Дипломдық ЖҰмыс 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата26.11.2022
өлшемі1,21 Mb.
#52750
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
 
 
 
 
 
 



 
1 Әдеби шолу
1.1 Ионды сұйықтықтар ортасындағы металл кешендік катализ 
Соңғы 20-25 жылда төмен балқитын тұздар (ион сұйықтықтары) 
бірегейлік: ұшпайтын, жанбайтын, рекордтық, 300-400°С,сұйық күйдегі 
температуралық диапазон, жоғары жылу және электр өткізгіштігі, төмен 
уыттылығы, жоғары термиялық тұрақтылық (кейбір өкілдер үшін 450°С 
дейін) қасиетттеріне байланысты зерттеушілердің үлкен назарын аударды. 
Катион мен анионның химиялық модификациясы жолымен олардың «дәл 
әсер ету» қасиеттері жоғары бағаланды. Соның арқасында гидрофильді және 
гидрофобты қышқыл және негіздік ионды сұйықтықтар алу мүмкіндігі туды.
Ион сұйықтықтарының тарихы ресейлік басылымнан басталады химик Пауль 
Вальден 1914 жылы этиламмония нитратынан [EtNH
3
]+[NO
3
] алған . Ол 12°С 
температурада балқитын тұз. Алайда, бұл жұмыстың,маңызды салдары 
болған жоқ. 1970 жылға дейін иондық сұйықтықтарға арналған мақалалар 
саны жылына бірліктермен есептелген [2]. 1940-1980 жылдарда әртүрлі 
иондық сұйықтықтар синтезделді,бірақ негізгі назар хлоралюминаттарға 
бөлінді.металдарды электрохимиялық жағу үшін пайдаланып, химиялық ток 
көздерінде электролиттер ретінде спектроскопиялық қолдану ұсынылған 
болатын [3-10]. 
Хлоралюминатты ионды сұйықтықтардың елеулі кемшілігі, оларды 
қолдану мүмкіндігін шектейтін ылғал мен оттегіге сезімталдық. Бұдан басқа, 
бұл қышқылдығы оларды кең таралған спирттер және ацетон сияқты 
сольвенттермен бірге пайдалануды қиындатады. Сондықтан 1992 жылы 
Вилкес пен Заворотьконың ылғал мен ауаға төзімді имидазолиялық ион 
сұйықтықтары туралы жазған ғылыми мақаласы маңызды серпіліс болды 
[11]. Бұл иондық сұйықтықтарды кеңінен қолдануға жол ашты. Осыдан кейін 
жарияланымдар саны қарқынды өсе бастады, 2000 жылдың басында 1000-ға 
жетіп, сонымен қатар олардың қолданылу аясы кеңеюде [12-15]. Science 
Direct 2014 жылы ионды сұйықтықтарға арналып жарияланған жұмыстарға 
1800-ден астам сілтеме берді.
Химия және химия технологияда иондық сұйықтықтарға деген 
қызығушылық тек қана ерекше қасиеттері мен бірегейлігі үшін 
емес,химиялық өндірісте кейбір экологиялық проблемалар мен жағдайларды 
шешу мүмкіндігі оларды кеңінен пайдалануға жол аша бастады.
Бұл ең алдымен ионды сұйықтықтар буының елеусіз аз қысымымен 
ерекшеленуімен байланысты, бұл оларды дәстүрлі ұшпа органикалық 
еріткіштерден ажырату жеңілдігімен тиімді. Қауіпсіздікке әсер ететін басқа 
да сапасына олардың: жанбайтын, термиялық және химиялық тұрақтылығы 
және аз уыттылығы. Бұл ретте полярлы емес еріткіштермен араласпастан
металл кешендерін, тіпті металл тұздарын еріту қабілетінің арқасында, 
ионды сұйықтықтар екі фазалы каталитикалық жүйе түзе алады, оның 
артықшылықтары: бөлу жеңілдігі және катализатордың рециклі. Оны 



химиялық технологияда қолдану технологиялық ресімдеу мен шығындарды 
төмендетеді. П. Анастас және Дж. Уорнердің "Жасыл химия" 
қағидаттарының контекстінде, барлық осы қасиеттер ионды сұйықтықтарды 
болашақ химиялық технологияның маңызды компоненті ретінде қарастырды, 
ал олардың әдебиеттерінде "жасыл еріткіштер" (green solvents) деп жиі атап 
өтті [18-21]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет