Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021


II БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ



бет23/29
Дата07.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#19597
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
II БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ.

2.1 Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын техникалары

Тіл адамдардың бір –біріне пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Ал, тілдіде, тіл мәдениетін игеру де баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Сондықтан баланы бақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген сабақ уақытының көбі балалар тілінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалған. Бала бақшада өткізілетін оқу іс әрекеттердің барлығы осы салаға сабақтасып жатады.

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

Балалар тақырыпты бейнелемес бұрын, көркем сөзбен өлең жолдарынан қандай сурет салатындарын да байқап қалады. Әрбір сабақта тақырыпқа сай алынған көркем сөздердің, өлең жолдардың, жұмбақтардың, мақал- мәтелдердің енгізілуі, оқу іс –әрекетінде тартымды да нәтижелі болуына маңызы ерекше. Біздің мектепалды даярлық тобында 24 бала тәрбиеленуде. Балалардың дендері сау, сана –сезімдері жастарына қарай жетілуіне балалардың ынтасы епті, айтқаныңды тез ұғады. Әңгіме, ертегілерді толық әңгімелемегенімен өз ойларымен қысқаша жауап бере алады. Осы топта Иман- Мәдиді алатын болсақ, ересек тобында болғанда сабақ кезінде, сабақтан тыс уақытында, серуен кезінде де сөйлемейтін еді, мерекелік ертеңгіліктерде тақпақтар айтпайтын, сұрақ қойсақ, өзіңе сыбырлап жауап беретін еді. Осы баланың ата –анасымен сөйлесіп, жеке жұмыс жүргіздім. Осы дайындық тобына келгеннен кейін балалармен араласып ойнап, сабаққа қатысып, қойған сұрақтарыма жауап беретін болды. Жаңадан келген Мөлдір деген қыз бала бар, онымен бірге жеке жұмыс жүргізудеміз, оған әлі де біраз көмек қажет. Сосын кіші топтан келген Дана, Жаннұр, Айдостарға да жеке жұмыс жасамаса оларда тез түсіне қоймайды. Топта оқу іс- әрекеттердің бәрі ойын түрінде өтіледі. Сабақтардың тақырыбы жоспарға сай ұйымдастырамыз. Мектепке дейінгі кезең, жас баланың жеке басының қалыптасуы кезеңі. Балабақша табалдырығын аттаған бала адамгершіліктің бастамасы «сәлемдесуден»- тәрбие басталады. «Имандылықтың белгісі иіліп сәлем бергенің» деп бекер айтылмаған. Біз ең алдымен балалардың сәлемдесуіне көп мән береміз. Балалардың бәрі «Сәлеметсіз бе?» деп ертеңгілік амандасады, балабақшадан кетерде «Сау болыңыз!» деп қоштасады.

Баланың тілдерін жаттықтырып, ой –өрісін кеңейту үшін көп жұмыстыр жүргіземіз. Ертеңгілік қабылдаудан кейін, балаларға жеке жұмыс жүргіземін. Балалардан өз отбасы туралы жайлы әңгімеге тартамын.

Әкем менің- қауыншы,

Апам менің- сауыншы,

Ағам менің- егінші,

Жеңгем менің- тігінші,

Атам болса ұсташы

Бәрі- бәрі жұмыста

Отырамын мен текке

Менде кеттім мектепке.

Өлең шумақтарын оқып беріп, балаларға қайталаптып жаттықтырамын. Ертеңгілік қабылдау, жуыну, тамақтану уақытында сабақтарда, серуенде жүргізілетін жұмыстардың бәрі, баланың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналады. Осы жұмыстарды жүргізе отырып, олардың әр сөзінің сауатты, салауатты болуын қадағалаймыз. Яғни дұрыс айта алмаған сөзін дұрыстап қайталап айтуын талап етеміз. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында балаларға тақпақтарды мәнерлеп жаттату, ертегілерді айтқызу. «Күз», «Күзгі жапырақтар» және жыл мезгіліне байланысты көптеген тақпақтарды жатқа айта алады.

«Алтын сақа», «Қарлығаш пен дәуіт», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Алдар көсе мен бай», Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерін әңгімелеп бере алады. Топтағы балалардың бәрін елгезек, алғыр деп айта аламын. Әсіресе Нұрдәурен. Олжас, Ақерке; Дәурен, Мая, Мейрамгул сынды балалар ертегінің мазмұнын тыңдап рөлдерге бөліп ойнай алады. Мен жұмыс жасаған топтарда баланы ең алдымен өз ана тілінде еркін, сөйлеу, білуге баланың сөздік қорын байыту және сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу, әдіс- тәсілдерді қолдануды басшылыққа алып отырдым. Мысалы: тіл дамыту оқу іс –әрекеті бойынша» Көктем құстары»тақырыбында, өткен осы сабақта сұрақ –жауап әдісін қолданған өте тиімді. Құстар жайлы қойылған сұрақтарға балалардан толық жауап беруін талап еттім. Сұрақтардың жауаптары құстар жайлы үлкен бір әңгіме құрайтындай қылып дайындадым. Жауап бере алмаған балаға дұрыс жауапты қайталаттым. Сонымен бірге құстар жайлы мына мақал- мәтелдерді қолдандым:

1. Құс жеткен жеріне қонады.

2. Қарақұс басып жейді,

Сұңқар шоқып жейді.

3. Құстың алғанынан салғаны көп.

Сергіту сәтіне:

Торғай , торғай, тоқылдақ

Жерден тары шұқып –ап

Бөтегесі бұлтиып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.- өлең шумағын пайдаландым. Балаларға бұл сабақта құстар өмірі жайлы ғана емес, туған жердің өте ыстық болатыны туралы патриоттық түсінік алды.

Балабақшадағы балаға берелетін бүгінгі тәрбиенің ең бір өзек алатын жері ол ата – бабадан қалған асыл мұра. Баланың сана сезімін, ата – бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің маржан сөздерін құлағына құйып, көңіліне сендіре отырып бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру. Балаларды халық дәстүрімен таныстыра отырып, кемеңгер Абай ақынның нақыл сөздерін балаларға айтып естеріне түсіремін.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз,- деп атамыз жаманнан алшақ, жақсыға жақын бол, деп бізге өсиет қалдырған екен деп балаларға нақыл сөздерін айтып отырамын. Баланың ең алдымен өз ана тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуге үйрету туралы ойлары әрқашан басшылыққа алынып отырып, баланың сөздік қорын байыту, «іс –әрекеттерді білдіретін сөз тіркестерін айтуға, сөз тіркестерін орынды қолдана білуге, сонымен қатар ойды жалғастыра байланыстыра сөйлеуге назар аударылады.

Сабақтарды жоспарлаудан бұрын сабақтың мақсатын, көрнекілігін, әдіс тәсілдерін шығармаларда кездесетін сөз тіркестерін балаға қойылатын сұрақтары алдын ала даярланып алуы керек. Мысалы: тіл дамыту сабағын қолданылатын негізгі әдістерді алатын болсақ:

1. Берілген шығармалар туралы әңгімелер.

2. Балаларға түсінікті мәнерлі дауыс ырғағына келтіріп оқып беру.

3. Сабаққа атрибуттар қолдану.

4. Берілген шығармалар бойынша рөлдерге бөліп орындау

5. Әңгіменің, ертегінің, өлеңнің мазмұнын талдау, әдістері.

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтер

беру; туған жерге, елдің әдет- ғұрпына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

« Ертегілер елінде» топтамасының тақырыптарын өмірмен байланыстырып үйретеміз, баланың қиялына ерік береміз. Ертегі туралы өз ойын қиялдай отырып жеткізеді. Жаңылтпаштар кез- келген тақырыпта тіл ұстарту, сөздің дыбысталу нақышын дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтырады. Айта алмайтын дыбыстарын тез айтуға жаттығады.

Бүгінгі таңда тіл туралы аз айтылып жатқан жоқ. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, жұмыс жағдайын, тыныс- тіршілігін жақсы біледі. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалық та, басқа да өзгерістер біздің сана –сезімге өз деңгейінде келіп жетіп, жалғасын табады. Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Тіліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.

ОТТШМ технологиясы бойынша Сәби тілін дамыту жолдары «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі қызметте кеңінен тараған. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.

Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.

Мысалы: “Ой шабуылы”.

«Егерде ... , не болады?»

« ... жаңбыр толастамай жауады».

«... адамдар құстар сияқты ұшып үйренеді».

«... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды».

«... барлық ертегі кейіпкерлері тіріледі».

«... су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады». Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.

«Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне

байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз.

Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама – қайшы әдісті қолданамыз.

Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз.

Бұл ауызша ойын.

Мысалы,«Жақсы–жаман». Мысалы, «жаңбыр – жақсы немесе - жаман»

Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедергі екендігін, ненің қажет екендігін білу

.Ойын:«Керісінше»(доппен ойнайды)

.Мұғалім балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама – қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады (жақсы – жаман, құру – бұзу, кіру – шығу...,).

Мұғалім балалардан керісінше сөйлеуді сұрайды. Мен “кішкентай” деймін, балалар “жоқ, үлкен” – деп жауап қайтарады. (Жуан – жіңішке, қара – ақ, кәрі – жас, жеңіл – ауыр, жылы - ..., ұзын - ...).

Ойын: «Хайуанаттар үйі»

Үлкен ақ қағаз бетінде әр түрлі пішінді көп терезелері бар үйдің суреті бар. Балалар бұл үйде қандай аңдар тұратынын айтады, суретін салады. Оларға ат қояды. Содан кейін балалар бір күні осы үйде болған бір жағдай туралы әңгіме құрайды.

Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазіргі заман талабы – жаңа ақпараттық және оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат.

Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .

Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет