Сурет 2.2.7Дала суыры– (степной сурок) - (лат. Marmota bobak)
Сутышқаны - Ондатр(лат. Ondatra zibethicus) - тоқалтіс тұқымдасына жататын кеміргіш. Денесінің ұзындығы 14-25 см,құйрығы 15 см.Тоспа су және жай ағатын су қоймаларының жағаларында жартылай суда тіршілік етеді. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерініңбойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазір республиканың барлықөзен-көлдерінде 350 мыңдай Ондатр кездеседі.
Сурет 2.2.8 Сутышқаны–(Ондатр) - (лат. Ondatra zibethicus)
Су тышқаны қауіпті жұқпалы ауру –тулеремияны тасымалдаушы болып табылады.Су тышқаны терісінің бағалы аң терісін дайындауда алатын орны шамалы.
Борсық - Барсук -Meles Brisson, 1762-терісі мен майы үшін кәсіптік тұрғыдан және әуесқойлық жолмен ауланатын аң. Денесінің ұзындығы 70 сантиметрдей, күзде әбден семірген кезде салмағы 15 килограмға жетеді. Бұл — сондай иісшілі және өте сақ аң.