Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2021



бет13/36
Дата07.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#19331
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
Килыбай

1 - сынып

2 - сынып

3 - сынып

4 - сынып

Өзім туралы

Өзім туралы

Тірі табиғат

Менің Отаным - Қазақстан

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Адами құндылықтар

Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

Мәдени мұра

Бізді қоршаған әлем

Менің туған өлкем

Сәулет

Мамандықтар

әлемі


Саяхат

Дені саудың – жаны сау

Өнер

Табиғи құбылыстар

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Салт-дәстүр және ауыз

әдебиеті


Атақты тұлғалар

Қоршаған ортаны қорғау

Тағам және сусын

Қоршаған орта

Су – тіршілік көзі

Ғарышқа саяхат

Дені саудың – жаны сау

Саяхат

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Болашаққа саяхат


Мысалы, пәнаралық байланысты «Тіл және әдебиет: Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі» және «Өнер: Музыка, Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу» білім беру салалары бойынша пәндері жүзеге асыру түрлі пән сабақтарында оқушылардың шығармашылдағын арттырудағы олардың қызығушылығы мен танымдық белсенділік әрекеттерін зерттеуде өнер туындыларының мазмұнын ашып, материалды таныстыру барысында мұғалім суретшінің өмірбаянын, суретті жасау тарихымен таныстырады. Оқу материалын игеріп, талқылау және талдау, оқушылар назарын ортақ тақырыптық негізінде ұсынылған деректерге баса назар аударады, бұрынғы игерген білім негіздеріне сүйене отырып таным өрістерін кеңейтеді. Мәселен, бейнелеу өнері пәнінің сабағында суретпен танысу нәтижесінде оқушылар шығармашылық туындыда бейнеленген өмірдің ақиқаттығы мен шындық бейнесін танып, үйренеді, яғни, оқушы өзінқоршаған әлемді тұтастықта танудағы логикалық ойлауын сабақтастықта, тізбектестікте құрады және дамытады. Ал, «Тіл және әдебиет»: / Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі / топтамасын құрайтын пәндерден сабақ өту барысында, оқушылардың көңіл-күй сарайына әсер ететін пәндер жиынтығы екендігі рас. Өйткені, бұл топтамыны құрайтын оқулықтар мазмұнындағы оқу материалдарын оқушылардың игеретін білімдері дәйекті, деректі мәліметтерге сүйене отырып тасымалдау арқылы жүзеге асырылуында тілдік қарым-қатынастың басымдық орынға ие болуы және олардың көңіл-күй сезімдерімен, ой толғаулары мен тығыз байланыста болып тікелей жағымды әсерлер туғызады. Бұл өте маңызды, білім беру құндылығына ие. Және де, оқу барысында оқу материалында визуальды-көркемдік сазды әуендерді ұтымды түрде кіріктіре ұсыну - бұл әртүрлі пәндерден оқитын оқу тапсырмаларын жүйелеуге көмектеседі, оқушылар оқу материалының мазмұнын жақсы түсінеді, зерттелген материалды оңай және еркін түрде игеріп, меңгеруге қабілетті болады, педагогикалық барыстар жақсы нәтиже береді. Мысал келтірген пәндер бойынша оқу бағдарламаларындағы материалдар жүйесін және оқулықтың білім мазмұнын өзара байланыстырып немесе кіріктірілген жағдайда ықпалдасу қағидат заңдылығын басшылққа алып, жүзеге асыру - бүгінгі білім беру мен оқыту және тәрбие жұмыстарын қойылып отырған талаптар.

Пәнаралық байланыс сабақтарында әртүрлі пәндерден алынатын ақпараттық мәліметтердің қызметі, олар бір-бірін толықтырып, ғылыми білімдерді тереңдетіп беруге бағытталған жоспарды құрастыруға негізгі өзек болуы тиіс. Осы тұғыдан келгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының жаратылыс туралы және табиғат тұрғысындағы танымдық болмысын дамыта отырып, олардың адамгершілік сезімдерін арттыру міндеттері шешілетін болады. Әртүрлі оқу пәндерінің оқу материалдарына сүйене отырып өзара байланысты танымдық зерттеудің құралына айналдырғанда басымдылық, сезімге әсер етуден басталады яғни, біздер сезімнен сезімге, оқытудан оқуға, оқушының танымдық көкжиегін кеңейте отырып өзін-өзі бағалауға, тәрбиелеуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал жасай отырып, рухани жан дүниесін дамытамыз.

Бүгінгі күндегі жаңартылған білім беру бағдарламасына пәнаралық байланысты енгізу, оқу пәндерінен қамтылатын оқу материалдарын жеке дара беру мәселесін қарастырмай, оқушының танымдық болмысын дамытудағы ғылыми білімдерді кешенді беру мәселесін қарастырып, шешу арқылы, оқушының бүкіл дүниетанымдық көзқарасын сыңаржақты емес, жан-жақты жетілдіру болып табылады. Оқушы игерген, меңгерген өз білімін жүйелеуге және әртүрлі көкейтесті мәселелердің шешімдерін өзі таба алуға қолдану мүмкіндігіне ие болып, білігі мен іскерлік дағдысын дамытуға ықпал жасайды – бір қыры болса. Екінші бұл – мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі кәсіби іс- әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеу әдістерін түрліше пайдалануға қозғау болады: мәселен, оқушының қабілеттерін және білімін жақсы бағалауға, оны түсінуге көмектеседі, дәстүрлі емес жаңа оқыту әдістерін іздейді. Үшіншіден, оқушылар үшін шығармашылық қабілеттерінің көрінісі табатын үлкен алаң және мүмкіндіктер: мұнда мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар қазіргі оқушылардың танымдық салада олардың қажеттіліктері мен қызығушылығын түсінетін, оларды жақсы көретін және өздерін көрсететін мектептегі басты тұлғалармен байланысты орнатады.

Оқушылардың пәнаралық сипатқа негізделген жаттығулар мен тапсырмаларды орындау барысында жеке белсенділіктері артып, есте сақтау, ойлау, эмоционалды-еріктілік үдерістер, қиял мен сөйлеуі жетік дамиды. Алған білімді түсіну, меңгеру, сіңіру мен қорыту әрекеттерінің нәтижесі болып табылады және келесі бір жаңа білімді игеру әрекетіне жаңа әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен енгізілу жолында ізденістер орын алатын күрделі құбылыс болып табылады.


2.2 Бастауыштағы пәнаралық байланыстарды жаңа буынды оқулықтар жүйесімен жүзеге асыру
Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген немесе ықпалдастықтағы білім беру жүйесі ретінде қарастырылады. Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі біздің педагогикалық тәжірибемізге ыңғайластырыла отырып, оңтайлы кіріктірілген болып табылады.

Оқу пәндеріндегі білім мазмұндарының ортақ бөлімдер мен ортақ тақырыптарға топтастырылуы төмендегі шарттарға байланысты:



  • зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;

  • кіріктірілген немесе өзара байланыстырылған оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;

  • кіріктірілген немесе өзара байланыстырылған оқу пәндерінің жалпы заңдылық, теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Осы негізде біртұтас дидактикалық мақсатқа бағытталған оқу бағдарламаларының жасалуына алып келді. Пәндердің өзара байланысуындағы құрамдық-құрамаларының қызметін талдау әдісін пайдалану – әрбір бөлшектік құрылымның бағытталған арнаулы қызметі тұрғысында қарастырылады және кіріктіріліп немесе өзара байланыстырылып отырған екі, үш (немесе одан да көп) пәннің құрылымдық бөлшектері анықталады (оқу материалының мазмұндық көлемі, осыған негізделген бөлімдер, бөлімшелер мен ортақ тақырыптар, дәйекті теория мен ұғымы, заң, т.б.) т.б. Нәтижесінде жалпы білім беретін екі немесе одан да көп пәндердің жиынтығын беретін өлшемдік кестесі жасалады [137,138].

Оқытылатын жеке пәндер оқушыларға қажетті білім, білік, дағды қалыптастыра отырып, олардың жеке тұлғалық болмысының дамуына және өмірлік тәжірибеде өзін-өзі тануына септігін тигізеді. Оқушы немесе жеке адам алға қойған мақсат-мұратына жету жолында жеке өзінің өмір тәжірибесінде жинақталған білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл өзінің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін пайдалануға қабілеттілігін көрсету болып табылады. Яғни, бұл - құзіреттілік. Бүгінгі оқу бағдарламасының мазмұнында танымдық-ақпараттық құзырлылықты қалыптастыру басымдық орынға ие болуда, өйткені оқушының әлемді және қоршаған ортаның біртұтастығын танып білуге бағытталған әрекетін пәнаралық байланыстар жүйесімен немесе ықпалдастырумен байланысты жүзеге асыру маңызды болып отыр.

Пәнаралық байланыс және оқушының танымдық болмысындағы жалпы құзіреттіліктердің қалыптасуында берік байланыстар бар. Себебі, оқу бағдарламаларында әр пәннің оқу материалдары негізінде оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағдылар өз алдына жеке-жеке сипатталып, анықталып берілсе де, бірақ, тұлғаның өмірлік тәжірибесінде олар өзара байланыстағы тұтастық құзіреттілігін береді.

Пәнаралық байланысқа негізделген сабақтардың өзіне тән ерекшеліктері. Мәселен:



  • бұл типтегі сабақтарды өткізуге мұғалім тарапынан шығармашылық- ізденіс жұмыстарын жүргізу талап етіледі. Берілетін немесе өтілетін тақырыптық оқу материалын ауқымды қамту арқылы оқушының тұлғалық болмысының толық дамуына кешенді тұрғыдан ықпал жасалады /түрлі ақпарат көздерінен – оқулықтар, қосымша ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ғаламтор желісі, т.б./;

  • тақырыптық сабақта оқушылардың ғылыми-танымдық әрекетінің белсенді болуы, қызығушылықтың /мысалы, негіз болып отырған пәнге/ артуы;

  • жеке пәннің оқу материалын меңгеру барысында өзге пәндердің оқу материалының мазмұнына сүйену, оны толықтырушы құрал ретінде орнымен пайдалану қажеттілігін мұғалімнің жете түсінуі және оқушы өзінің жеке танымдық болмысының дамуына қажеттілігін білу /пәндік білімнен метапәндік білімге өтуді түсіну/.

  • пәнаралық байланыс сабақтарында оқушылардың меңгеретін теориялық білімдер ауқымы кеңейіп, жаңа ұғымдар ман атаулардың көпшілік пәнге ортақ келетін белгіліерін танып, біледі /ортақ дидактикалық материалдар жүйесін пайдалану, техникалық құралдар, компьютерлер т.б./.

  • кіріктірілген сабақтарда кешенді білімдер жүйесін меңгеруде кері байланыстың орын алуы, алған білімдерінің өмірлік тәжірибеде пайдалану жолдарын игеру, біліктері мен дағдыларын шыңдау.

  • кіріктірілген сабақтар арқылы келесі пәннен оқылатын тақырыптық жаңа білімнің негіздерін меңгеруге дайындықтың жүруі.

  • пәнаралық байланыс сабақтарында оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзіне сыни тұрғыдан қарау жағдайларының орын алуы, басқа оқушылармен өзінің танымдық жолдағы әрекеттерін салыстыру.

  • оқушыларда кіріктірілген сабақтардағы меңгерген жаңа материалдарды талқылау мен талдау жұмыстарында танымдық-білім деңгейлерін көрсету орын алады.

  • пәнаралық байланыс сабақтарын өткізуге мұғалімнің жүйелі жұмыс жоспарының құрылуы және оқушылардың жоспар бойынша ғылыми-танымдық жұмыстарға қатысуы және оны жүзеге асырудағы әрекеттерінің белсенді болуы орын алады. Бұнда мұғалім ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

  • пәнаралық байланыс сабақтарының бағыттық мазмұны – оқушы тұлғасының жеке болмыс-бітімінің толық дамуына кешендік тұрғыдан ықпал жасау.

Біздердің тақырыптық зерттеулеріміздің мазмұнын ашу барысында қазіргі қолданысқа енгізілген жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламасының талаптарын орындау негізінде бастауыш сыныптар үшін жазылған оқулықтардың мазмұнына қысқаша сипаттамалар беріп, қарастырсақ. Мәселен, 3-сыныпқа арналған «Математика» оқулығы (1,2 - бөлім). Білімнің жүйелілігі, кешендігі, интеграциялануының қамтамасыз етілуі, пәнаралық және пәнішілік байланыстардың сақталуы барысында қарастыратын болсақ, оқулықтағы есептердің мазмұны оқушыға түсінікті, нақты, әдеби тілде, қазақтың белгілі тұлғалары жайлы есеп шығару арқылы, ақпарат жинап, оның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білуге бағытталған. 100, 104-беттер, т.б. Сондай-ақ, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек пәндерімен тығыз байланыста құрастырылған. Мысалы: «Кел, ойнайық» тапсырмасы: 1-бөлім 16, 18, 22, 24, 26, 28, 31, 54, 56, 67, 69, 71...т.б. 2-бөлім 36, 38, 42, 46, 55, 57, 98, 100,148-беттер т.б.



  • білім мазмұны мен көлемі мен күрделілік деңгейінің шиыршықтылық ұстанымына сәйкес беріліп, әр тақырыптағы тапсырмалар жүйесі Блум таксономиясының иерархиясына негізделе отырып құрастырылған.

  • әртүрлі сынып оқулықтары арасында пән мазмұнының сабақтастықта берілуі;

  • тарау, бөлім, параграф және тақырыптардың бір-бірімен өзара логикалық байланысы сақталған. Оқу жылына 8 ортақ тақырып жүйелі беріліп, тапсырмалар ортақ тақырыпқа сай жасалған.

Оқу материалдарының, мәтіндер мен тапсырмалар көлемі мен деңгейінің оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік тәжірибесіне сәйкестік талаптары сақталған.

  • танымдық үдеріс ерекшеліктеріне сәйкестігі (қабылдау, жадына сақтау, қиялдау және ойлау);

  • деңгейлік саралаудың болуы; барлық тақырыпта жеңілден күрделіге қарай, біртіндеп бағытталып берілген.

  • оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын қолдану: жеке, жұппен, топтық және ұжымдық. Оқулықпен диалог, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, өзіңді бағала тапсырмалары оқулықта шартты белгілерімен жүйелі берілген [141, 142].

Ал, дүниетану оқулығының мазмұндық құрылымын қарастырсақ /2,3- сынып/ оқушының топпен, жұппен, өздігінен жұмыс жасауына баса көңіл аударылған. Ол оқушының ой бөлісіп, ортақ шешім шығаруына және мәдени тұрғыда байланыс жасай білуге үйретеді. «Қоғам және мен» тақырыбы өзінің жеке басының, көпшілік орындарда және қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениетін айқындауға мүмкіндік береді. «Қазақстан халықтарының мейрамдары» тақырыбы мен ондағы тапсырмалардың мазмұнында ұлтаралық және ұлттардың өзара қарым-қатынасы, толеранттылық жайлы толықмағлұмат беріледі. Оқулық мазмұнының жүйелілігі, логикалық бірізділігі, және сабақтастығы, оқу материалының мазмұнында жүйелелілік және логикалық реттілік қағидалық ұстанымы сақталған. Әр бөлім арасында логикалық байланыс бар. «Шиыршық» әдісіне бағыттала құрылған тақырып көлемі мен оқу материалының мазмұнында, мысалы: «Ауа райы адамға қалай әсер етеді?», «Табиғат және менің қауіпсіздігім», «Менің шығындарым» және «Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн?» деген тақырыптарда бірізділік сақталған. Оқулық оқушылардың психологиялық және жас ерекшелігі, сондай- ақ әлеуметтік тәжірибесіне сай келеді. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық сияқты әртүрлі оқыту, ұйымдастыру формалары пайдаланылған. Тақырыптарда оқушылардың қызығушылығын тудыратын қызықты тапсырмалар қарастырылған. Мысалы, мұнда қызықты мәселелерді қамтитын тақырыптар ғана беріліп қоймайды, сонымен бірге әрбір бөлімнің соңында оқушылардың танымдық қызығушылығы мен шығармашылық ізденісіне жағдай туғызатын «Пікір алмасайық», «Әр алуан тапсырмалар» берілген. Материал оқушылар үшін түсінуге жеңіл, қысқа, ұғынықты түрде берілген. Әрбір тақырып екі бет көлемінде берілген. Ол мәтіннің, оқу тапсырмалары мен иллюстрациялары бірдей шамада болуына мүмкіндік туғызған. Оқулық фактілер мен оқиғаларды объективті түрде ашып беретін көңілге қонымды, нақты материалдардан тұрады. Глоссарийге сабақтың тақырыбын ашатын барлық негізгі сөздер кіреді [143,144].

3-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығында (1,2 бөлім) мазмұнның жүйелілігі, логикалық бірізділігі және сабақтастығы сақталған. Білімнің жүйелілігі, кешендігі, интеграциялануының қамтамасыз етілуі, пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталған.



  • білім мазмұны мен көлемі мен күрделілік деңгейінің шиыршықтылық ұстанымына сәйкес; әр тақырыптағы тапсырмалар жүйесі Блум таксономиясының иерархиясына негізделе отырып құрастырылған.

  • әртүрлі сынып оқулықтары арасында пән мазмұнының сабақтастығы сақталған: тарау, бөлім, параграф және тақырыптардың бір-бірімен өзара логикалық байланысына сәйкес зерттеушілік тапсырмалар жүйесі құрылған.

Оқу материалдарының, мәтіндер мен тапсырмалар көлемі деңгейінің оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы, барлығы талапқа сай сақталған.

  • танымдық процесс ерекшеліктеріне сәйкестігі (қабылдау, жадына сақтау, қиялдау және ойлау);

  • деңгейлік саралаудың болуы; барлық тақырыпта жеңілден күрделіге қарай, біртіндеп бағытталып берілген.

  • оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын қолдану: жеке, жұппен, топтық және ұжымдық. «Жедел жауап» айдары оқулықпен диалог, жұппен жұмыс, топпен жұмыс жүргізуге бағытталған.

Мазмұнның қызықтылығы мен эмоционалдық айқындылығы әрбір тақырып бойынша сурет, тәжірибелер арқылы тапсырмалар жүйесінен көрініс тапқан, балалардың қызығып жұмыс жасауына жақсы ықпалын тигізеді:

  • оқу материалдарының диалогті сипатқа ие, оқу пәніне қызығушылық, эмоциялық әсер тудыратын ерекше, таңғаларлық элементтер әр тақырыпта айқын көрсетілген.

  • тапсырмалардың әртүрлілігі: қызықты, тәжірибелік тапсырмалар қайталанбай, әртүрлі берілген [145].

Мәселен, 3-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» кітабы МЖМББС тұжырымдамалық қағидаларына, типтік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламасына сәйкес. 2 бөлімнен тұратын оқулықтың әр кітабында бағдарламадағы оқу мақсаттары нұсқаушы ретінде балаға түсінікті тілмен тұжырымдалған және әр сабақ оқу мақсаттарына негізделіп жасалған. Әр сабақта оқу мақсатының түйінді сөздері келтірілген.

«Әдебиеттік оқу» пәні әдебиеттану ғылымына негізделетіндіктен, пәннің базалық ғылыми мазмұны сақталған. Білім мазмұнын құруда әдебиеттегі көркем шығарма, жазушы және оқырман бірлігін сақтау ұстанымы басшылыққа алынғаны байқалады: осы жастағы балаға түсінікті шығарма, оның авторы туралы қарапайым өмір-дерек, сол мәтінді дұрыс қабылдауға бағыттайтын оқу тапсырмалары берілген. Сұрыпталған материалдар лексикалық тақырыптарға сай үйлестіріліп, оқушыда сол мәселе туралы тұтастай білім қоры қалыптасуына негіз болады. Мысалы, «Жанды табиғат» бөлімінде топтастырылған шығармаларды оқи отырып, оқушылар туған өлке табиғатының әдемілігі, табиғаттың тамаша таңғажайып құбылыстары, адамға пайдасы туралы біледі, одан әрі табиғатты қорғауға үндейтін мәтіндерді талдау арқылы осы бөлімнен алған білімін қорытындылайды. Оқулықтағы әрбір бөлімнен осындай жүйелілікті байқауға болады.

Құндылық бағдарлары - оқулық мазмұнында ана тілін түсінетін, оның қадір-қасиетін түйсінетін, елін, Отанын сүйетін, патриоттық сезімі тұрақты қалыптасқан, мұндай ұлы сезімнің ата-анасы мен жақындарын құрметтеуден басталатынын білетін жеке тұлғаның келбетін қалыптастыратындай материалдар молынан қамтылған.

Тәжірибеге бағытталуы - оқулықтағы әр сабақтың әдістемелік аппаратында құзыреттілік тапсырмалары ескерілген. Мысалы, №11 сабақ: Қасқырға қандай кеңес берер едің? №12 сабақ: Алмастың орнында сен болсаң не істер едің? №60 сабақ: Аланнан не үйрендің? №35 сабақ: Күн тәртібін жасауға көмектес. №83 сабақ: Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып жаз. №84 сабақ: Қандай сусындар ішкен пайдалы деп ойлайсың?

Сыни тұрғыдан ойлауды, талдау қабілеттерін дамытуға бағытталуы мәтіндерді талдауда ұсынылған «Ақылдың алты қалпағы», «Фишбоун», «Жабық және ашық сұрақтар», «Бестармақты өлең», «Семантикалық карта», «Кластер құрастыру», «Постер құрастыру», «Эссе жазу», «Бес сөз», «Үш қадам», жоба жасау, ақын-жазушыға еліктеп көркем сөйлеу тапсырмалары, жадынамалар, ережелер құрастыру, ситуативтік жағдаяттарды шешу немесе жолдарын ұсыну, хат, тілектер жазу, т.б интербелсенді әдістер сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады.

Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықта осы курсты ұйымдастыру мен өткізуге арналған ұсыныстар, сонымен қатар, қадамдық нұсқаулар берілген.

Әдістемелік нұсқаулық:


  1. Ұзақ мерзімді жоспарлаудан;

  2. Орта мерзімді жоспарлаудан;

  3. Қысқа мерзімді жоспарлаудан;

  4. Әр тараудың қорытындысы жиынтық жұмыстардан құралған қосымшалардан тұрады.

3-сыныптың «Қазақ тілі» /1,2-бөлім/ оқулығының оқу материалдарының негізіне тілдік білім мен сөйлеу алынған. Қазақ тілін оқытуда сөйлеу аспектісіне ерекше мән беріліп, тіл және сөйлеу бірліктері (сөз, сөйлем, мәтін), кез келген грамматикалық категория (сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері) оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытуға бағытталып сұрыпталған. Оқулық мазмұнында оқушылардың тілдік және қатысымдық дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары мен материалдары күтілетін нәтижеге бағдарланған оқу мақсаттарына сәйкес түзілген.

Оқу материалдарының құндылық бағдарлары – оқулық мазмұнында туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту материалдары молынан қамтылған. Аталған оқулықтағы мәтіндер бағдарламада көрсетілген лексикалық тақырыптарға сәйкес алына отырып, оқушылардың адамгершілікке, патриоттыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, әдептілікке, әсемдікке тәрбиелеуге бағытталып ұсынылған. Ал, «Атақты тұлғалар» бөліміндегі мәтіндер арқылы білім алушылар Б.Момышұлы, М.Әуезов, Құрманғазы, Дина, А.Байтұрсынов, Төле би және басқалар туралы мағлұмат алады, әрі солардың іс-әрекеттерінен үлгі алады. Осылайша еліміздің табиғаты мен мақтан етер ұлы тұлғаларын тани келе, олардың патриоттық сезімдері оянары сөзсіз.

«Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Оқулықта отбасынан бастап үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасаудан бастап, табиғатты қорғауға және өз еліне деген сүйіспеншілігін оятуға арналған мәтіндер мен жаттығулар үнемі беріліп отырған (мысалы 1-бөлімде 3-сабақтың 15 жаттығуында, 52-сабақтың 5-жаттығуында, 55-сабақтың 18 жаттығуында берілген).

Өмірлік тәжірибемен байланыстылығы – оқулық материалының мазмұнында оқушылардың алған білімдерін іс-ірекет барысында, өмірлік жағдаяттарда, тұрмыста, төтенше жағдайларда ұтымды қолдана алуға

бағыттайтын материалдар бар. Олар оқулықта берілген тілдік материалдар оқушының диалогтік сөйлеуі мен көпшілік алдында сөз сөйлеуін, топтық қарым-қатынасқа түсе алуын, жазбаша қарым-қатынас түрлері мен мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған. Мысалы, диалогтік сөйлеуге үйрету үшін этикалық сипаттағы диалогтер: сәлемдесу, өзін-өзі, басқаны таныстыруы; қоштасу; құттықтау, тілек айту, оған жауап беру; әңгімені бастау, аяқтау, жалғастыру; алғыс білдіру, оған жауап қайтару; қуанышымен, ренішімен бөлісу (1-бөлім.16-сабақ. 60,61-жаттығулар; 19-сабақ. 4-жаттығу; 2-бөлім. 120-сабақ.7- жаттығу), т.б.

Сондай-ақ, сыни тұрғыдан ойлауға, креативтілікке, жағдайды, ақпаратты өз бетінше ұғынуға талдауға және бағалауға, қорытынды жасай алуға, ақпаратты өз бетінше талдап, түсіндіре алуға, проблеманы шешіп, балама жолдарын ұсынуға арналған дамытушы тапсырмалар әр сабақта бар десе болады. Құттықтау және шақыру қағаздарын жазу жоба жасау, хабарлама, ережелер құрастыру, жағдаяттық тапсырмаларды шешу немесе жолдарын ұсыну т.б интербелсенді әдістер сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады.

Ең бастысы, оқулықтағы барлық материалдар жүйелі түрде бірізділікпен және түсінікті тілмен әдеби нормада жазылған. Пән мазмұнының, әдістері мен тәсілдерінің сабақтастығы сақталған. Тарау, бөлім және такырыптары бір- бірімен өзара логикалық байланыскан. Оқулық материалдары оқушылардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік дәрежесіне, деңгейіне сәйкес іріктеліп берілген, танымдық үдеріс ерекшеліктеріне сәйкес. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын қолданған. Оқушыны белсенді әрекетке түсіретін тапсырмалар арнайы шартты белгілермен («жұппен жұмыс», «топпен жұмыс», «ойлан», «ойна», «ізден», «күрделі тапсырма») көрсетіліп, олардың көлемі оқушының жас ерекшелігіне сәйкес берілген. Алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету тапсырмалары мен жаттығулары оқушыларды оқу әрекетіне ынталандырады.

Еліміздегі жаңартылған білім беру жүйесіне өтуде, жаңаланған оқыту мазмұнын айқындауда пәнаралық байланыс түрлерін педагог- ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.

Пәнаралық байланысқа негізделген сабақтар өткізу үшін біріншіден, пәндегі оқу материалдарының мазмұны мен құрылымын білу және осы теориялық білімдегі түсінік-ұғымдарының жалпы ғылымилық орнына мән беру қажет. Екіншіден, осы түсінік-ұғымдардың қандай белгілері болмасын өзара байланысқа түсетін пәндерге ортақ болып табылу жағын ескерген маңызды. Үшіншіден, түрлі пәндердің оқу материалдарының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда педагогикалық технологияларды іріктеп және тиімді пайдалана білу болса, төртіншіден, алған кешенді білімдерін оқушылардың өмірлік тәжірибеде қолдана білу білігі мен дағдысының қаншалықты тиімді орын алатындығын басшылыққа алу керек, сонда ғана мұндай сабақтар өзінің жақсы нәтижесін беретіні анық.

Мұғалімдердің пікірінше, пәнаралық байланыс сабағын өткізудегі кең қолданыста болатын әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, саяхат, тәжірибе жасау, техникалық құралдарын пайдалану, көрнекі құралдарын пайдалану, танымдық есептер құрастыру және шешу, тәжірибелік жұмыстар жүргізу және т.б.



1,2,3,4-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндық жүйесіне талдау жасадық. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыс жүзеге асатын сабақтарының мазмұндық мүмкіндіктерінің жоғары болатындығын және оларда төмендегідей дидактикалық шарттар орындалатындығы анықталды /оқушының ғылыми- танымдық жеке белсенділігінің артуына негізделу/:

  • оқытуда белгісіз, бірақ, түйіні табылуға тиісті мәселенің мүмкіндігін күшейте отырып, пәнаралық байланыстың аясын жүйелі түрде арттыру;

  • проблемалық әдісті – пәнаралық байланысты жүзеге асырудың құралы ретінде пайдалану;

  • пәнаралық түсінік-ұғымдарды және атаулық-ұғымдарын /терминология/ қолданғанда және жаңа білімді пысықтауға мүмкіндік туғызатын байланыстың екі және көп жақты сипатын түсіндіру;

  • пәндердің өзара байланысу әрекеттерін қорытындылауда атаулық- түсінік-ұғымдар мен білік, іскерліктер мен дағдыны ауқымды негіздеуге мүмкіндік беретін байланыстың екі және көп жақты сипатын қарастыру;

  • бастауыш сынып оқушысының мүмкіндігі мен өзіндік ерекшеліктерін басшылыққа алу;

  • оқушының танымдық іс-әрекетіне жетекшілік жасау, мәліметтік- деректердің, білімдердің, біліктердің, дағдылардың ішкі байланысын анықтау мен оқушы тұлғасының танымдық әрекеттегі іскерлігіне қатысты психологиялық жай-күйі, көріністік бейнесі;

  • пәнаралық байланыс сабақтарында жүйелі сұрақтар қою;

  • бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың жеке ойлауын арттыру мақсатында қайсыбір жаңа түйіндерді шешу үдерісінің үлгілерін жасау, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау, қол жетімді өзгешілігін түсіну мен оқуда қолданылатын тапқырлық әрекет түрлерін /объектілерді тану, теориялық қағидаларды дәлелдеу, т.б./шығармашылдық іздестіруге үйрету және орындату;

  • оқу материалын кешендік қайталау;

  • сыныптан тыс шаралар өткізу.

Бұл бағыттағы негіздемелік жүйелер бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыстағы сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барыстарында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық шарттарды анықтай отырып, педагогикалық үдерісте – пәндердің өзара байланысын, оқу материалдарының кіріктірілуін яғни, «педагогикалық құбылысты» жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық барыстағы әрбір нақты міндет оқу-тәрбие үдерісі арқылы жүзеге асырылады. Пәндердің өзара байланысы немесе пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының кіріктірілуі, бір-бірімен ықпалдаса байланыс табуы – білім беру мен оқытудың мақсат, мазмұны, әдістері және оның ұйымдастырылу түрлерімен ғана көрініс таппайды. Бұл тек мұғалім мен оқушының бір бағытқа бағытталған оқу-таным іс-әрекетінің мазмұндық құрылымдарының бөлігі болып саналады.

Біз өз зерттеуімізге сүйене отырып, пәнаралық байланыстың және оның түрлерінің құрылымы мен басты идеясын білім мазмұнын айқындаудың негізінде алынуы қажет деп түсінеміз.

Жеке ғылымдар негізін оқытатын пәндер жиынтығы адам ақыл-ой дамуының танымдық жемісі болғандықтан, жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына енуі қажет.

Оқытудың жаңартылған білім мазмұнын беру бағдарламасының негізінде мектеп тәжірибесіндегі пәнаралық байланыс сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің жаңа бір белеске көтеріліп отырғандығына көз жеткізе аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет