Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



бет22/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

Сабақтың тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатын құралатын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні түрінде түсінік беру. Естің қабілетін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, үйлестірмелі материалдар, текшелер кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аудару үшін есік қағады да, олардан не естігенін сұрайды.
Мұғалім дабылды (Барабанды) соғады да, не естідіңдер деп сұрайды.

  • Дұрыс, балалар, сендер дұрыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

  • Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-а десек? Оны созып айтуға болады, даусымыз еркін шығады.Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Ол дыбыстарды жеке-жеке айтайық ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың атарын, заттарды атаңдар.

  • Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Мысалы қуыршақ десек, онда ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді Ана сөзін талдайық .

АНА –неше дыбыс бар?

  • Дұрыс айтыңдар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтыңдар.

  • Жеке дыбыс ойлаңдар.

Балалардың жауабы тыңдалады.
«Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру.
Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді [30].
Қорыта айтқанда, диалогтық оқыту технологиясында мұғалім мен оқушылар арасында тiлдiк қатынас бүкiл сабақ бойы жүредi. Бұл оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетiлдiрдi, ойлау қабiлеттерiн арттырып,бiлiмдерiн толықтырды.
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін мәтінін оқыту
Сабаққа қажеттi көрнекi құралдар: плакаттар, кеспе қағаздар, сөйлеуге жағдаят туғызуға арналған кестелер.
Сабақ үйге берiлген тапсырмаларды сұраудан басталды. Оқушылардың барлығы бiр-бiрiмен жарыса жауап беруге тырысты. Үй тапсырмасын тексергеннен кейiн, оқушыларға мәтiннiң жоспарын берiп, мәтiн жазуды тапсырдық.
- Балалар, мәтiннiң аты «Құмырсқа мен көгершiн». Сендер дәптерлерiңе мәтiннiң негiзгi бөлiктерiнiң атауларына қарап, мәтiн жазыңдар:
1. Құмырсқа суға ағады.
2. Көгершiн құтқарады.
3. Көгершiн құс торушының қолына түседi.
4. Құмырсқа көгершiнге көмекке келедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет