Зерттеу жұмысының құрылымы қойылған мақсат – міндеттерінен шыға отырып кіріспеден, бірнеше бөлімнен тұратын екі тарудан, қорытындыдан, сілтемелер тізімі мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылды.
Бірінші тарауда. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет елдер саясаты мен, 1950 – 1970-ші жылдары экономикалық даму процестері атты бөлімдерден құрылады.
Екінші тарауда “Жапонияның шет елдермен экономикалық қарым-қатынасы” және “Ұлттық экономиканы дамыту” деген екі бөлімнен тұрады.
Тарау . Екінші дҮниежҮзілік соҒыстан кейінгі Жапон елі.
1.1. Елдің шаруашылығын қалпына келтіру және шет
елдер саясаты.
Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі жапон империализмінің экономикалық және ішкі саяси позицияларын бұзды. Бірақта американ империализміне сүйене отырып, антигитлерлік коалицияның тигізген соққыдан қалпына келіп, өз күшін одан әрі күшейтуге көшті.
Соғыстан кейінгі жапон тарихындағы оккупацияның ерекшелігі, елдегі жоғарғы билік америка оккупациялық армияның қолында бола тұрса да, одақтас державалар атынан шыққан АҚШ, билікті тікелей емес, керісінше билеуші таптың мүддесін көздеген, жапон үкіметі арқылы жүргізді. Сонымен бірге ұзақ жылдар бойы тынқ мұхит бассейіні мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде билік үшін күресте, бақталасқан американ империализмі жапон милитаризмінің жеңіліске пайдаланып жапон империализмінен есебін алғысы келеді. Алғашқы уақытта осының нәтижесінде АҚШ Жапонияның демимтаризациясы мен экономикалық қуатын әлсіретуді жүргізді3.
Осыдан көрініп тұрғандай АҚШ соғыстан кейінгі кезеңде Жапонияны оккупацияға алып, елдің саяси және экономикалық билігін өз қолына алғысы келді. Бұл АҚШ-тың саясаты 1952 жылғы Сан-Франциско бейбіт келіссөзіне дейін созылды.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жапонияның өнеркәсібіндегі өндірістік-техникалық базасы соғыс қимылдарын аз да болса зардап шекті. Жеңіл өнеркәсібінің салалары, соның ішінде халықтық тұтынушылық сұранысын қамтамасыз етіп отырған, текстиль және азық-түлік өнеркәсіп салаларында өндірістік қуаты көптеп қысқарды.Бұл салада он мыңдаған өндіріс орындар соғыс кезінде қайтадан құрылып, олардың жабдық-құралдары ауыр өнеркәсібіне арналған шикізатқа айналды. Ал, ауыр өнеркәсібінің өндірістік қуаты болса, ол өте жоғарғы сатыда әлі де сақталынып тұрды. Мысалы 1937 жыл мен салыстырып қарағанда өндіріс қуаты станок жасауда – 245, шойын құюда –187, жаснды мұнай шығаруда – 193, мұнай өндіруде - 92 т.б. құрады. Соған қарамастан Жапонияда өндіріс тез төмендеп түсті. Шикізат, отын және азық түлік импорты, Жапонияның басқа елдермен қарым-қатынасын үзу нәтижесінен тоқтатылды4. Соғыс аяқталған уақытынан басталған осылардың бәрінің нәтижесінен және шаруашылық тың құлдырауынан, елдегі барлық өндірістік қуаттар, ұзақ уақыт бойы толық пайдаланылмады.
Маңызды экономикалық және саяси позицияларды сақтап және өз қолына өмірге қажетті материалды қорларды, монополистік буржуазиясы осының бәрін өзінің позициясын күшейту үшін пайдаланды5.
Окупацияның алғашқы кезеңде яғни 1945 – 1946 жылдары АҚШ үкіметі жапон экономикасын қалпына келтіруді алдына басты мақсат етіп қойған жоқ. Бірақ не де болса АҚШ Жапонияға экономикалық көмек беруіне оның шаруашылығын да қалпына келтіруіне мәжбүр болды. Бұл көбінесе экономикалық емес саяси мүддені қорғау үшін жасалынған яғни бұндағы мақсаты үшкір әлеуметтік қайшылықпен «аштық бүлік және жаппай көтерілістің болдыртпау үшін, сонымен қатар жапон экономикасының өзін-өзі қамтуына жету болды.
Американ үкіметі КСРО-ның жапон халқының сұранысын қамтамасыз ететін, жапон бейбіт өнеркәсібін қалпына келтіруді шектеу және бейбіт экономиканың қажеттілігімен сәйкес экспорттық сауданың дамуы жөнінде ұсыныстарынан бас тартты.
1946 жылы наурыз айында Сидэхара үкіметі «Экономика мен қаржы саласындағы төтенше шаралар жөніндең заң қабылдап, көне ақшаларды алмастыру жөнінде жариялады. Бұндай ақша реформа негізінен салымның ғана емес жұмысшылардың төлем ақыларын да тоқтауына әкелді6.
Осы жылдың тамыз айында оккупациялық үкіметінің бұрығы бойынша министрлер кабинеті жанында мемлекеттік –монополистік басқарудың маңызды органдары ретінде экономикалық тұрақтандыру бюросы мен бағаларды реттеу комитеті құрылды. Осы бойынша бюроның жұмысына өндіріс саласындағы жалпы мемлекетік жоспарлар мен бағдарламаларды құру және тауар, тұтынуды, жұмыс күшін, қаржыны, көлікті үлестіру кірді. 1947 жылы маусым айында экономикалық тұрақтандыру бюроның аппараты мен жұмысы одан әрі кеңейді. Оған экономикалық мәселелер бойынша әр министрліктің жоспарларын координациялауға және осы жоспарлардың жүзеге асуын бақылау құқы берілді7. Жапон монополистік буржуазиясы өз алдына әскери соққыдан өту және өзінің экономикалық және саяси позицияларын қалпына келтіріп, өз күшін әрі қарай күшейту үшін жағдай жасау мақсат етіп қойды. Бұл мақсатты бір жағынан оккупациялық үкіметтің жүргізген делартелизация жағдайында және екінші жағынан жұмысшы таптың шешуші басымшылдың жағдайында шешуге тура келді.
Американдық “декартемизация” немесе дзайбацуларды яғни ірі монополистік топтарды (“Мицуи”, “Мицубиси”, “Сумитомо” т.б. сияқты) тарту шаралары басты түрде Жапонияны демилитаризациялау жоспарында жүргізілді8.
1945 жылы 6 құркүйек айында Макартураға тапсырылған американ үкіметінің негізгі директивасында “Жапония ендігі рет соғыс жүргізе ала алматындай жағдайда әкелетін экономикалық реформаны” жүргізу жөнінде бұрық қаралған. Бұнда “Жапония саудасы мен өнеркәсібінің көп бөлігін бақылап отыратын ірі өнеркәсіптік және банктік бірігулерді тарату бағдарламаларын құрау” қажеттілігі жөнінде және оларды “кіріс пен меншікті өндіріс және сауда қаржыларына кеңінен бөле алатын” кәсіпкерлер ұйымдарымен алмастыру жөнінде айтылды. АҚШ осы шаралардың көмегімен жапондық монополистік капиталды ұйымдастыруының спецификалық жүйесін, американдық жүйеге алмасытруға ұмытылды. Бұл американ капиталынан Жапон экономикасына еңуіне, американ және жапон монополиялардың қарым қатынасын жеңілдете алатын болды9.
Жапонияда өмір сүрген помещиктің жер иелену жүесімен феодалдақ қалдықтар ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің дамуын және ауыл шаруашылық шикізат пен өнім өндіруді көтеруін тежеп отырды. Сондықтан помещиктік жер иеленуді жою Жапонияның бүкіл экономикалық, саяси, әлеуметтік жүені демократияландыру үшін маңызды болды. Шаруалар қозғалысын тежеп, жер үшін шаруалар бұқаралық күресі мен пролетариаттың бүліктік күрестердің бірігуі мен революциялық жолмен халықтың ауыл шаруашылық қайта құруды өз қолымен демократияландыруды болдыртпау үшін, АҚШ мен Жапонияның билеуші топтар заңды, парламенттік жолмен жер реформаны жүргізуге мәжбүр болды. Жер реформа туралы заңның жобасы 1945 жылдың 28 желтоқсанда қабылданды. Бұл заң Жапония үшін Одақтық кеңесте, әсіресе Кеңес одағының өкілі К.Н. Деревянконың жағынан үшкір сыңға тап болды. Кеңес одағының ұсынған жоба АҚШ-тың қарсылығына байланысты қабылданбаса да, ол, Одақтық кеңесте бұл мәселені шешуде үлкен ықпал етті/ Оның орнына Британ ұлттар бірлігінің өкілімен ұсынған жер реформаның жобасы, кейбір түзетулермен болса да, қабылданды.
1946 жылы 21 қазанда екінші жер реформа туралы заң қабылданды. Бұл жер реформаның негізгі ретінде мемлекеттің қойған лимитінен тыс помещиктік жерлерді сатып алып оны шаруаларға сату жолы арқылы арендаторларды жер иеленушіге айналдыру принципі қойылды. Реформа негізінен 1949 жыл аяқталды. 1950 жылы ресми мәліметтер бойынша мемлекет шаруаларға 1930 мың те немесе арендалық жерлердің 80% -тің сатты10.
Осылайша жер реформасы тек ішкі нарықтық кеңеюіне ғана емес экономикалық өсудің негізгі ауыртпалығын көтерген жұмысшы күш мәселесін шешуге де әсер етті. Одан басқа ол помещиктің жер иеленуді жойып, ауыл шаруашылықта өндірістік күштердің өсіуіне де әсер етті.
1947жылы 24 мамырда жаңадан құрылған Каталма Тэцу үкіметі алдында енді елдің экономикасының дамуымен және қалпына келтіруімен байланысты күрделі мәселелер тұрды. Каталма кабинетінің алғашқы қадамы болып 1947 жылы 11 маусымда қабылданған “Дағдырыстан өтуіне арналған төтенше шаралар бағдарламасы” болды оның негізгі мазмұны төлем ақы мен бағалардың үстінен бақылауды орнату. Үкіметтің қалпына келтіру қорын пайдалану, приоритетті өндірісті бөлу, және өнеркәсібін ұлттандыру болып табылады.
Монополисттік капиталдық позициясын күшейтудегі маңызды ролді 1946 жылы қазан айында, алғашқы Есида кабинеті уақытында тағайындалған қалпына келтіру қорының қаржылары алды. Бұл қордың субсидиялары өндірісті қалпына келтіру мақсатымен яғни негізгі капиталға салу үшін, жабдықтарды алуға арналған. Жапонияның соғыстан кейінгі экономикасы қалпына келтірудің маңызды мәселесі болып, көмір шығаруды көбейтуболды, одан өнеркәсіп өндіріс орындардың, транспорттың, электростанциялардың жұмысы тәуелді болды.
Көмір өнеркәсібін ұлттандыру қажеттілігі жеке шахта иеленушілер қамтамасыз ете алмай отырған, көмір шығаруды тез көбейту талабымен негізделді. Бұл сала 60%-ке мемлекеттік субсидиялар есебінен жұмыс жасағандықтан үкіметке көмір өнеркәсібі үстінен бақылау орнатудың өзінің таза ресми негізгі болды11. Оккупацияның алғашқы кезеңде жапон экономикасын қалпына келтіру жәй қарқынмен жүрді. 1948 жылы Жапонияның өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 1937 жылмен салыстырғанда 100% –тең 52% құрады, ал сол кезде басқа жеңіліп қалған (Екінші дүниежүзілік соғыста) елдерде, мысалы Батыс Германияда бұл 100% болса, Италияда 98% құрады. Жапония сыртқы сауданың соғысқа дейін дәрежесін қалпына келтіру бойынша да басқа елдерден көптеп артта қалып отырды.
1949 жылы Жапонияның экспорты 1934-1936 жылдармен салыстырғанда 16% - ті ғана, импорт – 29%-ті құраса, бұл көрсеткіш Италияда экспорт - 85% импорт -119%, Батыс Германияда –46 және 100% құрады.
1950 жылға дейін өнеркәсіп өндірісін қалпына келтіру, жеңіл өнеркәсібінің өсуін озу жағдайында жүрді. Осылайша 1947-ден 1950 жылға дейін жеңіл өнеркәсібінің үдемелі салмағы 25,6 –дан 37,1%-ке дейін көбейді, ал ауыр өнеркәсібінде 34,8-ден 42,6%-ке түсіп кетті. Осы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің жалпы мөлшерінде текстилб өнеркәсібінің үлесі 7,3 –тен 23,3%-ке, азық-түлік өнеркәсібінде 8,7-ден 12,5%-ке көбейіп машина жасау өнеркәсібіндегі өнімнің үлесі болса керісінше 20,4-тен 14,1%-ке дейін төмендеп кетті. Ауыр өнеркәсібінде тек қана металлургия өнеркәсіп өнімінің үдемелі салмағы 12,4-тен 16,3%-ке дейін көбейді12.
Бұл кезде елдің экономикалық дамуының үшкір мәселесі – инфляцияның өсуі. Ол тек шаруашылықты қалпына келтірудің кедергісі ғана болмай, сонымен жұмысшы және демократиялық қозғалыстары мен әлеуметтік толқындардың күшеуінің маңызды себебі болды.
1949 жылға дейін экономиканы қалпына келтіру негізінен ірі монополияларға үкіметтік субсидияларды беру және американ көмегін пайдалану жүйесі бойынша жүрді. Бірақ бұндай шаралардың уақытынша ғана маңызы болды. Бұндай жағдайда үкімет өндірісті ұлғайту үшін өнеркәсіпке қаржыны көп бөлген сайын инфляция өсуінің күшеюі қалыптасты.
Осы кезеңде Жапонияның іскер топтары, американ көмегіне сүйене отырып, мемлекеттік қаржыны пайдалану есебінен өздеріне үлкен инфляциялық табыс беріп отырған механизмді өзгертуге белсенділікті артпады. Оккупацияның алғашқы жылдарында АҚШ Жапонияны өзінің потенциялды жауы және бақталасы ретінде әлсіретуді өз алдына мақсат етіп қойған да, оккупациялық үкімет Жапонияның экономикалық қалпына келтіру мәселелеріне көп қызығушылығын білдірткен жоқ. Олардың көңілі негізінен саяси мәселелерді шешуге көзделген.
АҚШ-тың саяси бағытының өзгеруі мен Азияда антикоммунисттік бастион ретіндегі Жапония империалистік өрлеуіне көмуімен байланысты. Жапонияның экономикаляқ қалпына келтіру мәселелері АҚШ үшін енді алдыңғы дәрежелі маңызға ие болды. Бұны американ билеуші топтарының осы бағыттағы белсенді әрекеттері дәлелдейді.
Жапониядағы экономикалық тұрақтандыру жағдайының мәселелеріне 1948 жылы қаңтар мен мамыр айларында қорғаныс министрлер Рйяль мен Джонсонның сөйлеген сөздерінде және осы жылдың маусым, желтоқсан айларында басылып шыққан “Экономикалық он принцип” және “Төлем ақының үш принципі” атты жобалар ұсынылған. Одан басқа 1948 жылы желтоқсан айының аяғында Жапониядағы оккупациялық әскери штабына тоғыз баптан тұратын Жапонияның экономикалық тұрақтандыру жоспарын мүлтіксіз орындап іске жүргізу жөнінде американ үкіметінің бұйрығы болды, он.ың мақсаты алдындағы қарауда көрсетілгендей “Жапон экономикасын шығындарын эффективті пайдалану” болды. Осы қарауға сәйкес жапон үкіметінің алдында мынадай міндеттер қойылды:
мемлекеттік бюджетті тепе-теңдікке келтіру;
салықты көбейту;
субсидияларды беруді қатаң түрде шектеу;
төлем ақылы тұрақтандыру;
бағалардың үстінен бақылау орнату;
сыртқы саудада және шетел валюта саудасында бақылауын күшейту;
экспортты кеңейтуге қажетті материалдармен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту;
жергілікті шикізат пен тауарлардың маңызды түрлерінің өндірісін ұлғайту;
азық-түлік тасымалдау жүйесін жақсарту.
Жапон экономикасын қалпына келтіруінің американдық жоспардың қарапайым баптар тізімінен көрініп тұрғандай, оны жүзеге асыру Жапонияның халық бұқарасының өмір сүру дәрежелеріне үлкен соққы беретіні мәлім. Осы баптардың ішінде салықты көбейту, және бағалардың өсуіне әкелетін үкіметтік субсидияларды шектеу еңбекшілердің жағдайларын да көрінуі мүмкін болатын13.
1949 жылы ақпан айында Жапонияға көрнекті американ финансисті, Детройт банкінің бастығы Джозеф Додж келді. Оған арнайы Жапон экономикасын тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыру тапсырылды. Оның айтуынша: “Осы миссияның басты міндеті, жапон экономикасын аяққа тұғызу болып табылады14.
Жоспарды жүзеге асыру үшін Додж экономиканы қалпына келтіру жолындағы кедергі болып тұрған инфляцияны жою қажеттігін айтты. Осы кезде елдегі инфляция өндірістің төмен дәрежесімен үкіметтің өнімсіз үлкен шығындардың нәтижесінен туды. Яғни бұдан өту үшін фабриканттарға берілетін мемлекеттік субсидияларды қысқартып, қаржы жүйесін тұрақтандыру қажет болды.
1949 жылы 20 наурызда Додж жапон қаржы министрі Икэдаға 1949/1950 қаржы жылына мемлекеттік бюджеттің жобасын ұсынды бұнда жапон экономикасының “өз алдында дербестікке және тұрақтандыруға жету” жоспары қаралған15. Бюджетті тұрақтандыруына жету үшін шығындарды қысқартып кірісті ұлғайту бойынша бір қатар қатаң шаралар жоспарланды:
Ең алдымен Катаяма кабинеті кезіндегі көмір, болат, темір, мыс т.б. маңызды өнімдерін өндірісін қалпына келтіру мен бағаларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды ұстап тұруға арналған үкіметтік субсидияларды алып тастап, орнына үкімет банкілерге мемлекеттік қазынадан қаржы бөліп, өнеркәсіптің маңызды салалрдың компанияларына өздерінің жауапкершідігімен банкілердің кредит беру міндеті қойылды.
Доджтың ұсынысы бойынша көмек ретіндегі американ тауарлары, енді мемлекеттік бюджетке емес, ірі компанияларға берілетін ұзақ мерзімді кредитке арналған эквиваленттік қорға әкелінетін болды. Бұл қордың құрылуы, ТАРИОА мен ЭРОА қорлары бойынша, американ көмегін алмастырды.
“Доджтың жүйесі” жапон экспортының ұлғайтуына да бағытталды. Жапон экономикасын қалпына келтіруіне белсенді бағыт алған американ билеуші топтары, өздерінің монополистік капиталының экспансионистік мүддесін қалыптастырып, Жапонияның АҚШ-тан экономикалық тәуелдігін бекітуіне ұмтылды.
Осылайша 1949 жылы 14 қаңтардағы жарлығында Макартур жапон үкіметінен Жапонияда шетелдіктердің еркін жүруіне, жапон меншіктерін алуына, олардың іс-әрекеттерінің сферасынкеңейту және шетел инвестицияларына еркіндікті қамтамасыз ету талап етілді. Осыған байланысты шетел капитал салулары жөнінде декрет қабылданды, ол бойынша американ капиталының Жапон экономикасына еңуіне қолайлы жағдай туды.
Осыдан кейін АҚШ-тың билеуші топтары Жапон монополяларының экономикаляқ күшеюіне көмектесудің басты міндеті болып табылған “Доджтың жүйеін” белсенді іске жүргізуді. Кейін Доджтың антиинфляциялық саясаты, инфляцияны тереңдету саясатына айналды. “Доджтың жүйесін” жүзеге асыруымен байланысты бір қатар шаралар көптеген өнеркәсіп салаларының қиын қаржы жағдайын қалыптастырды15.
Үкіметтік субсидияларды алып тастау жағдайында кәсіпкерлер, өндірісті “рационалдандыру” есебінен, табысты қамтамасыз етуіне ұмтылды. Бұндай “рационалдандыру”, техниканы жақсарту және жабдықтарды жаңарту жолмен емес керісінше негізінен еңбек жағдайын нашарлатумен интенсификацияны күшейту, жаппай жұмыстан шығару, төлем ақыны төмендету мен заказдар төлемдерінің тоқтап қалу т.б. жолдармен жүргізілді16. Осылайша АҚШ пен Жапонияның билеуші топтары экономиканы қалпына келтіруді халық бұқараның мойынына ілу ұмытылысы жұмыссыздықтар сонының және әр-түрлі товарларына бағалардың күрт өсуіне, төлем ақының төмендеуіне әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |