«Күнді құтқару» әдісі арқылы берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқиды, ортақ тақырып ойластырады және түсіндіреді.
топ–Күн Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
топ–Түн Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
топ–Таң Күш – білімде,
Білім – кітапта.
топ–Кеш Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Дескриптор:
берілген мақал-мәтелдерді түсініп оқиды
мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді
ортақ тақырып ойластырады
ҚБ «Шуақты күн» әдісі Мақал-мәтелдердің мағынасын нақты түсіндіре білсе және тақырып қоя білсе шуақтыкүнді алады. Толық түсіндіре алмаса және тақырыпты қоя білсе жартылай бұлт басқан күнді алады. Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіре алмаса, тақырып ойлай алмаса толықбұлтбасқан күнді алады.
2-тапсырма
«Тыңдау»әдісі арқылы өлеңді үнтаспадан тыңдайды.
Нұсқау: «Күн шыққанда» өлеңінің әрбір шумағын 4 топқа бөліп беремін. Әрбір топ өзіне берілген шумақты оқи отырып, түсініксіз сөздерді немесе түсініксіз сөйлемді түртіп алып мағынасын ашады. Берілген өлең шумақтарын пайдаланып 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды. (Қазақ тілі)