Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



бет37/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:
Төлешева Диплом тексеруге

Топтастыру

Мақсаты: эфир сөзін мағынасын ашу


эфир



эфир сөзі естігенде, көзімізге нені елестетуге болады, ойымызға не келеді? Әр оқушылар өз ойын дәптерге жазады Жұппен, топпен пікір алмасып,1 спиркер оны қоргайды.

Критерий бойынша бағалау


спикерлер




«Қосу, алу, қызықты»

Мақсаты: кері байланыс




Оқушыларға кері байланыс жасату.


Кері байланыс жасайды.

Өзін-өзі бағалайды




Өзін – өзі бағалау







Үй тапсырмасын беру

Сәйкесін табыңдар:

1/ С17Н35С00Н А. олеин қышқылы

2/ С15Н31СООН В. линолеин қышқылы

3/ С17НззСООН С. пальметин қышқыльі

4/ С17Н31 СООН Д. линол қышқылы

5/ С17Н29СООН Е. стеарин қышқылы

Жауабы:

1

2

3

4

5

Е

с

А

д

В

Жұптастыр:

А. қаныққан В. Қанықпаған
1) С17Н35С00Н 

2) С15Н31СООН 

3) С17НззСООН

4) С17Н31 СООН

5) С17Н29СООН
1-деңгей бойынша (өз бетінше)

Жаратылыстану- математика бағыты бойынша оқулықтағы материалмен толық қамтып оқып шығу



2-деңгей бойынша(сабақтан тыс)

Өтілген тақырып бойынша реферат жазу

3-деңгей бойынша(ғылыми жоба)

Күрделі эфирлер және майлар тақырыбына ғылыми жұмыс дайындау



Оқушыларға әр түрлі үй тапсырмалары беріледі. Ал жекелеген оқушылар үшін мектепте берілген тапсырмаларды орындау үшін қосымша уақыт қажет болады.




Оқулық

Күнделік


Интернет желісі

Аяқтау

Рефлексия

Сабақты аяқтап , өтілген сабақ бойынша ойларын сұрау,оқушылармен қоштасу

Оқушылар сабақ жайлы өз ойларымен бөлісіп, сабақты аяқтау







Сабақты бағалау

Сыныбы: 11

Сабақ қалай өтті?

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын құру нәтижесінде «Жүректен-жүрекке» стратегиясын қолдандым. Оқушылар бір-біріне тілектер айтып, күнінің сәтті болуына тілектестік білдірді. Одан әрі топқа жасырылған сурет бөліктері арқылы бөлдім. «Бір қадам артқа» стратегиясымен оқушыларға топтасып ойланып топқа ат беруді ұсындым. Нәтижесінде «Менделеев», «Майлар» және «Альдегидтер» топтары болды. Топ мүшелері 1-ші, 2-ші, 3-ші деңгейдегі оқушылар араласып топтасты. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Позитивті доп» страегиясын қолдандым. Оқушылар өткенді еске түсіріп, ойларын жинақтады. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, «Көбелек галереясы» стратегиясы арқылы презентация көрсетіп ой қозғап оқушыларға:

-Бұл слайдтардан не көрдіңіздер?

- Күрделі эфирлердің құрылысы қандай екен?

-Қайда қолданамыз?

-Майлардың физика- химиялық қасиеті қандай?

-Сонымен бүгін қандай тақырып өтеміз? – деген сұрақтар қою арқылы Күрделі эфирлер және майлар туралы өтетінімізді анықтадық.

Оқушылардың бір-бірімен тілдесіп, еркін пікір алмасуына жағдай туғызатын сыни тұрғыдан ойлаудың «ДЖИГСО» әдісін қолдандым. Яғни, аталған тақырыпты 3 бөлікке бөліп, оқып-үйренуді тапсырдым. Топта мәтінді талдап болғаннан кейін басқа топтарға өкілдер жіберіп олардың талдауына қатысып, бастапқы өз топтарына оралып, түсіндіруге кірісті. Мәтінді пысықтау үшін проблемалық сұрақтар қойдым. Мысалы, «Күрделі эфирлер номенклатурасы бойынша не айта аласың?» деген сұраққа оқушы А: «Күрделі эфирлердің атаулары молекулаларындағы қышқылдар менспирт қалдықтарының атынан жасалады» деп жауап берді. «ДЖИГСО» әдісі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектесетінін байқадым. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру үшін «ДЖИГСО» әдісімен әр топ өз түсінгенін басқа топқа түсіндірді. Осы әдіс нәтижесінде серіктестік оқыту пайда болып, оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге тырысты. Осы жұмыстардан соң, сергіту сәтін өткіздім. Сергіту сәтін жасау барысында оқушылардың қызыққандықтарын байқадым. Сабақты бекіту үшін «Конверттегі сұрақтар» стратегиясын қолданып әр топқа конвертте тапсырмалар бердім. Мұнда 1-ші, 2-ші, 3-ші деңгейлі оқушыларға арнайы тапсырмалар ұйымдастырдым. Бұл тапсырмада оқушылар аса қызығушылық танытты. Келесі топтастыру әдісі арқылы оқушыларға «ЭФИР» сөзін бердім. Олар химияны өмірмен, табиғатпен, косметика және техникамен байланыстырып, дәптерлеріне өз ойларын жазып шықты. Әр топтағы 1-ші деңгейлі оқушылар өз ойларымен бөлісіп, топпен пікір алмасты. Нәтижесінде оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтары артып, сабаққа одан әрі белсене араласа бастады. Келесі әдіс кері байланыс жасау мақсатында болды. Сабақ барысында тапсырманы түсінбеген, мұғалім көмегіне жүгінетін оқушыларға біршама уақыт көңіл бөлініп, тақырып толықтырылып түсіндірілді. Бұл уақытта басқа оқушылар өз ойларымен бөлісіп кері байланыс жасады. Сабақ соңында мұғалім үй тапсырмасын беріп, сабақты аяқтады. Оқшыларға әр түрлі үй тапсырмалары берілді. Ал жекелеген оқушылар үшін сыныпта берілген тапсырмаларды орындау үшін уақыт қажет болды.

Жаңа сабақты меңгеру барысында сыныптағы саралау әдістері жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік берді. Сабақ барысында қойылған әрбір сұрақ пен берілген тапсырмалардың барлығы оқушылардың білім деңгейі мен қабілетіне қарай ұйымдастырылды. Химияға қызығушылығы бар, білім сапасы жоғары, өз бетінше білім игеріп тапсырма орындай алатын оқушыларға мұғалім қадағалауымен ғылыми жұмыстар берілді. Ал екінші деңгейлі оқушыларға, үйге берілген тапсырмаларға қосымша тақырып бойынша реферат жазу тапсырылды. Төмен деңгейлі, яғни мұғалім жетекшілігімен сыныпта тапсырма орындайтын оқушылар үшін қарапайым тапсырмалар орындау ұсынылды.

Не сәтсіз өтті?

Саралап оқыту әдісі бойынша өтілген сабақ болғандықтан, оқушылар бойында қобалжу мен жүрексіну байқалды. Сондықтан да өз ойларын жеткізу барысында толық ашыла алмауы, сенімсіздік секілді сезімдер білініп тұрды. Постермен жұмыста өз ойларын дұрыс безендіре алмады



Не сәтті болды?

Оқушыларға бүгінгі сабақта қолданған саралап оқыту технологиясы ұнады. Ерекше қызығушылығын танытты. Әсіресе, жекелеген оқушыларға тиімді болды. Сабаққа ынтасы төмен оқушылар үшін де пайдалы болып, ерекеше қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, сабаққа белсене ат салысып отырды. Оны жазған рефлексияларынан, орындаған тапсырмаларынан айқын аңғаруға болады. Оқытудың бұл әдісі оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді болды. Жақсы нәтиже алуға, бағалауға тиімді жағдай туғызды.

Саралап оқыту оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерінің бірі болып табылатындығын және дарынды балаларды қолудаға көмектесетінін атап өту керек. Саралап оқыту оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың білімі мен тәжірибесі, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін оқу үдерісін ұйымдастыруды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет