Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



бет41/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Бағалау тәсілдері

Мұғалім нәтижелерді бағалау кезінде объективті бағалау үшін қажет эмоционалды тепе – теңдікті, кез-келген деңгейдегі бағаларды жариялау кезінде ізгі ниетті, әр оқушының мүмкіндіктері мен нақты жетістіктерін ескере білуді қажет етеді. Ең бастысы, сабақта бағалау оқушыларды одан әрі ынталандырады.

1. Бағалау-бұл белгі емес.Біз тек санмен ғана бағаламаймыз, мадақтау сөздерімен, интонациямызбен, мимикамызбенде бағалаймыз.

2. Рейтинг.

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы өзіне баға қояды. Сол жұмыс үшін мұғалімде оқушыны бағалайды. Мысалы, 4/5. Мұғалімнің міндеті -оқушының өз-өзін бағалауды үйренуі, тұрақты бағалай алуы.

3. Қарызға баға қою.

Кейбір жағдайларда біз "қарызға"баға қоямыз. Тоқсан соңында оқушыларды қорыту кезінде өте жақсы деген бағаға жетпей тұрған оқушыға қосымша тапсырма беріп, «келесі тоқсан жоғары нәтиже көрсетемін» деген уәдесін алып, ынталандыру мақсатында жоғарғы баға қоямыз.

4. Ынталандыру жүйесі.

1 нұсқа. Толық бағалау.Сандық бағалаумен қатар біз оқушыға және оның жетістіктеріне деген көзқарасымызды білдіретін жазбауға дайындаймыз.

2 нұсқа.Жақсы бағалау болуы мүмкін:

- шағын хат;

- "сабақтағы жеңісі үшін", "кішкентай жаңалық ашқаны үшін", "досына көмектескені үшін" алғыс хат немесе диплом”;

-күнделікке алғыс жазу;

-кітап, сыйлық жазылған ашық хат, оқушыға арналған өлең.

Саралап оқыту технологиясы бойынша оқушыларды сынып сабақтарынан бөлек сабақтарға шақыру, яғни сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың маңызы зор. Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүрлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға , өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет