Ескекаяқтылар отряды – Pinni – Pedia Jlliger, 1811.
Ескекаяқтылар уақытының көпшілігін суда өткізеді. Олар демалу, шағылысу, бала туу және түлеу үшін жағаға шығады.
Бұл отрядқа итбалықтар тұқымдасы (настоящие тюлени)-Рһосіdae Gray,1821 жатады. Бұл тұқымдасқа жататын андардың суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделген терісі болады. Итбалық дене тұрқы 1,2 м-ден 6,5 м-ге дейін, салмағы 50-60 кг –нан 2-3,5 т-ға дейін болады
Қазақстанда оның бір-ақ түрі-Каспий итбалығы ғана кездеседі.Каспий теңізінде мекендейтін итбалық жалпы саны шамамен 500-600 мыңдай. Каспий итбалығы - кәсіптік маңызы бар аң, XVIII-XIX ғасырларда жыл сайын 160 мыңға жуық итбалық терісі дайындалған. Олардың майлары пайдалы, терілерінен әйелдердің ішіктері, бас киімдері тігіледі. Майын және белогын медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданады. Итбалықтың майын былғары жасау, сабын қайнату, кейде медициналық «балық» майын жасау үшін пайдаланады.
Нағыз итбалықтар (Настоящие тюлени). Жоғарғы қатар, солдан оңға: гренландия итбалығы (гренландский тюлень), буылтық нерпа (кольчатая нерпа), каспий итбалығы (каспийский тюлень), ларга. Төменгі қатар, солдан оңға: теңіз қояны (морской заяц), тюлень Уэделла, теңіз қабыланы (морской леопард), жерорта теңізінің итбалығы (средиземноморский тюлень-монах)
Достарыңызбен бөлісу: |