Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Шымкент, 2021


Бастауыштың жаңартылған білім мазмұнында



бет14/36
Дата07.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#19331
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
2.3. Бастауыштың жаңартылған білім мазмұнында

пәнаралық байланысты жүргізудегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Педагогикалық тәжірибеге ендіріліп жатқан жаңартылған білім беру мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу-тәрбие барыстарын жаңаша құруға және оқушыларды оқытудың барлық кезеңдерінде белсенділікті арттыру басты шарт ретінде басшылыққа алынады, ұйымдастырылатын педагогикалық үдерісті жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық өзара қарым-қатынас негізінде жетілдіру қажеттігі жүйеленеді.

Алдыңғы тақырыптағы жаңартылған білім мазмұндағы түрлі пәндердің оқу материалдарын өзара байланыстыру немесе кіріктірілу жағдайда сабақтарды ұйымдастыру мен жүргізудегі ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы қабілеттіліктерінің көрсеткіш жағдайларын, зерттеп, талдап, ұсындық.



Ал, енді біз бастауыш сыныптарына жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық үдерісте пәнаралық байланыс сабақтарын өткізу, оқушылардың белсенділік, қызығушылық, ғылыми-танымдық әркеттерін қалыптастыру мен дамыту және олардың жеке тұлғалық болмысының толып, жетілуіне кешенді білімдердің ықпалы жайындағы зерттеудің эксперименттік тәжірибелік жұмыстардардың барысы мен олардан алынған нәтижелік көрсеткіштер бағытындағы ақпараттарды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып береміз.

Оқушылардың жаңартылған білім мазмұны негізінде пәнаралық байланыста қол жеткізген ғылыми-танымдық және тәрбиелілік деңгейлерінің критерийлері бойынша пайыздық көрсеткіштерін белгіледік. Теориялық білімдерін бекіту және білік, дағды және машықтану үшін оқушыларды сыныптар бойынша топтастыра отырып зеттеулер жүргізілді. Бастауыштағы пәндердің өзара байланысуы арқылы ұйымдастырылатын педагогикалық үдерісте оқушылардың жеке тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуының көрсеткішін, оның критерийлерін талдаудың негізінде оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастыруға болатын қарым – қатынас анықталды және олардың ғылыми танымдық деңгейінің көрсеткішін беретін диагностикалау жұмыстары жүргізіліп, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жоспарлы зерттеулер жасалды. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мақсатында, біз зерттеу жоспарын жасадық, онда сынып оқушыларының даму деңгейінің белгілері қарастырылды. Теориялық білімдерін бекіту мақсатында нақты педагогикалық тәжірибелер оқушылардың күнделікті өмір сүру ортасына мүмкіндігінше жақындастырылған, даму көрсеткіштерін анықтайтын педагогикалық жағдаяттар құрастырылды. Бастауыш сынып мұғалімінің пәнаралық байланыс сабақтарына бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарының барыстарында жаңа педагогикалық технологияларды іздеу мақсатында, кіріктірілген сабақ жоспарларының ортақ бөлімдер мен тақырыптар жүйесімен /орта және қысқа мерзімді оқу жоспарларына сүйене отырып/, оқушының дамуындағы орын алатын білім, білік, дағды және танымдық іс-шараны талдау талаптары жасалып, қарастырылды. Бағдарлама негізінде бастауыш сынып оқушыларына жаңартылған оқу бағдарлама жүйесімен педагогикалық үдеріс кезіндегі олардың танымдық әрекеті мен іс-шаралары келесі жүйеде ұйымдастырылды: мақсатын анықтау, жағдайды талдау, іс-шараны жоспарлау, ғылыми-танымдық ықпал етудің ұйымдастыру деңгейі, жеке тұлғаның болмыстық бітіміне тікелей ықпал жасау, оқушының жаңа білім негізінде меңгерген білік, дағды әрекеттерін қорытындылау кезеңі– сабақтарды өткізгеннен кейін талдаулар жасалды.

Жаңа білім мазмұнды бағдарлама негізінде және сараптау барысында оқушылар теорияны игеріп, тәрбиелеудің міндеттерін анықтауға және шешуге үйренді, соның негізінде пәнаралық байланысқа негізделген педагогикалық үдерістің әдіс-тәсілдері мен формаларын игерді. Бұл сабақтарда білім алумен қатар, басты назар – эмоционалды-құнды қатынастар қалыптасуына бағытталды.

Эксперименталдық-тәжірибе жұмысының /басталуы/ – қалыптастыру және /аяқталуы/ анықтауыш эксперимент кезеңінде оқушының жеке тұлғалық болмысының қалыптасуы мен дамуындағы ғылыми-танымдық деңгейінің көрсеткішін анықтау /диагностикалау/ әдістемесімен қатар оқушының жеке басының білімдік, рухани-құндылық мүмкіндіктерінің қалыптасқандығын анықтау мақсатында диспут түріндегі бейімделу технологиясын пайдаландық.

Қалыптастыру тәжірибесі кезеңінде «Педагогикалық үдерістегі объект- субъекті-субъект-объекті» қатынастық жүйені пайдаландық және ол төмендегідей мазмұндық көрініс берді.



  • кіріктірілген сабақта оқушылармен атқаратын ғылыми-танымдық әрекетке бағытталған оқу қызметінің мақсаттары мен міндеттерін талқылау;

  • пәнаралық байланыс сабақтарын ұйымдастыруда сенімділікке негізделген қатынас жағдаятын жасау;

  • оқушылармен жеке танымдық-ақпараттың қатынасты ғылыми тұрғыдан негіздеу басшылыққа алынады;

  • сабақта оқушыларға бірнеше балл қоямын, олардың қателесу құқын мойындаймын және өзара бақылау жасауын қолдаймын;

  • сабақта білімдерін лайықты бағалау, бағаны ынталандырудың негізі ретінде қолданамын, балдық бағаны басқа қателіктерді жою үшін қоямын.

Осы бағытта педагогикалық-тәжірибелік жұмысының нәтижесі оқушының жеке тұлғалық болмысындағы ғылыми-танымдық әрекеттерінің қалыптасуы мен дамуын жаңартылған оқу бағдарламасының білім мазмұны негізінен педагогикалық шарттарының тиімділігі айқындалды.

Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыптық мазмұнының аясында бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғалық болмысының өз бетінше даму қабілетін анықтайтын жаңашылдық әдістер мен технологиялар пайдалану оның негізінде педагогикалық бақылау жүргізілді.

Ол мәселе – бастауыштағы білім беру кезеңі оқушыларының пәнаралық байланыстағы сабақтарда ғылыми-танымдық мазмұндағы білімдерді меңгеру мүмкіндігін анықталмауынан деп саналып отыр. Сол себепті барлық оқушыларды зерттеу мерзімінің 1-ші сыныбында ғылыми дүниетанымдық көзқарастан толық беки алмаған еді. Ал зерттеудің келесі кезеңіндегі 2-ші және 3-ші сынып оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуы мен дамуы ерекше орын алғандығын, олардың әрекетіндегі білік пен дағдыларының тұлғалық болмысының көрінісі ретінде бейнеленуі негіз бола алады.

Зерттеу барысында жаңартылған білім мазмұнының жағдайында бастауышта пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тәжірибелік көрсеткіштерін және деңгейлерін айқындадық.



Бастауыш сыныптарда жеке пәндерде берілетін ортақ тақырыптар арқылы оқушылардың пәнаралық байланыста ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғалық болмысын дамытудың өлшемдеріне сәйкес оның көрсеткіштері ұсынылады:

  1. Бастауыш сыныпта оқушылардың пәнаралық байланыста ғылыми дүниетаным қалыптастыру жеке тұлғалық болмысын дамытуға ұмтылысы; ортақ тақырыптар негізінде пәнаралық байланыс материалдары арқылы ғылыми дүниетаным қалыптастыруға қызығушылығы; оқушылардың ұсынылған ортақ тақырыптарда қамтылатын оқу материалдары арқылы пәнаралық байланыста ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы белсенділігі.

  2. Жаңартылған білім мазмұнын беретін бағдарламадағы бөлімдер мен ортақ тақырыптар жүйесімен пәнаралық байланыс негізінде алынатын білімі; жеке пәндердің оқу материалында ғылым негізін ұстану заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны, табиғатты танып білуі; жеке пәндердің оқу материалдарын меңгеру іс-әрекеттеріндегі пәнаралық байланыс материалдары негізіндегі ғылыми дүниетанымдық білім біліктері.

  3. Бөлімдер мен ортақ тақырыптар жүйесімен оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және жеке тұлғалық болмысын дамытудың қажеттілігін түсінуі; ортақ тақырыптар негізінде оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы ғылыми дүниетаным қалыптастыруға қызығушылығын айшықты көрсете білуі; жеке пәндердің оқу материалдарын топтастыру негізінде ұсынылған ортақ тақырыптар оқушылардың ғылыми дүниетанымын пәнаралық байланыс арқылы әлеуметтік,

  4. психологиялық талдау және іскерлігі; оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ғылыми танымдық түсініктерін қалыптастыруға бейімділігі.

Осындай өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар ақылы бастауыш сыныптағы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың үш деңгейі белгіленді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет