Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


II Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бағытындағы ізденістер



бет19/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
II Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бағытындағы ізденістер

2.1 Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстарды пайдалану тәжірибесі
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтап, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады.

Педагог ғалымдардың тұжырымына сүйенсек және жұмыс тәжірибесінің көрсетуі бойынша: тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнегеге байланысты екенін білеміз. Баршамызға мәлім, отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта немесе микросоциум, сондықтан бұл ортаның рөлі үлкен. Отбасының жылылығы мен махаббаты – баланың өзіне деген сенімін арттырып, болашаққа нық басуға зор ықпал береді. Отбасындағы ересектердің мінез-құлқына, мәдениетіне, іс-әрекетіне қарап өсіп, тәрбие көрген баланы бірден көруге болады..

Баланың ата-анамен тұлғааралық қатынасын зерттеуде «Отбасының суреті» әдістемесі қолдануға лайықты және жеңіл, өйткені бала сөзбен айтып жеткізу қиын нәрселерін суретпен жеткізе алады, яғни сурет тілі сөз тілінен гөрі бейне мағынасын ашығырақ және шынайы береді. Бала суреті оның жанұясын субьективті бағалауын көрсетеді, ондағы баланың орынын, жанұя шиеленістерімен қатынасын білдіреді. Зерттеуде вербальді, графикалық диагностика әдістері қолданылды. Проективті әдістемелер балалардың өз ішкі сезімдерін қағаз бетіне немесе ауызша мазмұндағаннан гөрі символикалық заттар, бейнелер арқылы көрсеткендері оңай да қол жетерлік жағдайы ескеріліп алынды. Бұл әдістемелер баланың күнделікті өміріне еш өзгеріс еңгізбей-ақ жақсы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер тұлғаның қандай-да бір сезімдер мен қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

Әдістеме қызықтылығымен зеріттеушінің баламен жағымды эмоционалды байланыс орнатуға көмектеседі, зерттеу барысында тyғaн қысымды түсіреді. Жұмысқа 1-парақ ақ қағаз 15*20 см, қалам, қарындаш, кетіргіш қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет