Сурет 1.2.4 Cілеусін - (рысь) - (лат. Felis Lynx Linnalus)
Каспийден Алтайға дейінгі шөлді аласа тауларда кең тараған, бірақ сирек кездесетін түр. Сарыарқа мен Жоңғар Алатауында қорықтар ұйымдастырукерек.
Ілбіс – (снежный Барс) -Uncia Schreber,1775
Сурет 1.2.5 Ілбіс – (снежный Барс) (лат. Uncia Schreber)
Қазақстандағы ең жабайы мысық. Тянь – Шань Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200 ден аспайды.1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар бағында өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөлқорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады.
Сусарлар тұқымдасы(Mustelidae Fischer,1817).
Дүние жүзіне сусар тұқымдасының өкілдері ең құнды терісі арқылы белгілі. Совет Одағында сусар тұқымдасына жататын аңдардың 19 түрі кездесетін болса, соның 15 түрі Қазақстанда тараған. Бұлардың ішінде бағалы терісі үшін ауланатындарына бұлғын, дала күзені (степной или светлый хорек), орман күзені (лесной или темный хорек), су күзені (американская норка), сары күзен (колонок), сарғыш күзен (солонгой), ақкіс, аққалақ, құндыз (обыкновенная выдра), борсық және құну жатады. Ал қалған түрлері— орман сусары (лесная куница), тас сусары (каменнаякуница), шұбар күзен (перевязка), европа қаракүзені (европейская норка) және орта азия құндызы (среднеазиатская выдра) өте сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Бұл аңдарды қорғауға алуға байланысты, оларды аулауғатолық тыйым салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |