Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021


Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері



бет15/29
Дата07.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#19597
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
1.2 Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. Б

Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.

Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тең түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.

Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.

Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады

Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.

Бүгінде елімізде тілінің мүкістігі бар балалар жиі кездесетін болды. Көптеген дыбысты дұрыс айтпай, бұзып айтатындар көп.Елімізде тілінің мүкістігі бар балалар көбейді. Баяғыда "р" әрпін "ыл" немесе "ғы" деп оқитындарды ғана көруші едік, қазір "қ" мен "г" әрпін "т" қылып, "р"-ны "м"-ға ауыстырып, "л"-ны "у"-мен алмастырып, "с", "ш", "ж", "з" әріптерін "ч" қылып айтатындар бар­шылық. Яғни дыбысталу жағынан бір-бірімен бес қайнаса сорпасы қосылмайтын әріптермен алмастыру — үлкен проблема. Балабақшаға барсаңыз, дыбысты дұрыс айтатын баланы шам алып әрең табасың. Ата-аналардың алаңдайтыны да – сол. Былдырлап шыққан баланың тілі сол был­дырлаған күйі қала берсе, қай ата-ана уайымдамасын?! "Баламыздың тілі дұрыс шықпай жатыр" деп, үйіне логопед мамандарды шақырып жүр­гендер де бүгінде көбейді. Оны айтасыз, тіпті балабақшаларда логопед деген ма­мандық тапшы болып барады.

Логопедке сұраныс неліктен өсіп келеді? Баяғыда логопед дегенді қазақ көрмек түгіл, естімейтін де, оның не екенін де білмейтін. Ал бүгінде екінің бірі біледі. Тіпті логопедиялық балабақшалар да бар. Оған да кезекке тұрғандар жетерлік. Осы жерде "бүгінде неге тіл кемістігі бар балалар сонша көбейіп барады" деген сұрақ туады. Неге мұндай проблема қазақ балалары арасында белең алуда? Балабақшаларда логопед деген мамандық тапшы болып барады Бір ғана мысал. Мәселен, Астанадағы жекеменшік балабақшасына қыркүйекте естияр тобына (3,5-4,5 жас аралығындағы бала­лар) 20 бала келеді. Соның 12-сі жасына сай дұрыс сөйлей алмайды. Ал ересек тобына келген 18 баланың 10-ға жуы­ғы­ның сөйлеу тілінде кемшіліктері бар. Жалпы, тіл мүкістігі неден болады? Бұған мамандар бірнеше себеп айтады. Соның біріншісі – емізіктен. Емізікті көп ем­ген баланың таңдайы тереңдеп, икем­сізденіп, артикуляциялық қозғалысы нашар­лайды. Яғни дыбыстың дұрыс шығу-шықпауына себептердің бірі – таңдай. Таңдайдан болған ақаудың әсерінен әріп­тер дұрыс дыбысталмай жатады. Ал бұ­рынғы қазақ балалары емізік дегенді білді дейсіз бе?! Бұрын мұндай проблеманың си­рек болуы сондықтан да болар.

Біріншісі – емізіктен, екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі

Екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі. Мәселен, бала бір жаста 5-10 сөз айтуға тиіс екен. Екі жаста 200-300 сөз білетіндей қабілетке жетеді. Үш жаста күрделі сөйлемдерді ай­тып, дауысты дыбыстарды толық меңгереді екен. Осы жастан бастап баланың жалпы сөйлеу тілі дамиды және оған тікелей себеп­кер ата-анасы болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөйлесе бермейді. Сөйлесетіндері сирек. Оның өзінде баланы шектен тыс еркелетіп (гиперопека), кәдімгі түсінікті тілмен емес, баланың былдырлаған тілімен сөйлеседі (баламен бала болып). Бала уілдеп сөй­лесе, анасы да баламен қоса уілдейді. Бұл дұрыс емес. Керісінше, бұл жағдайда ана баласын түсінбесе де, онымен дұрыс сөйлесіп, сөз үйретуі керек. Бұл қызметті от­басы институтында негізінен әжелер атқар­ған. Бір топ немересін айналасына жи­нап, буыны қатпағанын алдына алып, ертегі айтатын. Ал енді бесіктен белі шық­пағанына келетін болсақ, онымен анасы айналысатын. Баланың санасын қа­лып­тастырып, тілін қазақша шығаруда бе­сік жыры – нағыз тамаша әдіс. Яғни балаға әлди айту, баламен әңгімелесу деген сөз. Бұл бала тілін қазақша шығаруға сеп болады дейтін себебіміз, "Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Көк­құтанның құйрығын жіпке тағып бе­рейін" деген бесік жырында, байқасаңыз, дауысты-дауыссызы, жуан-жіңішке қатаң-ұяңы бар дыбыстар түгелге жуық кездеседі.

Үшінші себеп – баланың топырақта ойнамауы. Бүгінгі күннің балалары баяғыдай топырақта ойнаудан қалды. Турасын айт­сақ, ата-ана балаларын топырақта ойнау­дан шектеп жатады. Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының ұсақ мото­рика­лары, яғни қол бұлшықеттері мен саусақтарындағы нүктелер әсер етеді деп дәлелдеп берген екен. Ал қазақта мұның рөлін үйде отырып ойнайтын "Ханталапай", "Бес асық", түзде ойнайтын "Шеңбер", "Тигіз­бекіл", "Үш табан" секілді асық ойын­­дары жақсы атқарған. Бұлардың бар­лығы осы ұсақ моториканы дамытуға жақсы әсер етеді. Тіпті баланың қолына сүйек ұстатып, мұжытып қою да тілдің дұрыс дамуына оң әсерін тигізбек. Біріншіден, алақанның бұлшықеттері шираса, екіншіден, сүйек мұжу арқылы бала артикуляциялық жаттығулар жасайды. Артикуляциялық жаттығудың тағы бір тамаша қазақи тәсілі – ұртына құрт салып, сорып жүру. Қазір малта сорып жүрген қай қаланың баласын көрдіңіз? Өте сирек! Сондықтан да ауылдың балаларында ондай проблема жоқ. Тіпті тілінің мүкіс­тігінен құтылу үшін грек философы Демос­фен де екі ұртына тас салып жүрген. Көпшіліктің көзайымы, талайға танымал болған "Карнавал" фильмін көрсеңіз, онда да тілінің мүкістігі бар Нина Соломаина аузына жаңғақ салып алып, жат­ық­паушы ма еді?!

Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.

Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылартүсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді бөлімдерге бөліп, оқушыларды өздеріне мәтіннің тиісті бөлімін оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі

жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады. Бұл тапсырмалар жаңа буынды оқулықтарда жақсы қарастырылған.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор. Мысалы, әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтар бар. Arta Learnung оқулығы бойынша қазақ тілінен тақырыптар модульдермен беріледі, оқу және үйрену, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды орындау, тыңдалым, сөйлесу, өзін-өзі тексеру деңгейлері белгіленген. Оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.

Оқушылардың көбі р, л, с, з, ж, ш дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Осындай оқушыларға тіл дамыту сабақтарында үнемі назар аударып, оларға сол дыбыстарды жаттату үшін шағын тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер айтқызу орынды. Әсіресе оқушыларды ауызша тіл дамыту жұмыстары кезінде үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп үйретудің пайдасы зор. Мұндағы ұтымды жағдай бола өзін ортаға, айналаға сын көзбен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, кішіпейілдікті байқайды. Олардың сөйлеткенде сөйлемдердің қысқа, түсінікті, жүйелі құрылуына, айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерді дұрыс айтуын, жазуын қадағалау керек. Оқушылар көрген, оқыған әңгімелеріне еліктеп, сөздерді ойдан құрап жазады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, ұйқасын топ ойындарының әсері мол.

Оқушылардың тілін дамыту, ақыл – ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытуда математикалық жаттығулардың да үлесі мол. Оқушылармен ұлттық ойындар арқылы тақырыпқа сәйкес ойын есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың ойына байсалдылық, тапқырлық, шындық қасиеттерін сіңіру. Көбіне сабақта қазақтық ұлттық ойындарын қолданамын. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» тағы басқа да ойындар. Сөзжұмбақтар, ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет