13-14 балл. Қарым-қатынаста балаға деген сенімсіздігіңіз басым. Балаңызға қолдан келгенше көбірек эмоционалды қатынас жасауға тырысыңыз. Бұл зерттеулер нәтижесі төмендегідей: экспериментке қатысқан ата-аналардың жартысынан көбінің жауабынан олардың балаға деген наразылықтарын көрдік. Өз баласына деген сенімсіздік, өкініш ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста алшақтық байқатты. Зерттеу нәтижесі тәрбиеде алдағы тарауларда айтылған халық психологиясының түрлі тәсілдерін қолдану қажетін көрсетті.
Келесі кезекте сұрақтар зерттеуге қатысқан балаларға қойылды.
Зерттеу нәтижелерін төмендегі хаттамалардан көруге болады.
№1 Хаттама
Зерттелушінің аты-жөні: Мәдина А.
№
|
Экспериментатордың сұрақтары
|
Бала жауабы
|
Тәртіп түрлері
|
1
|
Сенің атың кім?
|
Мәдина
|
Тұйық мінезділік
|
2
|
Жасың қаншада?
|
Алтыда
|
|
3
|
Сенің ұлтың кім? (қазақ па, басқа ма)
|
Қазақ
|
|
4
|
Сенің отбасыңда қанша адам бар?
|
Төртеу
|
|
5
|
Сендер үйде қандай тілде сөйлейсіңдер?
|
Орысша, қазақша
|
|
6
|
Қай тілдегі ертегілерді тыңдағанды ұнатасың
|
-
|
|
7
|
Анаң, әкең саған сыйлық әпереме?
|
-
|
|
8
|
«Наурыз» мерекесі туралы не білесің?
|
-
|
|
9
|
Анаң, әкең саған үйде ұрысама?
|
Басын шайқады
|
|
10
|
Сен «сыйқырлы сөздер» туралы не білесің?
|
-
|
|
11
|
Демалыс күндерді қалай өткізесің?
|
Үйде «топ-малыш» болады
|
|
12
|
Сен қандай ойындарды жақсы көресің?
|
Көп ойнағанды
|
|
13
|
Үлкен болып өскенде қанша балаң болса екен дейсің?
|
-
|
|
14
|
Сен қандай тамақты жақсы көресің?
|
Котлета
|
|
№ 2 Хаттама
Зерттелушінің аты-жөні: Мадияр
№
|
Экспериментатордың сұрақтары
|
Бала жауабы
|
Тәртіп түрлері
|
1
|
Сенің атың кім?
|
Мадияр
|
Агрессивті тәртіп
|
2
|
Жасың қаншада?
|
Алтыда
|
|
3
|
Сенің ұлтың кім? (қазақ па, басқа ма)
|
Қазақ
|
|
4
|
Сенің отбасыңда қанша адам бар?
|
Төртеу
|
|
5
|
Сендер үйде қандай тілде сөйлейсіңдер?
|
Қазақша
|
|
6
|
Қай тілдегі ертегілерді тыңдағанды ұнатасың
|
Білмеймін
|
|
7
|
Анаң, әкең саған сыйлық әпереме?
|
-
|
|
8
|
«Наурыз» мерекесі туралы не білесің?
|
-
|
|
9
|
Анаң, әкең саған үйде ұрысама?
|
Жоқ
|
|
10
|
Сен «сыйқырлы сөздер» туралы не білесің?
|
-
|
|
11
|
Демалыс күндерді қалай өткізесің?
|
Мамам екеуміз үйде болдық
|
|
12
|
Сен қандай ойындарды жақсы көресің?
|
Машина
|
|
13
|
Үлкен болып өскенде қанша балаң болса екен дейсің?
|
Білмеймін
|
|
14
|
Сен қандай тамақты жақсы көресің?
|
Күріш, рожки
|
|
№ 3 Хаттама
Зерттелушінің аты-жөні: Қайрат И.
№
|
Экспериментатордың сұрақтары
|
Бала жауабы
|
Тәртіп түрлері
|
1
|
Сенің атың кім?
|
Қайрат
|
Ұялшақтық
|
2
|
Жасың қаншада?
|
Жеті
|
|
3
|
Сенің ұлтың кім? (қазақ па, басқа ма)
|
Қазақ
|
|
4
|
Сенің отбасыңда қанша адам бар?
|
Бесеу
|
|
5
|
Сендер үйде қандай тілде сөйлейсіңдер?
|
-
|
|
6
|
Қай тілдегі ертегілерді тыңдағанды ұнатасың
|
-
|
|
7
|
Анаң, әкең саған сыйлық әпереме?
|
-
|
|
8
|
«Наурыз» мерекесі туралы не білесің?
|
Мен Атырауға бардым
|
|
9
|
Анаң, әкең саған үйде ұрысама?
|
-
|
|
10
|
Сен «сыйқырлы сөздер» туралы не білесің?
|
-
|
|
11
|
Демалыс күндерді қалай өткізесің?
|
-
|
|
12
|
Сен қандай ойындарды жақсы көресің?
|
Асық
|
|
13
|
Үлкен болып өскенде қанша балаң болса екен дейсің?
|
Білмеймін
|
|
14
|
Сен қандай тамақты жақсы көресің?
|
-
|
|
Үшінші жүргізген эксперименттің нәтижесінде отбасындағы ата-аналарды, біз төмендегідей тәртіппен дифференцацияладық:
Кесте 7 - ата-аналардың дифференцациясы
№
|
Отбасылардың аталулары
|
Отбасылар сипаттамасы
|
1
|
Қамқоршы ата-ана
|
Баласының дене және эмоционалды қажеттіліктерін қанағаттандырып, бала күтімімен айналысады
|
2
|
Беделді ата-ана
|
Өзіндің беделін сақтай отырып, соның негізінде балаға мәдени құндылықтарды меңгертуге тырысады
|
3
|
Тәрбиеші ата-ана
|
Отбасында белгілі білім-іскерліктер арқылы баланың оқытуымен айналысады
|
4
|
Серіктес ата-ана
|
Отбасында баламен тең құқықтар негізінде ортақ әрекет орындайды
|
5
|
Бірге тұратын ата-ана
|
Баламен бір шаңырақта тіршілік жасайтын адам
|
Отбасындағы қарым-қатынаста ата-ана мен баланы өзара жақындатып, ортақтастыратын белгілер келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 8 - Қазақ отбасындағы баламен қарым-қатынас орнатудың ата-аналардың дифференцациясы (% есебінде)
№
|
Ата аналардың дифференцациясы
|
Отбасы
саны
|
% есебі
бойынша
|
1
|
Қамқоршы ата-ана
|
3
|
16
|
24
|
2
|
Беделді ата-ана
|
2
|
40
|
16
|
3
|
Тәрбиеші ата-ана
|
2
|
8
|
12
|
4
|
Серіктес ата-ана
|
2
|
12
|
16
|
5
|
Бірге тұратын ата-ана
|
3
|
24
|
32
|
Сурет 2 - Дифференцацияланған ата-аналар көрсеткіштері
Анықтаушы экспериментін жүргізу барысында, біз:
-ауылдық жердегі ата-аналардың бойынан баласының алдында беделін түсіріп алмау мақсатында қарым-қатынас барысында баласын түсінбеу, қабылдамау, жатсыну, өзіне бағынышты ету сияқты теріс ықпалдар, иерархиялық қатынастар;
- ауылдық жердегі ата-аналардың баламен жүргізген қарым-қатынасында басқа ұлттың тыныс-тіршілігіне мән бермей, тек өз этносының жәй-күйіне ерекше мән беру – этноцентризм, ал қалалық жердегі ата-аналар психологиясында екі этностың мәдениетін (қазақ, орыс), тілін меңгерудегі «интеграция мен бикультурализм» құбылыстары;
- қазіргі отбасын құрып отырған жас ата-аналардың бала тәрбиесіндегі «сауатсыздығы» мен отбасының өзінде ұлттық тәрбие берудің әлсіздігі анықталды.
Қалыптастырушы эксперименті барысында ата-аналар жоғарыда көрсетілген отбасындағы баламен қарым-қатынас орнату тәсілдерімен танысты. Үшінші эксперимент баламен жүргізілген зерттеулер отбасында қарым-қатынастың дұрыс, жеткілікті ұйымдастырылмауынан балада тұйық мінезділік, ұялшақтық, агрессия сияқты тәртіп түрлерінің пайда болғанын көрсетті.
2.2 Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек »- дейді. Осы тұжырымға сүйене отырып ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлерінің кешенін қарастырамыз.
Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: «Балаға көркемдік тәрбие беру», «Әр жастағы ата-аналардың психологиялық ерекшеліктері»тақырыбындағы лекторийлер, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес», «Кел жаттайық бәріміз» деген бұрыштар бар.
Мысалы: ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым» газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.
Әр ата-ананың бала бақшадағы болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай. Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен математика, тіл дамыту үшін ұсынамыз. «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру. Осы ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады.
Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. «Менің Қазақстаным», «Жаңа жыл мерекесі», «Бәйшешек бүр жарғанда атты» аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және «Қош бол балабақшам» атты үлкен кештер өткіземіз.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме-кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз болды.
«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем»- атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақта балалар патриоттық сезімдерін тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды.Ата-аналармен жұмыс – ашық есік күні, конференциялар, спорттық жарыстар, шығармашылық есеп беру концерті.
Мекеменің ата-аналар комитеті тәрбиешілерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын шефтікке алуды. Ата-аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің ұйымдық жұмыстарына қатысады. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектепке дейінгі ұйым алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, оны жақсартудың шешуші шарты оқу-материалдық жағдай жасау екені бәрімізге белгілі. Бала тәрбиесін талап деңгейіне сай жақсы жолға қою үшін балабақша ұжымы мен ата-аналардың бірлескен ынта-жігерімен, тәрбиешілердің іскерлігімен көптеген жұмыстар атқарылуда. Балалардың шығармашылық қабілетін, дағдысын, іскерлігін дамыту, тарату жолдары:
Танымдылық бағытта – ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, педагогикалық-психологиялық тренингтер, дарынды балалармен жұмыс.
Адамгершілік-құқықтық бағытта – баланың құқығы туралы ата- аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында – семинар, конференция, акциялар, денсаулық күні, фестиваль.
Эстетикалық бағытта – фестиваль, өнер байқаулары, сайыстар ұйымдастыру.
Рухани-өнегелік тәрбие – ұлттық салт-дәстүрлерді балалр бойына сіңіру.
Шығармашылық бағытта –көрмелер, бейінді топтар жұмысын ұйымдастыру.
Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі »
Мақсаты : ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.
Міндеттері: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі
2. Балабақшада ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы ролі
3. Алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету
керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар
Барысы: « Ұстаз - бағбан, бала - гүл » деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну, қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығын нығайту бағытында арнайы ұйымдастырылған жұмыстар кешені өткізілді:
1. Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағы өткізілді.
2. «Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қойдық.
3. «Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысты.
4. «Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыста талқыладық
5. «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға ат салысады.
6. Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым», «Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата-аналарымыз өз қалаулары бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту етті.
7. «Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдаймыз.
8. Ата-аналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында «Жарасымды отбасы» сайысын өткіздім. Онда отбасылар өз өнерлерін көрсету, қол өнер шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алды.
9. «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференцияға аудандық аурухананың балалар дәрігері О.Жұмашевтың қатысуымен балабақша ішілік конференция өткіздік. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері қатысты.
10. Балалардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін бағалау индикаторлары.
Тәрбие мен білім берудегі дамытушы ортаның деңгейін анықтаушы индикатор жасаймын.
11. Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару
сауалнама, тест, интерпритация - суреттері, т.б) жазып қоямын
12. Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру
«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі»
4.Топтық, жеке кеңес беру.
Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды.
«Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» деген тақырыптарда ата-аналармен пікірталас өткізуге болады.
« Таным » ата – аналар мектебінің жұмысымен танысу
« Таным » ата – аналар мектебі
Ата – аналар клубы балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады.
Ата-аналарға балалармен әңгімелесу үлгілерін ұсындық.
Әңгімелесу: «Бірге күйзелу жанның негізі ретінде»
Мақсат: Адамдармен қарым-қатынас өзгерту мүмкіндігін ашу;
• адамгершілік ұғымын талдау;
• адамгершілік негізі - бірге күйзелу қабілетін ашу;
• сезімталдық ұғымын ашу;
• оқушылардың назарын өз сезімдеріне аударту.
Достарыңызбен бөлісу: |