Қолға үйренбейтін.
... Жақын барып қарасам, бір құс қуыска қысылып қалылты. Қанатымен отынды сабалайды. Қолымды жүгіртіп, екі қанатынан қысып ұстап, қуыстан шығарып алдым. Үйге әкеліп, темір торға қамадым да, алдына жем, су қойып, бақылауға кірістім.
Қолға -түскен кекілік болсын, құр болсын алдына қойған жемді жей беретін. Мына құс ондай емес. Жарты тәуліктер асты. Алдына қойған жемге тиісті назар аудармай қойды, құйылған суды ішпеді. Қанатымен темір торды сабалап, сыртқа шығуға талпына берді. Мұны байқаған атам: - Балам, мынауын, шіл ғой. Ол қолга үйренбейтін құс. Обалына қаласың жібере сал, — деді.
Үлкен кісінің айтқанын істедім. Шілді тордан босатып торайға апарып, ұшырып жібердім. Пыр етіп көтерілген кішкентай құс қалың араштың арасына сіңіп, көрінбей кетті.
Тапсырма орындалып болғаннан кейiн сынып екi топқа бөлiндi. Бiрiншi топқа – «Балдырған», екiншi топқа – «Бүлдiршiн» деген ат қойылды. Екi топ бiр-бiрiне алдын-ала дайындалған сұрақтарды бердi.
«Балдырғанның» сұрақтары:
а)Сөзден не жасауға болады?
ә)Бiр сөз берiп, сол сөздiң әрбiр әрпiн сөз етiп, бiртұтас жақты жай сөйлем құра. Мысалы: Б А Л А
Балжан алманы лезде алды.
б)Сөз тудыру шығармашылығы.
Бiр оқушы атайды. Қалған оқушылар оған шырай, реңк жұрнақтарын тiркестiрiп, жаңа сөз жасады. Онда жаңа сөздiң қолданыс аясы туралы оқушы түсiнiк бердi. Ұйқастың түрi берiлiп, оқушыларға сол бойынша өлең құрастыру тапсырылады (барғанда – алғанда; емен – кеме; айды – сайды; iркiлдей – желкiлдей т.б).
Екiншi топтың тапсырмалары:
а)Бiр сөздiң құрамынан әрiптердiң орнын ауыстырмастан басқа, бiрнеше сөз шығаруға бола ма? Болса, мысал келтiр. (Жан, у, ар, темiр, қаз, ық).
ә)Тез орындау керек. Құрамындағы буындарының орнын өзгерткенмен мағынасы өзгермейтiн сөздердi атаңдар. (Папа, Мама т.б).
б)Солдан оңға қарай оқысаң - бiр мағына, ал оңнан солға қарай – басқа мағына беретiн сөздердi атаңдар (Мысық – қысым, тарақ – қарат).
в)Төмендегi берiлген сөздердi нақты ажыратыңдар. Ол үшiн көп нүктелердiң орнына қажеттi буындарды дұрыс тауып орналастырыңдар. Сонымен, бұл не өзi? Құс па, аң ба? Өсiмдiк пе, әлде өзен бе? Жоқ, әлде …. Иә, ойланып көрiңдер, мұнда бәрi-бәрi бар.
Осы тапсырмалар арқылы оқушыларды сабаққа қызықтырып, олардың өз сөздерiн дәлелдеу дағдыларын қалыптастырды. Бұл тапсырмалардан кейiн мұғалiм оқушылармен оқулық бойынша жұмыс iстелдi.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
3-тапсырма. Әдеп туралы өзiң не айтар едiң?
Әдеп. Бiр жұрттың үлкен әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қастарынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бередi дейдi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша жұрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.
Сонда әкiм:
- Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қалайын ба? – дейдi.
Немесе
Тапсырмалар.
1. Мәтiндегi диалогты монологқа ауыстырыңлар.
2. Мәтiннен әдептiлiк туралы жақсы жазылған жерiн тауып түсiңдiрiңдер.
3. Мәтiннiң мағынасын қандай мақал- мәтелдермен бересiңдер.
Мейірімді қыз.
Көше жақтауында араш өсіп тұр. Басына тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп үлбіретіп қойған. «Дәуде болса, бір бала ұмытып кеткен-ау» деп жан-жағыма қарай бергенім сол еді, оң қапталымдағы қызыл қақпадан төрт-бес жасар қыз бала шыға келді. Мен қуыршақты алып соған қарай жүрдім. Жақын-дай бергенімде қыз бала:
- Жөндеп көтермейсіз бе, бір жерін сындырасыз ғой, - деді кейіп. Қарасам, қуыршақтың қолынан, салбырата ұстап келеді екен. «Жаны ашып кетті ғой, қандай мейірімді қыз», - деп ойладым ішімнен [31].
2.3 Оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптасу ұйымдастыруды жүзеге асыру іс-тәжірибелері
Достарыңызбен бөлісу: |