Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Қосымша Б Салынған сурет құрылымына талдау (Г.Т.Хаментаускас бойынша)



бет43/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Қосымша Б

Салынған сурет құрылымына талдау (Г.Т.Хаментаускас бойынша)

Шынайы отбасы мен суретке салынған отбасын салыстыру

Эмперикалық мәліметтер өз отбасында тұратын, ақыл-ойы дұрыс дамыған 6-8 жас аралығындағы балалардың 85% суретте өз отбасын толық бейнелейтінін көрсетеді. Суретте отбасы мүшелерін толық бейнелемеу бала психологиясына аса назар аударуды талап етеді.

Кей жағдайда балалар суретінде отбасы мүшелері болмайды немесе мүлде бөтен адамдар бейнеленеді. Бұл сирек кездесетін жәйт.

Дегенмен де ол бала бойындағы:

А) аутизм;

Б) отбасына қатысты күйзеліс жағдайын;

В) көп мөлшердегі үйрелену;

Г) жасанды сезімді;

Д) зерттеудегі бала мен психологтың қарым-қатынасының дұрыс болмауын білдіреді

Баланың салған суретін зерттеуде келесі бейнелерге аса назар аудару керек.



Отбасы мүшелерінің санын азайту. Отасы мүшелерінің біреуін суретке салмауы баланың сол адамға деген негатив сезімін білдіреді. Отбасындағы бақталастық сезіміне көп жағдайда бала аға-қарындастарын суретке түсірмейді. Осылайша, бала ата-анасының өзіне деген махаббат пен назардың тапшылығын білдіреді.

    • Сен неге оларды салмадың? – деген зерттеуші сұрағына бала: «Мен онымен бірге тұрғым келмейді», «ол төбелеседі» т.б. жауап қайтарды

Кей жағдайда бала суретке отбасы мүшелерінің орнына жануарларды салады. Психолог әр уақытта баланың жануарлар арқылы кімдерді сәйкестендіретінін білуі керек. Бұл баланың сол адамға деген ашу –ызасын, агрессиясын білдіреді.

Баланың өзін суретке салмауы немесе өзін ғана салуы – отбасындағы бірліктің жоқтығын бейнелейді. Суретке өзін салмау қабылдамау, жатсыну сезіміндегі балаға тән.

Керісінше суреттегі баланың ғана бейнесі (немесе өзңн ерекше етіп салуы) бала бойындағы эгоизмді білдіреді.

Қағазға түскен сурет мөлшерінің өте кішкентай болуы немесе шимай сызбалар – бала бойындағы аутизмді бейнелейді.

Суреттегі отбасы мүшелерінің ұлғайтылған бейнесі отбасындағы психикалық қажеттіліктердің қанағаттанарлық болмауы.

«Отбасы суреті» тесті көрсеткіштерінің құрама тізімі

-өзін суретке салмау – отбасындағы өзін жатсыну, жатырқау;

- отбасының бір мүшесін суретке салмау – бала үшін ол адамның маңыздылығының төмендігі: қақтығыс, негативті қатынас;

- үй жанурларын енгізу – эмоционалды жылылыққа деген қажеттілік қарым-қатынастың тапшылығы;

- «жоғарыдан-төменге» қатынас – тәуелділік, кіріптарлық

- өзін ұсақ бейнеде салу – жабырқанқылық, шамадан көп мөлшердегі қамқорлық;

- ата-анасын ұсақ бейнеде салу – отбасындағы олардың мәнінің төменділігі;

- аға-іні, апа-сіңілісінің ұсақ бейнеде салу – бақталастық, бәсекелестік;

өзін ірі бейнеде салу – отбасындағы басымды ролге тілек білдіру

-ата-анасын ірі бейнеде салу – олардың отбасындағы мәнінің жоғары болуы;

-- аға-іні, апа-сіңілісінің ңрң бейнеде салу – қызғаныш, отбасындағы ролінің биік тұруы;

- отбасы мүшелерінің бір-біріне қарауы, қолдарынан ұстату – отбасындағы тығыз эмоционалды байланыс;

- бейнелеудің өте тығыз орналасуы – отбасындағы тығыс қатынастар; эмоционалды жақындыққа қажеттілік;

- отбасы мүшелері арасындағы алшақтық – отбасы мүшелері арасындағы әлсіз эмоционалды байланыс;

- отбасының бір мүшесінің басқалардан алшақ бейнеленуі – оның өзгелер мен байланысының әлсіздігі;

- өзін өзгелерден алшақ бейнелеу - өзін отбасынан оңаша сезіну.

- отбасы мүшелерінің бейнесін қағаз бетінің бір жеріне бөлектеу – отбасы өмірінің тұйық бейнесі; отбасының әлеуметтік ортадан жекеленуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет