Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023



бет6/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант

Күрделі фразалық тұтастық – мәтін деңгейіндегі ең кіші бірлік. Предикативтік дербестік және өзіндік аяқталғандық интонациясымен ерекшеленетін сөйлем түріндегі синтаксистік бірліктің едәуір жағдайларда коммуникативтік сипаты тиянақты болғанымен, сөз ағымынан жеке алып қарастырғанда, ол өзінің коммуникативтік даралығын жоғалтатындығы байқала бастады. Ондағы айтылатын ой тек оны қоршап тұрған көршілес синтаксистік бірліктер тізбегінде ғана аңғарылатын болып шықты.
Г.Я.Солганик: «Біршама аяқталған ойды білдіріп, мағыналық және грамматикалық тұстан біріккен сөйлемдер тобы – сөз не сөйлем сияқты тілдік, бірақ өзінің құрылымы мен құрамы жағынан анағұрлым күрделі, бірлік» [17, 38] деп, ғылыми әдебиетте оған беріліп жүрген бірсыпыра түрлі атауларды келтіреді: күрделі синтаксистік бүтін, күрделі фразалық бірлік, компонент, прозалық строфа және тағы басқалар. И. Р. Гальперин де: «Сөйлем мәтін бірлігі бола алмайды. Оның бірлігі – сөйлемдердің басын өздерінен ірі бірлікке қосатын күрделі фразалық тұтастық!» [4, 67] деп оның синонимдерін ұсынады: күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін компоненті, дискурс, регистр, айтылым, прозалық строфа, синтаксистік кешен, монолог сөз, коммуникативті блок және т.б.
Қазақ тіл білімінде де мәтін бөліктері жөнінде айтылған сөздердің жаны бар. Сонау өтіп кеткен ғасырдың бірінші ширегінде-ақ А. Байтұрсынұлы орамды не өрнекті сөйлемдерді түсіндіргенде, күрделі синтаксистік тұтастық терминін қолданбаса да, ғалымның ойы осы ұғымға жуықтап келгенін көрсетеді. Одан кейін сыртқы құрылысына қарап, сөйлемдер тіркесінен тұратын күрделі синтаксистік бірлікті гартты түрде сөйлемдер қосындысы не сөйлемдер шумағы деп атауға болатындығын ұсынған [5, 48]. Бертін келе, Р.Сыздық, Н. С. Попеловтың тұтас мәтін құрылымын синтаксис тұсынан қарастырғанда, оның әрбір сөйлемін бөлек түрде емес, айтылған ортақ ой тұрғысынан талдау қажет екендігі туралы айтатынына толық қосылатындығын аңғартып, күрделі синтаксистік тұтастықтың жасалу жолдарын анықтап береді [18, 115].
Сонымен, тілші-ғалымдардың бұрыннан-ақ мәтін және сөйлем арасында дәнекер буын (промежуточное звено) бар екендігі мен мәтіннің өзара тығыз байланысқан сөйлемдер топтарына бөлшектене алатындығына көңіл аударғандығы айдан анық болды. Басқаша айтқанда, дұрыс ұйымдастырылған сөйлеу тілі негізін жеке-дара сөздер, тіпті өз алдына бөлек бір сөйлемдер де емес, керісінше, өз бетінше дербес сөйлемдерден құралған көлемді және логикалық-композициялық тұстан аяқталғандығы бар бөліктер жасайды. Бұл зерттеушілердің бәрі күрделі фразалық тұтастықтың сөйлеу бірлігі және мәтіннің ең кіші бөлшегі дәрежесін алып отырғандығын мойындайтындығын білдіреді.
Күрделі фразалық тұтастық пен абзац – мазмұн және тұрпат біірлігі. Айтылған не жазылған сөзді оқырманның автор ұсынуындағы прагматикалық жобасына сөйкес түсініп қабылдауы ондағы күрделі тұтастықтардың шекарасының айқын аңғарылып тұруымен байланысты. Тұтас алғанда, бұл – сөз актісінің синтаксистік құрылымы композициясының тілде қалыптасқан сөйлеу нормасына сәйкес болуы, яки дұрыс ұйымдастырылған мәтіннің күрделі фразалық тұтастықтарға абзац арқылы бөлінуі. Бірақ бұл жерде абзац пен күрделі синтаксистік тұтастық бір ұғым деген ой тумауы керек. Көп жағдайларда екеуі түйісіп жатса да, олардың арасында тепе-теңдік жоқ. Мәтін бойынша күрделі фразалық тұтастық бүтін бір абзацтың бөлшегі болып, кейде бірнеше абзацты көмкеріп тұруы мүмкін. Бірнеше сөйлемнен құралған абзацтар шені көбінесе күрделі фразалық тұтастықтармен сәйкес келіп жатады. Енді бірде абзац жалғыз ғана сөйлемнен тұрып, кейде тіпті бірнеше күрделі тұтастықтар басын қосып та отырады. Оның себебін И. Р. Гальперин: «Көркем мәтін түзуші шығарма жазуда оның дәлме-дәл мүшеленуін ұдайы алдын-ала ойластырып отырмайды» деп автор тарапынан іздейді [4, 50]. Абзац мәтін мүшеленуінің қағаз бетіндегі графикалық белгісі болғандықтан, ол өзі белгілеп тұрған бірліктің көлемі жағынан кішірегі не әжептеуірінде болсын мәтінге тән логикалық тұтасымды қамтамасыз етіп тұратын ондағы ойдың бастамасы, дамуы, аяқталуы сияқты бөліктері міндетті түрде орын тауып тұруы қажет. Бұған қоса, мәтін мүшеленуі тілдік емес шарттарға да байланысты. Ол – сөз түзуші мен мәтін қабылдаушы арасындағы байланыс. Сөйлеуші мәтін мүшелеуге әр уақытта өзінің түркі ойын негіздеп, тұтынушы тарапынан оның адекватты қабылдануын ойлап отырады.
Түйіп айтқанда, мәтін мүшелеу барысында тілдік фактор – мәтін нормасы (логикалық тұтасым) мен тілдік емес фактор – автор прагматикасының нұсқамы – тура келіп жатса, күрделі фразалық тұтасым мен абзац шеттері тең болып шығады. Т. И. Сильман мұндай сәйкестікті «классикалық абзац» деп атаған [19, 64]. Сонда күрделі фразалық тұтастық семиотикалық таңба болса, ондағы тиянақталған дербес ой – мазмұн межесі, ал қағаз бетіндегі тұрпат межесі – абзац, ауызша айтылуындағысы – просодикалық кешен. Мұндағы абзацтың релевантты мүшелеу қызметі семантикалық белгі ретінде жүзеге асып тұр. ал күрделі фразалық тұтастық шегі абзацпен тура келмей түссе, онда ирреллеванттылықты аңғартатын оның стильдік-композициялық қыры көрініс табады.
В. Матезиус осы айтылғандарды қорытқандай, абзацқа мүшелену процесін белгілі бір ережеге салып жасауға болмайды, мәтінді абзацқа бөлудің шын мәніндегі лайықты ұстанымдарын анықтап алу беймәлім болар, мұны қандай болмасы жағдайда да сөз түзушінің тек өзі ғана жасап отырғаны абзал, өйткені шығармадағы мағыналық үйлесім ырғағын оқырман не тыңдаушыға қарағанда, автордың өзі ғана жақсы сезіп отырады дейді [20, 57].
Қалай дегенмен, жоғарыда келтірілген пайымдаулардан мәтін ауқымындағы күрделі фразалық тұтастық пен абзац қарым-қатынастары қаншалықты қиын да сан түрлі екенін байқадық. Өйткені абзацтың композициялы-маыналық және экспрессивті-стилистикалық сипаты көрінісінде өзінше меншіктеген грамматикалық формасы жоқ. Сондықтан күрделі фразалық тұтастық мазмұн межесі, ал абзац оның сыртқы көрінісі ретінде тұрпат межесі болады деген пікір ойға саяды. Түптеп келгенде, академик Л. В. Щербаның өзіндік айрықша ерекшелігі бар тыныс белгісі ретіндегі абзац ұғымының төркіні «бір ой бітті» деген нүктені нықтап, ой жүгірту барысына мүлдем басқа бағыт үстеп беруінде деген сөзі дәл келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет