Лекция тақырыбына сәйкес психолог ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты маңызды психологиялық ақпараттар береді.Ал, лекцияның тақырыптары семинарға қатысушы ата-аналардың тілегі, қажеттіліктері бойынша алынады
Тақырыптық пікірталас ата-аналардың көзқарастары ортаға салынып қаралады. Пікірталас – белгілі бір өмірлік жағдайдың тиімді жолдарын таңдау болып табылады.
3
Библиотерапия
Ата-аналарға арнайы іріктелген әдебиеттердің библиотерапиялық тізімі ұсынылады. Бұл орайда, негізінен отбасы мәселесі мен отбасы тәрбиесіне қатысты ғылыми – көпшілік сипаттағы әдебиеттер қолданылады. Ата-аналар осы әдебиеттермен дербес жұмыс жүргізіп, ол жерде көрсетілген әр түрлі мәселелерді шешудегі дұрыс жолдарды баяндайды.
Бұл тәсіл бала тәрбиесіне шығармашылық тұрғыдан қарауға бағытталады. Психолог ата-аналарға өмірде жиі кездесетін бала тәрбиесіне қатысты күрделі жағдайларды баяндайды. Одан әрі әр ата-ана өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып аталған, жағдайдың дұрыс жолын көрсетеді.