1-топ
|
2-топ
|
Тапсырма1
|
Массасы 1,32г альдегид күміс айна реакциясына қатысып, нәтижесінде 6,48 г тұнба түзілді. Альдегидтің молекулалық формуласын анықтаңдар.
|
Массасы 80 г сірке қышқылының ерітіндісіне натрий карбонатының артық мөлшерін қосты. Нәтижесінде көлемі 4,48л (қ.ж.) газ бөлінді. Бастапқы ерітіндідегі сірке қышқылының массалық үлесін есептеңдер.
|
Тапсырма2
(Химияны оқытудағы білім дәрежесі жоғары оқушылар үшін)
|
Күрделі эфирлер және сабын тақырыбына оқушының жеке жұмысын дайындау.
|
Майлар тақырыбына оқушының жеке жұмысын дайындау.
|
Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Сыныптан тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірбиесін қалыптастырудың негізі болып саналады.
Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден-бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Химия сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан- жақты ізденіп ой- өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі қарай дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың барлығы мұғалімнен көп ізденісті күтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |