Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023



бет9/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант

Адам, жануар, зат, құбылыс

Осы тапсырма арқылы білім алушылар сөздерді тіркестіре алуға дағдыланады.




ә) Сөздің көпмағыналығын түсіндіру тәсілі;
1-тапсырма. Сыртқа шықсақ даланы қараңғылық басыпты. Көңіл қараңғылығын кім ашады, кім сәуле шашар екен?

Жоғарыда берілген сөйлемдерден «қараңғылық» сөзінің мағынасын ажыратып көріңіз.


2-тапсырма. «Қараңғылық басыпты» сөз тіркесіндегі «қараңғылық» сөзінің мағыналық жағы «көңіл қараңғылығы» тіркесімен сәйкес келеді ме?


Мұндай тапсырмалар сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы жайлы білімдерін толықтырады.


3-тапсырма. «Қараңғылық» сөзін төмендегі сөздердің қайсысымен тіркесе алатынын түсіндіріңіз.


Тау, жолдас, жануар, түн.

Осындай тапсырмалар білім алушылардың сөздерді дұрыс әрі орынды қолдана алу дағдыларына жетелейді.


Қорыта айтқанда, білім беру жүйесінде оқу бағдарламасына байланысты жүргізілетін пәндік сабақтары білім алушыларға білімнің сан түрлі салаларынан ақпаратты беруімен бірге, олардың сөздік қорын да дамытып, игерген сөздерін өзінің мағынасында орынды, дұрыс қолдана алуға дағдыландырады.


Білім алушының сөз бен сөз тіркестерін орынды қолданылуы жайлы мәліметті біліп қана қоймайды, сонымен қатар олардың ойлау қабілетін де дамытады.
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуы үшін бірнеше шарт орындалады. Оларға білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды жүйелі жүргізуі, яғни шығармашылық әрекет жағдайында болуы тиіс және ойлаудың ең жоғарғы шыңына жетуі қажет.
Нәтижеде, мынадай тұжырым жасауға болады:

  • оқушының психофизиологиялық ерекшеліктерін бақылау, оның деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;

  • оқушының осы қабілеттерін дамыту және жаттықтыру жұмыстарының нәтижесінде деңгейлері көтеріледі;

  • осы тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданып, оқушының пәнге қызығушылығы арттырады;

  • оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

  • оқушылардың логикалық ойлауы шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады. Нәтижеде сөздік қоры толығады [29, 68-69].

Сөздің нақты мағынасын сөйлемнің мағыналық қызметінен ажырата аламыз. Өйткені жеке тұрғандағы мағынасы сөйлем ішіндегі сөзбен тіркесуіне қарай өзгеше болып қолданылуы да ықтимал. Қазақ тілінде мұндай жағдайлар жиі кездесіп жатады. Ана тіліміздің синтаксистік құрылысының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Мәселен, сын есім сөйлемде пысықтауыштың қызметін атқарған жағдайда үстеудің сұрағына жауапты береді. Кейде керісінше үстеуіміз сөйлемде анықтауыштық қызметте болып сын есім сұрағына жауап беріп жатады. Сөз мағыналарының осылай өзгерісі сөйлемдегі сөздердің орнына байланысты болып келеді. Сондай-ақ сөздер өзінің түпкі мағынасын бермей, ауыспалы мағынасында қолданылуы да ықтимал. Осындай жағдайлар көркем шығарма мәтіндерінен алынған үзінділерде жиі орын алады. Сабақта қолданылатын мәтіндер ғылыми тұрғыдан сұрыпталып алынғаны абзал, содан кейін мәтінмен жүргізілетін жұмыстың кезеңдерін келесідей етіп бөлуге болады:
- мәтінмен жұмыстың алдындағы кезеңі;
- мәтінмен жұмыс барысындағы кезең;
- мәтінмен жұмыстың соңындағы кезең.
Алғашқы кезеңдегі орындалатын жаттығу жұмыстары сабақ тақырыбына, мәтіннің мазмұнына қарай келесідей жұмыстың түрлерін жүргізуге болады: тілдік материалдарға шолу жасау, сөйлесім әрекеттерін дифференциялау, мәтіннің түрін ажыра білу, семантизациялауға жаттықтыра білу, т.с.с. түрлі құрылымдық материалдарды меңгерту.
Екінші кезеңде мәтін негізінде тілдік материалдар мен құрылымын транформациялау бойынша жаттығу жұмыстары орындалады. Сонымен қатар мәтіннің ішінен қажетті мәліметтерді бөліп алу, ажырата білуіне машықтандыру жаттығу жұмыстарын түрлі әдіс-тәсілдермен орындатуға болады. Атап айтар болсақ: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу; мәтін мазмұнын жүйелі баяндау, жоспарын құра білу, оқиғалар желісін топтастыру; негізгі ой мен жанама ойды ажырат білу, қорытынды шығара білу. Осындай жұмыс түрлері оқыған мәтіннің мән-мағынасын толық түсінуіне арналады.
Мәтіннің мағынасын толыққанды түсіну деген не? Бұл сұраққа жалпылай жауап қайтарсақ, білім алушылар мәтін мазмұнын толық түсінуі үшін алдымен мәтін ішіндегі жеке сөздердің мағынасын ажырата білуі тиіс. Әрбір жеке сөздеріміз түсінікті болған жағдайда мәтін мазмұнын да тұтастай ұғады. Мәтіндеріміз түрліше болып та келеді. Сөздердің дара тұрғандағы мағынасын кейде мәтіннің ішіндегі мағынасымен сәйкес келе бермейтін жердерінің де болатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Сол себептен де мәтіндегі ойды, пікірді, көзқарасты дұрыс ұғынуы үшін ондағы берілген сөздерінің тура мағынасымен бірге ауыспалы мағыналарының да болатынын білуі керек [30, 74].
Мәтіннің соңынан жүргізілетін жұмыс кезеңіне мәтін мазмұнындағы басты элементтері мен танымдық құндылықтарын айқындауға арналған жұмыс түрлері, мәтіннің идеясы мен автордың айтар ойын анықтауға арналған жұмыс түрлері де жатады. Мәтін мазмұнындығы қорытынды пікірді білім алушының өзіндік көзқарасы бойынша айтқызуға да мүмкіндік берілуі қажет-ақ. Себебі білім алушының өзіндік көзқарасының, өзіндік пікірінің болуына септігін тигізеді. Тілді меңгертудегі басты талаптың бірі осы деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет