Сурет 2.2.4 Үлкен сарышұнақ – Большой суслик (лат. Spermophilus)
Кум қоян – Песчанный заяц(лат. Lepus europaeus) – қоян туысының бір түрі, қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан,Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған.
Сурет 2.2.5 Кум қоян – Песчанный заяц(лат. Lepus europaeus)
Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Іні су жағалауларында, бұталардың түбінде, орманның жиегінде болады. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет (44 – 46 күнде бір рет), 3 – 9 көжектен туады. Денесін қалың түк басқан, көжегі – көзі ашық, ширақ болып туады, бірден жүріп кетеді. 12 жылдай тіршілік етеді. Өсімдікпен қоректенеді. Көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Сондай-ақ, туляремия ауруын таратады. Кум қоян еті, терісі үшін ауланады.
Достарыңызбен бөлісу: |