Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет81/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Сусар тұқымдастарынан – сусар, бұлғын, құну, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю (балқы), құндыз Қазақстанда кездеседі. Бұлардың да үлбірінің бағалы, кәсіптік мәні бар.

Тақтұяқтылар отряды. Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы дамыған, қалған саусақтары нашар жетілген. Қазір үш тұқымдасының (тапирлер, керіктер, жылқылар) өкілдері кездеседі. Қазақстан жерінде бұл отрядқа жататын жабайы жылқының түрі – құлан мекендейді. Ерте кезде Қазақстанның батыс өңірінде жабайы жылқы – тарпан, шығысында түзат (пржевальский жылқысы) таралған.

Қазіргі жылқының арғы тегі – тарпан, керқұлан (онагра). Бұрын керқұлан қазақ жерінде үйір-үйірімен өріп жүрген, оны бағалы терісі, дәмді еті үшін көптеп аулаған. Қазіргі кезде құланға қатысты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеу сөздер көп. Қазақстанда құланға байланысты жер-су аттары да баршылық. Талас Алатауында «Құланқорық» деген жер аты құланның арнайы қорғауға алынғандығын аңғартады. Қазіргі кезде құлан Қазақстан қорықтарында ғана кездеседі. Барсакелмес, Үстірт қорықтарында, Алтынемел табиғи саябағында, Андасай (Жамбыл облысы) қорықшасында қорғауға алынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет