Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет82/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Ескекаяқтылар отрядына дене пішіні ұршық тәрізді 30-дан астам жануар түрлері жатады. Қазақстанда (Каспий теңізінде) каспийлік түлен деген түрі ғана кездеседі. Аяқтары ескекке айналғандықтан, ескекаяқтылар деп аталған. Тері астындағы қалыңдығы 10 см шамасындағы майлы қабаты дене температурасын реттейді әрі қор заты болып есептеледі. Тіршілігінің көп уақыты суда өтеді, құрлыққа тынығу, көбею, күшіктеу кезінде ғана шығады.

Жаңа туған күшігінің түгі аппақ болғандықтан, «ақүрпек» дейді. Күшіктеген кезде қатты суық түсіп, ауа райы күрт өзгереді. Мұны халқымыз «түленнің кіндік кесері» деп атайды. Күшіктері өсе келе түгі өзгеріп, сұр түске ауысады, ол кезде «боздақ» деп аталады. Терісі, үлбірі, майы үшін аулайды. Теңіз суының ластануынан соңғы кезде каспий түлендер санының азаюы байқалуда.

Қазақстанда желілі жануарлардың 830-дан астам түрлері мекендейді. Сирек кездесетіндіктен, олардың 125 түрі Қазақстанның соңғы шыққан Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Кітапта балықтың, қосмекенділердің, жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің түрлері атап көрсетілген.

Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар 10 мемлекеттік қорықта, 9 ұлттық табиғи саябақта және 60-қа жуық қорықшыларда қорғалады. Қазақстан қорықтары табиғат аймақтары бойынша ұйымдастырылып, сирек кездесетін жануарлар қатаң қорғауға алынған. өлкеміздің таулы алқаптарында Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Марқакөл (1976), Батыс Алтай (1992), Қаратау (2004) қорықтары бар. Таулы алқаптарда ілбіс, арқар, сілесін, ақтөс сусар, ұлар, қара дегелек және өзге де жануарлар қорғалады. Қазақстанның далалы, шөлейтті алқабында Барсакелмес (1939), Үстірт (1984), Наурызым (1930) және Алакөл (1998) қорықтары бар.

Ірі қалалардағы хайуанат бақтарында сирек кездесетін жануарларды қолдан өсіріп көбейтуге ерекше көңіл бөлінген. 1937 жылы ұйымдастырылған Алматы хайуанат бағында ілбіс, сақалтай қолдан өсіріліп, көбейтілуде. Қарағанды, Шымкент хайуанаттар бақтарында да осындай игілікті шаралар жүргізілуде.

Сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулауға тыйым салынады. Оларды қорғау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жергілікті тұрғындар арасында кеңінен жүргізілуі тиіс.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. 
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет