Сабақтың тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатын құралатын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні түрінде түсінік беру. Естің қабілетін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, үйлестірмелі материалдар, текшелер кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аудару үшін есік қағады да, олардан не естігенін сұрайды.
Мұғалім дабылды (Барабанды) соғады да, не естідіңдер деп сұрайды.
Дұрыс, балалар, сендер дұрыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?
Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-а десек? Оны созып айтуға болады, даусымыз еркін шығады.Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Ол дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың атарын, заттарды атаңдар.
Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді Ана сөзін талдайық .
АНА –неше дыбыс бар?
Дұрыс айтыңдар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерін ойлап, кезекпен айтыңдар.
Жеке дыбыс ойлаңдар.
Балалардың жауабы тыңдалады.
«Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастыру.
Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді.
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: С дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Балалардың С дыбысы бар сөз, сөйлем табуына назар аудару.
Көрнекілік ретінде кеспе әріптер, әріп таңбасы, суреттер.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде қандай өзгерістер болады?
Құстар жайлы не байқадыңдар?
Күз айларын атаңдар.
Апта аттарын кім айтады? Аптада «С » дыбысынан басталатын қанша күн бар?
-Балалар, с дыбысын айтып көрейік.
-С қандай дыбыс ?
-Неліктен дауыссыз?
-С дыбысына байланысты кім кім тез сөздер тауып айтады?
Достарыңызбен бөлісу: |