Дипломдық ЖҰмыс 5В120100 «Ветеринариялық медицина»


Аяқ ауруларына шалдыққан сиырларды емдеу шараларының экономикалық тиімділігі



бет10/14
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#11539
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
диплом. Мариям doc

3.4 Аяқ ауруларына шалдыққан сиырларды емдеу шараларының экономикалық тиімділігі

Аяқ ауруларына шалдыққан ірі қара малды емдеу жұмыстарының экономикалық тиімділігін есептегенде алдымен осы аурулар себебінен болатын экономикалық шығындарды есептеу қажет.

Біріншіден мал өнімділігінің төмендеуі – сүттілігі, салмағының – қоңдылығының төмендеуі.

Екіншіден малды қорада күту- ақсақ мал жайыла алмайды, сәйкесінше жем шөпке және малшы еңбекақысына шығын шығады.

Үшінші шығын бағыты жұмсалған дәрі дәрмектер мен мал дәрігерінің еңбекақысы.

Зерттеу жұмыстарының барысында келесі деректер алынды:

Ауырған мал саны: 14 бас сиыр анықталдыбарлық сиырлар емделді.

Аталған шаруашылықтарда сүтті антибиотиктерге тексереді, сол себепті емделу барысында 3-5 күн бойы сиыр сүтін қолдануға рұқсат бермейді, орташа сүттілік 18-20 литр болғандықтан 3-5 күн ішінде

14х20х3 =840

немесе 14х20х5=1400 литр сүт есептен шығарылуы тиіс

Сол себептен осы шаруашылықтарда мүмкіндігінше атибиотиктерді қолданбайды, тек ауыр жағдай болғанда немесе экспериментальді жұмыс барысында антибиотиктерді қолдануға рұқсат берілген.

Емдеу шараларын жүргізген мал дәрігерінің еңбекақысы айына – 45000 теңге, 1 айда орта есеппен 25,6 жұмыс күні бар, сәйкесінше бір күнгі жалақы 1757,8 теңгені құрайды, бір күнде орта есеппен 8 сағат жұмыс істегенде 1 сағаттық жалақы 219,7 теңгені құрайды, бір ірі қара малын өңдеу үшін 30 минут уақыт жұмсалады, яғни 110 теңге қажет, фельдшер мен малшының еңбек ақысы айына 30000 теңге болғандықтан, олардың бір малға шығындалатын уақытының еңбекақысы -74 теңге болады. Жалпы еңбекақы шығыны 1 күнге – 74х2+110=258 теңге. Орташа алғанда өңдеу жұмыстары 10 күннен 21 күнге дейін созылды.

Сүттілік төмендеуінен келтірілген экономикалық зиян келесі формула бойынша шыгарылады:

32 =М * (Ө3- Өб) * Т * Б

мұнда, М - ауру мал саны, бас;

Өс жэне Өа-ауру жэне сау сиырлардың сүттілігі, л;

Т – емделу уақыты, тәулік;

Б - сүтбағасы, теңге;


Екі топ сиырларының емделу уақыты бірдей болған, тәжірибе аяқталғанша дейін, жеңіл формасында емделу уақыты 10 күн, ал ауыр формасында 21 күнге дейін созылды.

3б =4х(20 - 15)х 21х 70 =29400

3т1 =4х(20 - 15)х 21х 70 =29400

3т2 =6х(20 - 15) х 21х 70 =44100

Екі топ арасындағы айырмашылық 30450 теңгені құрады, бұл тек ауыр және жеңіл түрімен ауырған сиырлар бойынша шығарылған айырмашылық болды.

Еңбек ақыны есептеу барысы да осыған ұқсас болды

Жеңіл формасы 10 күн бойы емделді х258 теңге=2580 теңге

Ауыр формасын емдеуде 21 х258 =5418 теңге болды, топ арасындағы айырмашылық 2838теңге болды.

Жұмсалған дәрілік заттар бойынша топ аралықтарында айырмашылық 3000 теңге болды, тек 2 –ші тәжірибелік топта ұлпалық препарат – АСД -2 фракциясы қолданылды.
3.5 Шаруашылыққа сипаттама

Астана қаласынан 18 – шақырым ұзақтықтағы, Қосшы ауылында орналасқан «Асыл түлік» мал шаруашылығы.

Шаруашылықтың негізгі бағыты ірі қара, бұқа. Бұл шаруашылықта 820 ірі қара, оның 83 бұқа малы, соның ішінде 45 сауынды сиыр, қалғаны бұзаулар мен таналар.

ОҚО, Ордабасы ауданына қарасты «Текес» шаруа қожалығында 400 қой, 20 қошқар, 80 қозылар, 40 – тан астам ірі қара, 15 жылқы бар.

Қыс айларында қойларды сол шаруашылықтағы қораларда ұстайды, жаз мезгілінде жайылымға шығарады. Шаруашылықта бір мал дәрігері, 5 бақташы, 7 жұмыскер бар. Жаз мезгілінде жайылымдағы шөппен, қыс мезгілінде құрғақ шөппен және жеммен азықтандырады.

Ірі қара мал негізінен қорада бағылады, жайылым шектелген. Азығы негізінен жаз айларында көк шөп, сүрлем, қыс айларында сүрлем, пішен және құрама жем қоспасы, су қажетінше беріледі

Бұзаулар негізінен сыртта, жеке қораларда бағылады.

Шаруашылықта екі мал дәрігері жұмыс істейді, бірі негізінен сүтті ірі қара малға қарайды, ал екінші мал дәрігері тек қана қойларға қарайды, сонымен бірге осы мал дәрігері жас төлдерді бонитировкадан өткізу және малды бордақылауға жауап береді, жоспарлы алдын алу шараларын аудандық ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірге жүргізеді.



Сурет – 13 - 14. Мал қораларындағы ірі қара мал тұяқтарын қарау.


П
Сурет – 15 - 16.Ірі қара малдың пассивті қозғалысын зерттеу барысы.

Сурет – 17. Ірі қара малдың тұяғын бекемдеп, тазалау







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет