Қосымша Ә
«Ата-аналар семинары» (А.С.Спиваковская әдістемесі бойынша)
Семинар отбасындағы ата-аналардың әлеуметті-перциптивті таптаурын (стереотип) жүйесін, сана өзіндік сана өрісі мен қарым-қатынасқа түсу түр-пішінін (формасын) қалыптастыруға арналған. «Ата-аналар семинарының» басты психокоррекциялық мақсаты – ана-аналардың өзіндік отбасылық өмірі және ол жердегі тәрбиеге деген қатынастарын өзгерту.Семинар барасында отбасы мүшелерінің бір-біріне, балаға деген қатынастары өзгеріп, балаға жүргізілген педагогикалық ықпал кеңейеді.
Семинардың басты міндеті – отбасындағы ата-ананың отбасы қарым-қатынасы психологиясы, тәрбие психологиясы және бала дамуының психологиялық заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту. Бұл семинар сонымен қатар, ата-ананың бала тәрбиесіне деген ұстанымдарын өзгерту болып табылады. Семинарға қатысқан ата-анаға отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты талқылап, тәжірибе алмасып, отбасылық кикілжің, қақтығысулардың дұрыс жолдарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |