1.2 Мәтіннің құрылымы мен түрлері
Мәтіннің құрылымдық бірлігіне сөйлем, қайырым және күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Олардың арасында өзара логикалық, салдарлық жүйе және грамматикалық байланыс арқылы жүзеге асады.
Мәтіннің өзіне тән келесідей ерекшеліктері бар:
- мәтін құраушы сөйлемдер, олардың ішінара логикалық байланыс арқылы жасалуы;
- мәтін құрамындағы қайырымдардың тақырыптық, мазмұндық жағынан бағынышты болуы;
- мәтіннің түрліше болып келу.
Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады және жеке, дара маңызды бөліктерге бөлінеді. Әр бөлігі жаңа жолдан, яғни азат жолдан бастау алады. Бұны азат жол деп атайды. Азат жол мәтінде композициялық-мағыналық және стилистикалық қызмет атқарады. Мәтіннің мүшеленуі хабарлау бөліктері байланыстыратын мәтін түсіну үшін қажет. Бірінші жағдайда прогматикалық негізі, екіншісінде сбьективтік-танымдық негізі арқылы байқалады. Тақырып мәтін мазмұнының сараланып, қорытылған мағыналық өзегін, түйінін аңғартады. Байланыстылық-мәтіннің үшінші бір қасиеті. Ол оның мүшелену белгісімен сөйкес келеді. Байланыстылықтың негізін мәтіндегі сөйлемдердің қатысымдық сабақтастығы құрайды. Мұнда келесы сөйлем алдыңғының белгілі бер бөлігін ала отырып құралады. Мәтіннің байланыстылығын сөз тәртібі үлкен роль атқарады. Мәтін талдауы: 1. Мәтін тақырыбан анықтау. 2. Мәтін неше қайырымнан тұратындығын ажыраты. 3. Әңгіменің кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімін ажыраты. 4. Мәтіннің жағын, шағын анықтау. 5. Әңгіме мәтіннің түрын анықтау. 6. Мәтін қандай стильде жазылғанын дәлелдеу. Мәтіннің мынандай түрлері бар: хабар, сипаттау, пікір айту. Стилистиканы оқытуда тілде теориялық оқыту әдістері: әңгіме, баяндау, түсіндіру, оқулықты түсініп оқу т.б. падаланылады. Стилистиканы оқытуда теориялық-практикалық әдістер қолданылады. Олар стильдік талдау редакциялау, стильдік эксперимент, бақылау және салыстыру т.б. Стилистиканы оқыту мақсатына қарай әдісі екі топқа бөлінеді:
Стилистикалық байлықтарын мәнін үйретуге байланысты.
Әдеби тіл стильдерінің жұмсалу қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мәтіннің стилін анықтау – ресми стиль, ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стилдерін ажырата білуіміз қажет. Оқушыларға стильдің түрлерін анықтауда үйретуге қиындық келтіретін тақырыптың бірі-көркем әдебиеттің стилі.
Стильдік талдау оқушыларды тілдік құбылыстарды тілдің қыры мен сыры анық біліп, ажырата алуға үйретеді. Ұсынылған мәтінді толықтырып жазуға үйретудің де өзіндік ерекшелігі мен жолдары болады. Мұнда стилистикадан білімі мен дағдының болуы маңызды ... Білім алушылар алған білімдерін өзінің практикасында қолдануы мақсат етіледі және ол екі бағытта жүргізіледі.
стильдік қатені түзеу;
редакциялау мен қайта жетілдіру [10, 49].
Мәтінді құрастыруға жаттықтыру үш тәсіл арқылы жүзеге асады. Олар:
лексикалық ерекшелік;
морфологиялық ерекшелік;
синтаксистік ерекшелік арқылы іске асады.
Білім алушыны шығарма жазуға немесе әңгіме құрастыруға үйретуден алдын мәтінді құрастыра алу икемділігі мен дағдысын қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін: ғылыми әдебиеттер негізінде мәтін ерекшеліктерін анықтау ашу; мәтін құрылымын ашу; мәтін жасаушы, мәтін құраушы элементтердің, сөйлем қайырым ерекшеліктерін көрсете білу; мәтін түрлері жайлы ақпарат беру; мәтінді құрастыру жайлы икемділіктерін, дағдыларын жаза алу шеберлерігіне ұластыруы тиіс.
Сондай-ақ қатар жоғарғы сыныптарда тіл туралы білімдері мен көркем әдеби мәтін туралы түсініктермен байланыстырып, жазбаша сөйлеу шеберлігі менмәдениетін арттыру әдістемесі қойылады.
Тіл білімі ғылымында мәтін табиғатын ашуда екі түрлі пікір қалыптасқан: бірі мәтіннің өзіндік қасиеттері мен категорияларынан тұратын нысан есебінде емес, мәтінді құрайтын сөйлемдердің қасиетіне байланыстық деп таныса, екіншілері өзіндік ерекшеліктеріне ие құрылым қосындысынан тұрады деп есептейді, арнайы мәтін теориясын қалыптастырудың қажеті шамалы, егер де ол толық болып жатса, грамматикалық сөйлемнің өздері мәтіннің бар құбылыстарына жауап бере алады. Дегенмен де ғалымдарымыздың біразы мәтінді жеке категория есебінде қабылдап, оның өзіндік ерекшеліктері болады деп есептейді [11, 124].
Талдау жұмысын жүргізу барысында келесідей мәселеге де көңіл аударылғанын байқадық. Мәтін құрылымын анықтай отырып, оған тілдік құралдарының қолдану ерекшеліктері бойынша мынадай жұмыстар жүргізіледі.
Екі мәтінді салыстыру: а) NO 1 мәтін арқылы қарым-қатынас неше кісінің арасында жүргендігін анықтау; ә) No 2 мітін қарым-қатынас арқылы қатынасқан кісілердің санын ажырату; б) әр кісінің айтқан ойын белгілеу; в) NO 1, NO 2 мәтін түрлерін ажыраттыру; г) терминдердің мәні арқылы қай ғылымға жататын мәтін екендігін анықтау т.б.
Ал, мектеп оқушыларында ауыз екі тіл мен жазбаша тілдің ерекшелігі ең алдымен, мәтінді тұтас түрде түсінуге, сол арқылы оның сөйлеу нәтижесі екендігіне бағытталуы тиіс. Қазіргі қолданылып келе жатқан бағдарлама, оқулық және оқу құралдарында мәтін дегеніміз не екендігі туралы тиянақты пікір жоқ. Мысалы, мәжілісте сөйлейтін сөзінің нұсқалы мәтін, сөйлемнің жазбаша түрі де мәтін, жазушының шығармасы да мәтін оқулықтағы орындауға берілетін жаттығу да мәтін болып беріледі [12, 63].
Айтылған ойдың аяқталғандығын мәтіннің мағыналық тұтастығымен тығыз байланысты. Г.Я.Галпериннің пікірі бойынша ойдың жинақтылығы деген ұғым тек тұтас сөйлеу туындысы мен үлкен мәтінге ғана қатысты [4, 117].
Яғни көптеген мәтіндерде, әсіресе ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіндерінде байланыстың паралельді деген екінші бір түрі жай қолданылады. Байланыстың бұл түрінде сөйлемдер тақырып бірлігі мен жинақталады. Алайда олар сөйлемдерге қатысы жағынан өзінің дербестігін сақтайды.
Күрделі фразалық тұтастық – мәтін деңгейіндегі ең кіші бірлік, ал күрделі фразалық тұтастық пен абзац – мазмұн және тұрпат бірлігі. Сондай-ақ мәтін (дискурс) мазмұнының ондағы мағына жағынан біртұтас ой білдіруші бірліктер – күрделі фразалық тұтастықтар және синтагмалар арқылы қабылдануы мен осы процестегі интонациялық құралдардың қызметі туралы ғалымдарымыз тұжырымдамалар жасаған.
Мәтіннің біртұтастығы, ойдың жинақы әрі аяқталғаны оқырмандарға тұжырымды, нақты, түсінікті жеткізуде автордың өзінің ұсынған ақпаратына қатысы барын, яғни оның көзқарасын, ойын, сезімін білдіріп, тілдік құралдарымен қабаттаса сезілетіні, оларға қосымша мағына үстейтін амал-тәсілдердің көрінетіні де ерекше. Осындай жағдайлар тіл жүйесінде өзгеше деңгейдегі тәуелсіз құбылыстар ретінде мәтіннің бірліктерімен қатар жүруі арқылы мәтінді түзуші коммуникативті ойларының жүзеге асуы, яғни оқырман мен автор арасына дәнекер бола алатын, тыңдаушылары шығармаларды ешбір қиындықсыз әрі толыққанды қабылдай алуына қызмет атқаратын суперсегментті құралдары деп айтылады. Зерттеуші З.М.Базарбаева өз еңбегінде суперсегменттік деңгейі есебінде саналатын интонацияның да көрініс беретін жерін мәтін деп түсіндіреді: «Жазба тілінде шығармашылық үдеріс әрбір автор немесе әрбір жазушының жазып отырған мәтінін немесе жазба тілін де ритмикалық топқа бөледі де интонациясын есітіп отыратыны да табиғи жайдай», - деп есептейді [15, 4].
Қазіргі кезде интонацияның мәтін мен сөйлем құрудағы қызметі айқындалады және тілдік бірліктері мен зерттеу негіздері белгілі бола бастайды. Интонация бірліктерінің мәнін зерттеп талдаудың, мағыналық құрылымдарын айқындаудың мәні ерекше. Сөйлеу тілі өзге бірліктер секілді мәтінді интонациялық тұсынан қарастырған жағдайда оның бүтін бір тұтастығы байқалады. Интонация функциялары мәтіннің құрылымына сәйкес, ондағы мазмұндық, мағыналық мақсаттарына орай ішінара мағыналық сәйкестерінің сақталған бөлшектеріне бөлуде және сонымен бірге шығарма мәтінінің желісін түгелдей қамти отырып, мәтін бөлімдерінің бір мағынаны беруіне де өз үлесін қоса алады.
Мәтін құрылымына, жасалуына қызмет атқаруда әрі сондағы айтылатын сөздердің коммуникативтік мағынасы мен эмоциялы-экспрессивтік қырын анықтау барысында сөз әуенінің (мелодика) төмендеуі мен жоғарылауы, сөз бөлшектері белгілі бір кезеңде ұзақтығы, сөз ағымында кідіріс жасауы, айтылым бірліктерінің ерекшеленіп тұрғыландыру қарқыны мен адам көңіл-күйінің жеткізу барысындағы тембрі секілді интонациялық компоненттері ерекше болып келеді. Олар белгілі бір дәрежеде просодикалық тәсіл деп те аталып келеді.
Қазақ мәтініндегі интонацияны, яғни оның сөйлеу тіліндегі көріністерін: оның компоненттерінің мәтін бөлшектерінде, олардың ара-қатынасы мен өзара байланысуында алатын орнын және басқа да қыр-сырын мүмкіндігінше жан-жақты тексеріп, анықтау қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақ тілінің түрлі синтаксистік құрылымдарында интонация және оның единицалары мен компоненттері өзара әрқилы күрделі қатынастарға түсіп отырады. Оның мәтін сегменттеуінде, яки мәтін бөлшектерінің семантикалық құрылымының топтарына бөлуде, сонымен қатар олардың бір-бірімен байланысуының да өзіндік мәні ерекше. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік құрылымдардың аяқталған-аяқталмағандығы, олардың пауза арқылы бөлінуі, интенсивтілігі, тональды диапазоны мен деңгейі ондағы айтылған ойдың мазмұнына тікелей қатысты болады.
Осыдан 40-50 жылдай бұрын зерттеушілер көшбасын сөзжасам лингвистикасы бағытына бұрғаны белгілі. Бұл бағыт өзінің объектісі ретінде сөйлеу мен жазу әрекеттерін және солардың өнімі болып табылатын мәтін құрылымын, оның құрамдас бөліктерін, олардың өзара байланысу ерекшеліктері мен түрлі сегменттерге мүшеленуін функционалдық тұрғыда қарастыруды көздейді.
Мәтіннің лингвистикалық құрылымын зерттеу жұмысын оның құрамдас бөліктерін іріктеп, саралап алудан бастау керек. Қандай болмасын мәтіннің мүшеленуі – санадағы ойдың ірілі-ұсақты бөлшектер ретінде беріліп, автордың эстетика – философиялық ішкі тұжырымдамасын (концепциясын) бейнелейтін өздігінен қыры мен сыры мол да күрделі процесс. Ол ақиқат немесе ой-қиялдағы шындықты бөлшектеу болып табылады. Өйткені кез-келген мәтін – ақиқат шындықтың әйтеуір бір үізігін (фрагментін) бейнелеуші тәсіл. Онымен қатар, мәтіннің мүшеленуі айналамыздағы қоршаған ортаның адам санасындағы көріністерінің ерекшеліктерімен де байланысты.
Мәтін мүшеленуі мен оның бөлшектерін жіктеу-зерттеушілер назарын үнемі аудартып отыратын мәселелердің бірі. Кейбір ғалымдар оның көлемді-фрагматикалық және контексті-вариативті мүшеленуін айтса [16, 63], енді бір тілшілер - көлбеулі (линейный) және көлбеулі емес [17, 45], басқаша айтқанда обьективті және субъективті сигментация түрлерін айтады.
Мәтін адам санасыныан тыс өмір сүретін шынайы дүниедегі байланыстарды бейнелейді деп, И. Р. Гальперин оны негізгі мәтіндік категория ретіндегі ақпараттылық категориясымен байланыстырады [4, 57]. Оның тек мәтінге ғана тән екендігін айтып,, ақпарттың мазмұнды-концептуалды және мазмұнды-фактуалды екі түрін белгілеп көрсеткен.
Мүшеленудің осы түрімен қабыспалы қалыпта айқасып (перекрещиваться) көрініс беретін контексті-вариативті түрі сөйлеу актісінің 1) автор сөзі; 2) баяндау; 3) табиғат, кейіпкер бейнесі мен бет әлпеті, жағдаят, әрекет жағдайы мен орнын суреттеу; 4) автор пайымдауы; 5) бөтен адам тарапынан шыққан сөз; 6) автор түсініктемелері енген диалог сөз; 7) төл сөз сияқты бірліктерін ажыратады. Осы тұста оқырман хабарланып отырған оқиғаларды «маңайлап» (приближениие), өзін сол болып жатқан құбылыстар қатысушысы сезінеді. Бұл, әсіресе, авторлық баяндаудың диалогқа ауысып, қабылдаушыны кейіпкердің әңгіме-сұхбатына тартудағы оның эмоционалдық күйінің кернеуінен (напряжение эмоционального состояния) шығып, тасыпғ сөйлеушілердің өзара сөзін іштей тыңдауға мәжбүр болуынан байқалады. Бұл жердегі И. Р. Гальперин беріп отырған сөз бірлігінің конституэнттерге осылай бөліну көрінісі мәтіннің дискурстық мүшеленуімен мазмұндасып жатыр.
Тіл мен ойлаудың ғасырдан ғасырға ұласып жатқан дамуы барысында сөйлеудің экспрессивтік, оған қоса үнемді де нақты әдіс тәсілдері мен нобайлары (схема) және сөз құрылымдары бар мүмкіндігінше шыңдалып қалыптасқан. Сондықтан да ежелден бері лингвистикада сөйлеудегі оның мақсаты мен мағынасына байланысты қисынды-мағыналық (функционально-смысловый) типтері деген атауымен үйреншікті болып кеткен баяндау, суреттеу, пайымдау сияқты маңызды да мазмұнды компоненттері жіктеліп көрсетілген. Сөйлеу актісін осылай бөлу ХІХ ғасыр шешендік өнер (риторика) өкілдерінің еншісінде.
Мәтін мүшеленуінің бұлардан да басқа жолдарын анықтап, негізінен, мәтінді синтаксистік тұрғыдан зерттеуге арналған еңбектерде келтірілген әдістерге тоқталсақ, оларды төрт топқа бөлуге болады: сөйлем мүшелері қабаты, сөздің актуалды мүшелену қабаты, айтылымның ырғақты мүшелену (фразировка) қабаты, қыстырма енгізулер (парентетикалық) қабаты.
Бергі 20-30 жыл бойында мәтін мүшелеудегі оның ең кіші бірлігін анықтауға арналған еңбектеріндегі пікірлердің басым көпшілігінде сөйлемнен де көлемді бірліктің бар екені аңғарылып, сөйлем зерттеудегі оның шегінен ілгері көш асуында. Бір сөйлем шеңберіне сыймайтын құбылыстардың бар екендігі өткен ғасырдың орта шеніне таман көзге түсе бастағанға ұқсайды. Түгеліне жуық еңбектерде сөйлем табиғатының мәтінмен байланыстылығы айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |