1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.
2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.
3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.
4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады. Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады.
Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.
Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.
Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады. Тұтығу – ең ауыр кесел. Оның себептері:
1. Қорқу;
2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
3. Ата-анасының тұтығуы;
4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.
Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады.
Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін. Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |