Руководство по предупреждению насилия над детьми. – М.: Издательский центр ВЛАДОС, 1997.
Қазақ балалар бақшаларындағы тәрбие тұжырымдамасы.-Алматы, 1991
Родители и дети. Хрестоматия. – Самара: Издательский дом БАХРАХ-М, 2003.
Клюева Н.В. Психолог и семья: диагностика, консультации, тренинги. – Ярославль, 2001
Қосымша А
Ата- аналарға психологиялық кеңес:
Баланы ерте бастан өзін -өзі басқара білуге, өзбеттілікке үйретіңіз
6-7 жастағы баланың өз іс әрекеттерін өз бетінше жүзеге асырулары сирек кездеседі: күнделікті жұмыс кестесін құрып және алда жасалатын жұмыстарын жазбаша және ауызша жадынама жасап көмектесіп отырыңыз. Бұл баланы алда жоспар жасай білуге, уақытын тиміді пайдалана білуіне көмектеседі.
2. Балаңыз сізге үй шаруасына көмектессін (гүлге су құю, дастархан әзірлеу, қоқыс төгу, дүкеннен нан әкелу),бірітіндеп оның өзі жауап бере алатындай үйдегі жұмыстарды тапсырыңыз.
3. Баланы өз ісіне, өзі жауап бере алатындай болуға мүмкіндік беріңіз.
4. Өз ойыншықтарын жинау, киіну т.б.балаңызға жүктелген міндеттер оның жасына сай болуы керек. Балаңыздың өзі жасай алатын ісін, сіз жасамауға тырысыңыз. Келешекте бала соған үйреніп, сіздің бірнеше ескертпелеріңізден кейін өзіңіздің жасайтыныңызды біліп, сіздің сөздеріңізге мән бермейтін болады.
5. Балаңызды жиі бірлескен жоспарларыңызды талқылауға шақырыңыз, айтқандарын тыңдап, пікіріне назар аударыңыз.
6. Егер балаңыз жұмыс істей бастаса, сіз де өз ісіңізбен айналысыңыз, әрдайым қайта қайта қадағалап, ескерту бере бермей, істеген ісін жай ғана бақылаңыз. Қажет болған жағдайда ғана бағыт беруіңізге болады.
7. Балаңыздың қойған сұрақтарына бүге- шүгесіне дейін жауап бермей, өзі ойланып түсінуіне бағыт беріңіз.Түсініксіз сөздердің синонимін мысалға келтіре отырып, балаңызбен бірге сөздіктен қараңыз, бұл бір жағынан әрекетті ауыстыруға, көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |