3. Жасырын сауалнама.
Бұл сауалнама сынып оқушыларының жартысы мұғалім берген тапсырманы орындап жатқан кезде орындалады. Яғни, тапсырма орындап жатқан оқушылардан басқа оқушылар, мұғаліммен бірге қатты дауыстамай сұрақ-жауаптан өтеді.
4. Қорғаныс парағы.
Оқушы сабаққа жиі дайындалмай келеді. Қаталдау мұғалім әр сабақтың алдында үй тапсырмасын тексереді. Егер ол тапсырманы орындамағанын мұғалім білсе жазаланады, ал егер мұғалім көңіл аудармаса тапсырма орындамаған оқушының бұл әрекеті сенімсіздік пен басқа да жағымсыз әсерлерді тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |