Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері



бет4/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

1 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері


1.1 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру мәселесінің зерттелу тарихына шолу
Қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi өзiнiң ғылым ретiнде қалыптасу жолын ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнен бастау алады. Бұл қазақ халқының көрнектi ғалымдары, қоғам қайраткерлерi, ақындары мен жазушыларының өз ұлтының тағдырына немқұрайдылықпен қарамай, қазақ тiлiнiң өркендеуiне, тiлдiң өзiндiк ерекшелiктерiн айқындаудағы қажырлы еңбектерiнiң арқасы. Қазақ халқын сауаттандыру үшiн ұлтжанды азаматтар тiлдiң теориялық заңдылықтарын зерттеп, нәтижелерiн халыққа бiлiм беруде қолдануды өздерiне парыз санады. Ұлт мектептерiнде қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi жөнiнде пiкiрлер сол кезеңдегi «Айқап», «Қазақ», «Шолпан», «Мұғалiм», «Сана» т.б басылымдарда жарияланып отырды. Сол жылдары жарық көрген А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерiнде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту жөнiнде елеулi пiкiрлер, қазақ тiлi сабағының құрылымы және сабақта қолданылатын негiзгi әдiстер мен мұғалiмге қойылатын талаптар айқындалған.
Міне, осындай ғасырлар қойнауында қорытындыланып қалыптасқан қазақ халқына тән тәрбиенің өнегелі озық дәстүрлерін бүгінгі жаңа ұрпақ тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірбиесіне жүгіну- бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыстар» екенін Елбасы Н.Назарбаев та өзінің сөйлеген сөзінде айтып өткен. Күні бүгінге дейін атадан балаға мирас болып беріліп отырған көркем туындыларда, ауыз әдебиеті үлгілерінде, музыкалық шығармаларда көрініс тапқан [5, 3-4 б.].
Оқушының кітапқа құмарлығын арттыру арқылы:
Қазіргі заманғы сай баланың білім деңгейі деген не?
Қазіргі заманғы сай мұғалім деген кім? Ол қандай?
Қазіргі заман талабына сай оқыту талабы қандай?
Бұл сұрақтар барлық қоғамда да, барлық замандарда да өз алдына үлкен мәселе ретінде, реформалар, жаңа идеялар арқылы алға қойылып, әртүрлі эксперименттер арқылы талданып келгенін тарихи өткеніміз арқылы білеміз.
Егемен ел болғалы оқытудағы жаңа технологиялар бізді де айналып өтпей, мүғалімдер қауымы өз тәжірибелерін ортаға салып, сабақ берудің жаңа, сапалы үрдісіне көшті. Ол технологиялар арқылы ұстаздар сабақ берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін жинақтады.
Ең алдымен оқушы мен оқытушы, оқытушы мен ата-ана, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа сипаты пайда бола бастады. Жаңа технологиялардың басты артықшылығы білім беруді ізгілендіру мен демократияландырудан көрінеді [6, 4-5 б.].

Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң негiзiн қалаған ғалымдардың жоғарыда аталған еңбектерiнiң басты құндылығы – осы еңбектер арқылы мұғалiмдерге қазақ тiлiн қалай оқыту жөнiнде практикалық көмек берiлдi. Сондай-ақ бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiн теориялық және әдiстемелiк тұрғыдан зерттеп, оның жеке ғылым саласы болып қалыптасуына зор елеулi үлес қосты.


Кейiнгi жылдары осы мәселенi Ә.Сәдуақасов, С.Жиенбаев, Р.Әмiров, Ш.Сарыбаев, К.Бозжанова, М.Жұбанова, С.Рахметова, М.Жазыбаев, И.Ұйықбаев, С.Қазыбаев, Т.Әбдiкәрiмова, Г.Уайсова, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаев және т.б ары қарай тереңдетiп, келесi зерттеулермен, монографиялармен әдiстемелiк нұсқаулармен дамытты.
Қазақтың ғұлама ағартушы демократтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарыин, А.Құнанбаев, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. ұрпақ тәрбиесін көңіл көшінен таса қалдырмай, еңбектері мен шығармаларын балаларға, оның болашағына арнағаны баршаға аян.
Келешек жас ұрпақ елін, жерін сүйетін, азаматтық, адамгершілік қасиеті мол, білімді де парасатты, ата-баба әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірген, шымыр да шыныққан азаматты тәрбиелеудің алтын діңгегі, қазақ халқының ұлы педагогы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, қазақ даласында ғылым мен білімінің қоңырауын соққан Ы.Алтынсарин болды. Ол қазақ балаларына арнап оқулықтар жазып, олардың жан дүниесіне әсер етіп, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолын ашты. Осы орайда оның 1876 жылы И.Ильминскийге жазған хаттарының бірінде: «...мен балаларға қызықты етіп, табиғат күштері, құбылыстары тарихы-жағырапиялық тартымды әңгіме құрамын. Менің бұған шеберлігім мен білімім жететін, жетпейтінін білмеймін, бірақ қалайда істеп көремін», -деп ағынан жарылып, ақтарылып айтқан сөзінен азаматтық қызметіне қаншалықты зор мән бергенін көруге болады [7, 40 б.].
Қазiргi кезеңде бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқыту үшiн жаңа буын оқулықтары, оқыту кешендерi, дидактикалық материалдар мен әдiстемелiк нұсқаулар шыға бастады. Ғалымдар, әдiскерлер бастауыш мектепте қазақ тiлi саласын оқытуға, оқыту үрдiсiнде жаңа әдiстер мен технологияларды қолдануға аса назар аудара бастады. Бүгiнгi таңдағы осындай өзектi мәселелердiң бiрi - оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, шәкiрттерге бiлiмдi теориялық тұрғыдан ғана меңгертпей, олардың осы бiлiмдi тiлдiк қатынаста еркiн пайдалануға, дұрыс сөйлеуге үйрету. Бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқытуға арналған ғылыми жұмыстарда оқушылардың тiлiн дамыту, олардың байланыстырып сөйлеу дағдылары мен бiлiктерiн қалыптастыру туралы пiкiрлер айтылғанымен осы кезге дейін ғылыми зерттеуге алынып, белгілі бiр әдiстемелiк жүйеге түсiрiлмеген. Біздің зерттеуіміз осы мәселені арнайы ғылыми тұрғыдан алғашқы қарастырған жұмыс.
Бастауыш мектепке арналған еңбектерде «тiл ширату», «тiл жетiлдiру», «тiл ұстарту», «тiл дамыту», «байланыстырып сөйлеу дағдысы» секiлдi терминдер ұшырасады. Осы терминдердiң мағынасын алғаш рет айқындап, олардың өзiндiк ерекшелiктерiн белгiлеген ғалым – профессор С.Рахметова. С.Рахметова терминдердiң әрқайсысына мынадай түсiнiк берген: «... еңбегiмiзде, тiл дамыту» терминiн қолданып отырмыз, өйткенi «тiл ширату» балалардың бiлетiн пассив сөздерiн активтендiру мақсатын көздесе, «тiл жетiлдiру» (усовершенствование) көбiне баланың тiлiн түзету мағынасында қолданылады. Ал «сөз байлығын арттыру» - сөздiкке ғана қатысты. Бiздiң ойымызша, «тiл дамыту» терминi осылардың барлығын қамтиды.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепке оқуына байланысты сол табиғи үдеріс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан басты-басты заңдылықтар шығады:
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.
Балалар тілінің фонологиялық мағынасы, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды.
Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады.

  1. Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру ( мұнда грамматика басты орын алады);

  2. Оқушылар өздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан таныс құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеу;

  3. Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.

Үшінші заңдылық: Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру. Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Төртінші заңдылық: Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.
«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеудің меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады», - дейді профессор Н.С.Рождественский.
Бесінші заңдылық: Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясы», яғни тіл таңбаларын –дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) –ұғыну барысында меңгеріледі.
Алтыншы заңдылық: Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.
Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай әдістемелік принцип шығады:
1.ұштастыра оқыту;
2. қайталау;
3. өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл принциптерді іске асыру үшін: 1. Бағдарламаны тиянақты құру;
2. Жоспарлы түрде қайталап отыру; 3. Жаттығу жұмыстары; 4. Оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сонымен ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепке оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан туындайды, мұндай принциптерге негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі [8, 9-12 б.].
Демек, оқушылардың тiлiн ширатуға, олардың тiлiн жетiлдiруге, шәкiрттердi байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жұмыстардың барлығы балалардың тiлiн дамыту мақсатын көздейдi. Сондықтан, «байланыстырып сөйлеу» мен «сөйлеу дағдысын қалыптастыру» терминдерiнiң өзiндiк өзгешелiктерi бар екенiне назар аударған жөн. Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары көбiнесе шығарма және мазмұндама, яғни оқушылардың мәтiн түзу дағдысын қалыптастыру жұмыстары болса, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарына «сөйлеудегi, жазудағы тiл жұмсаудың өнегелi үлгiлерi, сауаттылық, айқын ойлылық, iзеттiлiкке» үйрететiн жұмыстары жатқызылады. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының тiл дамытумен ара-қатынасы жоқ деген ой тууы ағаттық. Қайта оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының негiзiнде тiл дамытудың негiзгi заңдылықтары мен принциптерi тұрады.
Дағды - автоматтандырылған деңгейге жеткен әрекет; көп қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту барысында дағдыларды жасау қажет, әсіресе жалпы оқулық мәнді, пәнаралық: ауызша және жазбаша сөйлеу, есеп шығару, есептеу, өлшеу т.б. [9, 37 б.].
Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру дегенiмiз – шәкiрттердiң бiр-бiрiмен күнделiктi пiкiрлесуi ғана емес, олардың тiлдiк қатысым барысында өз ойын анық, дұрыс және түсiнiктi жеткiзуге, сөйлер сөзiнiң тiлдiк нормаларын сақтап, iзеттi сөйлеуге үйрету. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған алғашқы іргелі еңбектерге А.Байтұрсынов, Ғ.Бегалиев, Ә.Сәдуақасов, Р.Әмiров, К.Бозжанова, С.Рахметова т.б. ғалым-әдiскерлердiң жұмыстарын атауға болады.
Қазақ халқының прогрестiк ағартушысы Ы.Алтынсарин - қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнiң алғашқы туындылары «Қазақ хрестоматиясы» және «Мактубатының» авторы. Бүкiл ғұмырын халық санасын көтеруге, қара халықтың баласын оқытуға арнаған ағартушы қазақ жерiне жаңа үлгiдегi мектептер керек екенiн заманынан бұрын түсiнген. Ы.Алтынсариннiң «Мектеп-қазақтарға бiлiм берудiң басты құралы. Бiздiң барлық үмiтiмiз, қазақ халқының келешегi осында, тек осы мектептерде ғана», – деуi, оның қазақ халқының болашағын оқу-ағарту iстерiмен байланыстырғанын көрсетедi. Кейiнгi өмiр ағартушы ғалымның пiкiрi орынды екенiн дәлелдедi [10, 16-17 б.].
Ғалымның еңбектерiнде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға тiкелей практикалық маңызы бар тәсiлдер не әдiстер көрсетiлмегенiмен, оқушылардың сөздiк қорын молайтуға және танымын жетiлдiруге арналған өлеңдерi, әңгiмелерi мен ертегiлерi баршылық. Бұл жерде ағартушы-педагогтiң «Кел, балалар, оқылық», «Өнер бiлiм бар жұрттар», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Талаптың пайдасы» т.б еңбектерiнен шәкiрттердiң жеке басын, олардың мәдениетiн қалыптастыруды мақсат еткенiн көруге болады.
Бастауыш мектептегi қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде А.Байтұрсынұлының орны ерекше. А.Байтұрсынұлының мектептегi оқу ағарту мәселелерiне арналған «Қай әдiс жақсы?». «... Жалқылау (айрырыңқы) әдiс», «Жалқылаулы, жалпылаулы әдiс». «Бастауыш мектеп», «Тiл-құрал», «Оқу құралы» т.б. оқулықтары мен мақалаларында айтылған пiкiрлерi мен көзқарастары бүгiнгi күнге дейiн өз құнын жоймаған. Ғалымның еңбектерiнде оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ерекше ден қойылып, бастауыш мектеп мұғалiмдерiне тәжiрибе жүзiнде түсiндiрiлген. Ғалым «Түркологтардың бүкiлодақтық бiрiншi съезiнде» жасаған баяндамасында қазақ тiлiнiң тазалығына, оның басқа тiлден енген сөздерден арылуы керектiгi жөнiнде: «Так как ни одна область культуры так тесно не связана с духовной жизнью как язык, то вместе с религией и письменностью стала проникать и литература и светского содержания, а вместе с последней незаметно заимствовались слова из чужого языка. Языки постепенно испещрялись, терялись природные собственных языков», деп, тiл мәдениетiн жетiлдiру үшiн сөйлеу тiлi орфографиялық заңдылыққа сүйенуi қажеттiгiн атап көрсетілген.
Ғалым қазақ тiлi басқа елдерден енген кiрме, термин сөздердi қазақ тiлiнiң iшкi заңдылықтарына, оның табиғатына сай өзгертiлуi керектiгiне назар аударған. Сонымен қатар қазақ тiлiнiң варваризмдермен ластанбауы үшiн мынадай принциптерi қадағалау қажет дейдi:
а) Для терминов предпочтительно перед другими брать казахские слова с вполне соответствующим данному понятию значением.
б) в случае соответствия в казахском языке подобного рода слов, заимствовать таковые из родственных казахскому языков.
в) Общеупотребительные мировые термины могут приниматься по соответствующими природой казахского языка изменениями.
г) Все неказахские слова, не согласующиеся с природой казахского языка, точно должны подвергаться изменениям соответственно казахскому говору
Ғалымның ұсынған принциптерi бүгiнгi таңда кеңiнен қолданылып жүр. Бұған мысал кiрме сөздердi қазақ тiлiне аудару болып табылады. Таможня- кеден, вертолет- тiкұшақ, самолет - ұшақ т.б.
А.Байтұрсыновтың ұсынған принциптерді бүгінгі күнде әліппеде әлі де болса назар аударылмай келеді. Әліппе оқулығында басқа тілдерден енген дыбыстарды үйретуде алынған сөздер қазақ тіліне аударылмай сол күйінде оқытылып келеді. Бұл әсіресе орыс тілінен енген (ь,ъ,в,ё және т.б.) үйрету жұмыстарында анық байқалады. Осының әсерінен қазақ балалары бастауыш мектептен-ақ сөйлер сөзінде кірме сөздерді қолдануға дағдыланады. Мұндай дағдылардан арылу үшін орыс не басқа тілдерден енген сөздерді қазақ тілінің дыбыстау заңдылықтарына сәйкестендіріп, қазақ тіліне аударып берген орынды деп ойлаймыз.
А.Байтұрсынов оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға назар аударған. А.Байтұрсынов «Тіл жұмсар» кітабында оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жүйелі жүргізу үлгілерін ұсынады. Оқушыларға мақсатты түрде сұраулар беріп, сол сұрауларға жауап алған. Аталған еңбектегі «Сұрау», «Жауап жазу», «Сөз туғызу», «Құрастыру» сияқты жұмыс түрлерін кезегімен бере отырып, А.Байтұрсынов оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын жетілдірген. Мұны А.Байтұрсынов қолданған тәсілдерді талдау негізінде толық көз жеткізуге болады:
Мысалы: «Буыншы әріптер» атты тақырыпты өтерде қолданған тәсілдері.
Шәкірт әңгімесінен
Сабақтан шыққан соң жиылыс жасап жібердік. Кеңесіп мынадай қаулы шығардық:
1-нші, бәріміз тату болайық.
2-ші, біріміз-бірімізге көмектесейік.
3-ші, құр бетімізге шулай бермейік.
4-нші, әсіресе сабақ үстінде тыныш отырайық.- деп бере отырып, оқушылардың ауызша жауап беруін талап ететін мынадай сұрақтар береді:
Жиылыс қайда болған?
Тәртіпті неге керек қылған?
Тәртіпші сайлау керек деген кім?
Кімдер жиылған?
Жиен ағасы кім болған?
Тәртіпшінің міндеттері нендей?
1-нші
2-нші
3-нші
Мұндай тапсырмалар оқушылардың өз сөзін дәлелді айтуға, топ алдында қысылмай жауап беруге, қорытындыда оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіретіні ақиқат. Ғалым оқушылардың сөздік қорын молайтуға да ерекше назар аударғаны төмендегі мына мысалдан анық байқалады:
Сөз тудыру.
Тәртіп-тәртіпші Ән-
Қой-қойшы Өлең-
Түйе- Оқу-
Жылқы- Оқыту-
Мал- Үйрету-
Аң- Күзет-
Етік-
Балық [11, 438б.]
Мұндай мысалдар оқушыларды жоғарыда «Шәкірт әңгімесінен» атты мәтінде берілген сөздерді түрлендіруге, осы сөздерге ұқсас басқа да сөздерді түрлендіруге дағдыландарады.
А.Байтұрсынов - қазақ елiнiң болашағына, тұрмыс-ахуалына жаны күйзелген алаш жұртының бiртуар азаматы. Ғалымның бастауыш мектеп жайында, оқыту жайында айтқан пiкiрлерi бүгiнгi күнде айрықша мәнге ие. Себебi, ғалым, керексiз нәрселердi үйретiп, балалардың өмiрiн босқа өткiзбес үшiн, үйретерге тиiстi бiлiмдi кем үйретпес үшiн, балалардың күшi жетпейтiндi өте алысқа сүйреп кетпес үшiн, бастауыш мектепке үйрететiн бiлiмiн алдын-ала жоспарлап, оқушылардың тұлғалық қабiлеттерiне сай жасалуы қажеттiгiн атап көрсеткен. Сөйтiп А.Байтұрсыновтың бастауыш мектепке арнаған оқулықтарында қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiндегi дыбыстық жүйемен оқытудың әдісі, оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, тiлдiк материалдарды жүйелеп беру жолдары, қазақ тiлiн оқытудың мақсаттары мен мiндеттерi, бастауыш мектепте қазақ тiлiн оқытудың мазмұны жан- жақты ашылған.
А.Байтұрсынов бастауыш мектеп оқушыларын ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда белгілі бір тақырыпқа сөздер беріп, оларды балалардың күнделікті тілдік қатынаста қолданылуын қадағалап отырған. Мұны, келесі «Оқу құралы» еңбектерінен анық көруімізге болады:
1. Үй саймандары: Шаңырақ, уық, кереге, есік, босаға т.б.
2. Ыдыс-аяқ: қазан, тегене, шара, табақ, тостаған және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет