Зерттеу мақсаты: 1 сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу, соның негізінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: 1 сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің міндеттері: - Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді оқып, талдай келе, зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін анықтауға пайдалану;
- Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалогтық оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру әдістемесін жасау;
- Бастауыш сыныпта оқушылардың қазақ тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың ұтымды әдістерін айқындау;
Зерттеудің теориялық маңызы:Бастауыш сыныпта қазақ тiлi сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты алынған тұжырымдар мен қорытындылар қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн теориялық тұрғыдан толықтырады, сонымен қатар сабақта жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселесіне үлес қосады. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесiнде белгiленген ұстанымдар бастауыш мектепте тiл дамытудың қағидалары мен заңдылықтарын дамытуға игi әсер етедi. Зерттеудің теориялық нәтижелерін мектепте және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі, тіл мәдениеті салаларын оқытуда арнайы курс ретінде пайдалануға болады.
Зерттеудің практикалық маңызы:Зерттеу жұмыстарының нәтижелері бастауыш мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістемелік құралда көрініс тапты: «Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары». Зерттеу жұмысының нәтижелерінің тиімділігі педагогикалық эксперимент барысында дәлелденді. Сондықтан, зерттеу жұмысындағы нәтижелердi бастауыш мектеп мұғалiмдерi мен әдiскер ғалымдар қолдана алады. Жұмыста ұсынылған тапсырмалар мен жаттығуларды, сабақ үлгiлерiн мектеп мұғалiмдерiнiң күнделiктi оқыту үдерісінде пайдалануына болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.