Айқындау экспериментінде саралап оқыту технологиясын химия курсында пайдалану мүмкіндіктері, технологияның әдістер жүйесін қолданудың қазіргі жағдайы мен ерекшеліктері зерттелді.
Саралап оқыту технологиясын оқыту процесінде қолдануға болатын әдістердің ерекшеліктері, сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері теориялық материалдарды және практикалық озық тәжірибелерді зерттеу, лабораториялық жұмыстарды өткізу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды саралап оқыту технологиясы процесіне дидактикалық талдау жасалды;
Химияны дәстүрлі оқытуды ұйымдастыру мен саралап оқыту технологиясымен оқытуды ұйымдастыруды салыстырмалы түрде талданды. Осы кезеңде оқушылардың химия сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға деген, саралап оқыту технологиясын пайдалануға деген қатынасын анықтау, деңгейлеп оқытуды қалыптастыру.
Осы мақсатты орындау үшін келесі әдістер пайдаланылды:
оқушылардың саралап оқыту технологиясының әдістерін пайдалану алдындағы күйін сауалнамалау арқылы байқау;
білім дәрежелерін байқау үшін бақылау жұмысын алу және талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |