдардағы санақ бойынша Қазақстанда 900-100 болған. Бұл жыртқыштың еті тамақ ретінде пайдаланылады. Терісі бағалы, еті мен майы халық медицинасында дәрі ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |