9. Бұл қашан болады?
|
Балаға тәулік бірліктерін сипатты белгілері бойынша анықтауға үйрету. Суреттерді көрсетіп «Бұл қашан болады?» сұрағын қою керек, ал бала болса: бұл таңертең (күндіз, кешке, түнде) болады деп жауап беруі тиіс.
|
10. Ұшады, секіреді және жорғалайды
|
Баламен бірге жәндіктерді (сыртқы түрі, мінез құлықтары, қалай қозғалады) қарастырамыз. Мүмкіндік болса тірі объектілерді немесе жәндіктерді суреттерден қарау. Өлеңдер, әңгімелер, ертегілер оқуға және видеолар мен телефильмдер көруге болады.
|
Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру процесіне қатыстырып, ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді. Осылайша, ата-аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болады. Баланың жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым» газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Топтағы қабылдау бөлмесінде ата-аналар бұрышы жасалған. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес», «Кел жаттайық бәріміз» деген бұрыштар бар. Ата – ана мен балабақша байланысындағы ынтымақтастықты нығайтып тәрбиедегі үйлесімділікке бастайтын әдіс ата-ананың балабақша өміріндегі мәдени шараларға және ата-ана жиналасына қатысуы. Мен өзімнің тәжірибемде ата-аналар жиналысын өткізіп, соңында «Сынақ» іскерлік ойынын жүргіздім.
Ойынның мақсаты баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу және бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. Бұл ойында ата-аналарға түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, жауаптар алынды және ата-аналардың бала тәрбиесімен кімнің қалай айналысатыны байқалды. Соңынан «Аяқталмаған мақал-мәтел» атты тренинг өткізіліп, жиналыс қорытындыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |