Дипломдық жұмыс 6В01515- «Химия» Қызылорда, 2021 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Оқушыларға сауалнама жүргізу тәсілдері



бет27/70
Дата31.12.2021
өлшемі0,66 Mb.
#21376
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
Төлешева Диплом тексеруге

Оқушыларға сауалнама жүргізу тәсілдері

Көбінесе сабақтарда сауалнама жүргізу мақсаты оқушылардың біліміндегі олқылықтар мен кемшіліктерді іздеуге бағытталған. Бірақ бұл білім көрсеткіші мен мұғалімнің сабақ барысындағы қателіктерін қарастыру керек. Сауалнама барысындағы басты міндет – қолдау, көмек көрсету, үйрету.





Сызбанұсқа 4

1. Бірлескен сауалнама.

Мысалы: Тақтаға шақырылған оқушы тапсырманы орындай алмайды. Мұғалім сынып оқушылары арасынан бұл тапсырманы кім орындай алатынын сұрайды. Содан кейін өз еркімен тапсырма орындай аламын деген оқушылар арасынан бір оқушыны таңдап оған сыныптас досына көмектесіп, тапсырманы өзі орындай алатындай етіп үйретуін сұраймыз.

Немесе: біз оқушыны тақтаға шақырамыз, оған тақырып бойынша тапсырма ұсынамыз; содан кейін ол сыныптан өзіне көмектесе алатын жолдастарын таңдайды (1-2 адам), содан кейін олар барлық қажетті оқулықтарды, дәптерлерді алып, артқы үстелге барып отырады, содан кейін 15 минут дайындыққа уақыт беріледі. Дайындалып алғаннан соң оқушы оқытушыларының қатысуымен мұғалімге оқылған материалды тапсырады. Егер оқушы тапсырманы орындаса жақсы баға алады және сөзбен ынталандырады. Оқушыға көмектесуші жолдастарында бағалаймыз. Егер тәжірибе нәтиже бермесе, қанағаттанарлықсыз деген баға қойылмайды, мұғалім оқушының жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін басқа тәсілдер мен тапсырмаларды ұйымдастырады.

2. Өзара сұрақ.

Сынып ішінен "5", "4" және "3" - ке жауап береді деген оқушыларды топтарға бөліп, уш қатарға отырғызамыз. Әр қатарда отырған оқушыларға өз деңгейлеріне сай тапсырмалар ұсынылады. Егер төменгі деңгейдегі оқушы сұраққа аз уақыт ішінде дұрыс жауап берсе, онда ол екінші деңгейге ауысады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет